VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы): Бүйрек және несеп шығару жолдары ауруларымен ауыратын науқастар қандай шағым айтады?
Белгілі бір уақыт аралығында бөлінетін несепті қалай атайды?
Олигоурия дегеніміз не?
Анурия дегеніміз не?
Полиурия дегеніміз не?
№9
І) Тақырыбы: Несеп шығару жүйесі ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызы.
ІІ) Мақсаты: Несеп шығару жүйесі ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызымен таныстыру.
ІІІ) Дәріс тезистері: Дәрігер үшін несепті зерттеу өте маңызды, себебі бүйрек пен несеп шығару жолдарындағы патологиялық үдерістер несептің қасиетіне әсер етеді. Зерттеуді таңертең, жыныс мүшелерін тазалап алғаннан соң таза ыдысқа алады. Ересектерде тәуліктік диурез 800-1500мл көлемінде, күндізгі диурез бен түнгі диурез қатынасы 3:1 тең.