Радиоиммундық зерттеу
Қанның құрамындағы гормондарды анықтайтын әр түрлі әдістер бар. Олардың ішінде радиоиммундық зерттеу әдістері соңғы жылдары кеңінен қолданылуда. Зерттейтін затымызға (антиген) алдын ала антиденелер дайындалады. Антигенді йод-125 немесе йод-131 мен таңбалап, антиденеге қосамыз. Осы қосындыға науқастың қанының сары суын қосамыз, ол таңбаланған антигеннің орнына таласады. Анықталып отырған затымызда неғұрлым гормондар көп болса, соғұрлым антиген-антидене кешеніндегі радиоактивті белгілер босайды. Одан соң антиген-антидене кешендерін бөлектеп алып оның радиактивтілігін өлшейді. Ол неғұрлым аз болса,соғұрлым антиген көбірек болады. Бұл әдіспен инсулиннің, тропты гормондардың, кортикостероидтардың мөлшерін өте дәл анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |