Жіті қан жоғалтудан болатын анемиялар себебіне қан тамырын зақымдайтын жарақаттанулар, жатырдан тыс жүктілік, босану кезіндегі баланың жолдасы бөлінуінің кідіруі, сол сияқты асқазан және ұлтабардың ойық жарасы, ішкі ағзалар өспелерінің ыдырауы, өкпе абсцессі және туберкулезі, бронхоэктаз ауруы, бауыр циррозы, геморрагиялық диатездер жатады
Клиникалық көрінісі. Ішкі ағзалардан қан кетудің бірден-бір белгісі қан құсу: өңештен ашық қызыл, асқазаннан кофе түстес; қан қақыру, нәжіспен қанның шығуы. Науқастар бірден әлсіздікті, бас айналуды, көз алдының қарауытуын, құлақтың шуылдауын, жүрек қағуын, жүрек айнуын, сирек – құсқысы келетінін сезеді. Қарағанда науқастың өте бозарғаны: дене терісі суық жабысқан тердің бөлінуі, температурасы төмендеуі көңіл аудартады. Пульсі жиі, аз толымдылықта және жұмсақ. Артериалық қысымы, систолалық та, диастолалық та төмендеген. Жүрек аускулътациясында тахикардия байқалады.
Ағымы. Патологиялық және компенсаторлық өзгерістер үш фазаға жіктеледі. Басында олигемия болады. 2-3 күні тіндік сұйықтықтың келуіне қарай, тамырларда гидремия туындайды. 3-7 күннен кейін эритропоэздің кенет белсенуі байқалады.
Емі. Бірінші кезекте қан кетуді тоқтату. Осымен бірге шок пен коллапстың, сонымен қатар қан тапшылығының алдын алу: қан және қан алмастырғыштар құю, жүрек және тамырлық дәрілер енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |