|
Байланысты: vdm mpd kzТесттер:
1.Науқастың ауру тарихы:
медициналық құжат
жеке құжат
заңдылық құжат
қаржылық құжат
статистикалық құжат
2. Науқасты тексерудің объективті әдісіне жатпайды:
сұрастыру
пальпация
перкуссия
аускультация
қарау
3. ... жалпы қарау ережесіне жатпайды.
Науқасты толық шешіндіріп 2 – 3 метр қашықтықтан қарау
Жарық науқастың алдынан не қырынан түсуі
Бөгде шудың болмауы
Мүмкіндігінше науқасты күндіз қарау
Науқасты белгілі бір ретпен қарау
4. Науқасты жалпы қарау кезінде анықталмайды:
Жүрек аймағындағы өзгерістер
Дене пішіні
Төсектегі қалпы
Ес-санасы
Тері және көзге көрінерліктей шырышты қабаттар
5. Перкуторлы дыбыс ... қатты шығады.
ауалы мүшелерден
сұйыққа толған қуысты мүшелерден
тығыз мүшелерден
мүшелер қабынғанда
тіндер терендiгiне
6. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы:
сұйыққа толған қуысты мүшелерде
перкуторлы дыбыс амплитудасы жоғары болғанда
кеуде айтарлықтай қалыңдаса
перкуторлы дыбыс амплитудасы төмен болса
ауалы мүшені перкуссиялағанда
7. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеспейдi:
ауалы мүшені перкуссиялағанда
тығыз мүшені перкуссиялағанда
кеуде айтарлықтай қалыңдаса
сұйыққа толған қуысты мүшелер
перкуторлы дыбыс амплитудасы төмен болғанда
8. Перкуторлы дыбысты төмендететін негізгі әсер:
қабынғаннан мүшенің тығыздалуы
дыбыс толқындары амплитудасы төмендеуі
мүше тығыздығы
кеуденің айтарлықтай қалыңдауы
кеуденiн жұкаруы
9. Перкуторлы дыбысты күшейтетін негізгі әсер:
мүше ауалылығы өсуі
кеуде айтарлықтай қалыңдаса
кеуденің жұқаруы
сұйыққа толған қуысты мүшелер
кеуденiн жукаруы
10. Тұйық перкуторлы дыбыс:
дыбыстың әлсіреуі
дыбыстың қысқаруы
дыбыстың биіктеуі
дыбыстын жоғарлауы
дыбыс кушейуi
11. Аускультацияда оң өкпенің барлық бетінен үнді крепитация және әлсіреген визикула тынысы естілсе, ол ... тән :
крупозды пневмонияға
созылмалы бронхитке
ошақты пневмонияға
экссудативті плевритке
бронхоэктазиялық ауруға
12. Іріңсіз өкпе қуысы үстінде естілетін тыныс:
амфоралық
қатқыл
бронхиальды
әлсіреген везикулярлы
везикулярлы
13. Сырылдардың плевраның үйкеліс шуы мен крепитациядан айырмашылығы:
жөтелден соң естілмейді
тек ішке демалғанда естілуі
құлақ тұсында үйкеген шаш дыбысы тәрізді
аяқ астындағы қар сықыры тәрізді
тек ішке демалғанда естілуі
14. Плевраның үйкеліс шуының сырылдарымен крепитациядан айырмашылығы:
ауыз бен мұрынды жауып тыныс қимылдарын жасаған сәтте естілуі
жөтелден соң дыбыстың естілуі
стетоскопты басқанда әлсіреуі
тек іштен дем шығару кезінде естілуі
тек ішке демалғанда естілуі
15. Крепитация естілуі:
альвеолдарда сұйық сөл жиналғаннан
бронх кілегей қабы ісінгенінен
бронх өзегінде сұйық не қоймалжың сөл жиналғаннан
бронх өзегі жабысқақ сөлмен тарылғаннан
бронх бұлшық еттері түйілгеннен
16. Ылғалды сырылдар пайда болуы:
бронхтар өзегінде сұйық не қоймалжың сөл пайда болғаннан
бронх өзегінде жабысқақ сөл пайда болғаннан
бронх кілегей қабының ісінгенінен
бронхтар бұлшық еті түйілгеннен
альвеолдарда сұйық жиналғаннан
17. Құрғақ сырылдар түрі:
дискантты
консенделінбейтін
ұсақ көпіршікті
ірі көпіршікті
консонирлі
18. Құрғақ сырылдар пайда болуы:
бронх өзегі кеңейгеннен
бронх кілегей қабының ісінгенінен
бронх өзегінде жабысқақ сөл пайда болғаннан
бронх өзегі тарылғаннан
бронхтар бұлшық еті түйілгеннен
19. Амфоралық тыныстың естілуі:
өкпе абсцессінде 2 – і сатысында
тыныс демікпесінде
крупозды пневмонияның 2 – і сатысында
плевритте
пневмоторакста
20. Везикулярлы тынысты әлсірететін ең басты себеп :
альвеолдардың эластикалық қасиетті әлсіреуі
кілегей қабат қабынғаннан ұсақ бронхтар өзегі туралы
бронхтар түйілуі
бронх өзегінде сұйық сөл бөлуі
бронхтарда жабысқақ сөл бөлуі
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|