Кандидоз - шартты – патогенді ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар туындататын ауыру.Ашытқы саңырауқұлақпен – терінің шырышты қабығы, тырнақ, тырнақтың көбесі, еріннің қызыл жиегі, ауыз қуысы, терінің жазық жері, әсіресе ірі қатпарлары зақымданады.
Кандидоз - шартты – патогенді ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар туындататын ауыру.Ашытқы саңырауқұлақпен – терінің шырышты қабығы, тырнақ, тырнақтың көбесі, еріннің қызыл жиегі, ауыз қуысы, терінің жазық жері, әсіресе ірі қатпарлары зақымданады.
Кандидозбен шырышты қабықтың зақымдануы. Бұл ауру өте кең таралған, көбінде ауыз қуысының шырышты қабығында стоматит, глоссит, ангина түрінде кездеседі. Жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы апталарында көп кездеседі, ересектерде-өздерінде бар жалпы аурудың асқынуынан шығады. Тілде, жұмсақ таңдайда, ұртта ісінген, қызарған ақшыл жұқа қабық пайда болады. Олар біртіңдеп қосылып, тұтас қабық түзіледі. Алғашында қвбығы жеңіл алынады, бірақ созылмалы кезінде ол жабысып, кірленгендей болып қалады, алынған соң қанағыш сыдырылу байқалады. Ересек әйелдерде және кішкентай қыздарда қынаптың шырышты қабаты зақымдануы мүмкін. Ісінген, қызарып тұрған қынаптың кіреберісінің шырышты қабатында, жатырдың мойнында ақшыл-сұр, қиқымды немесе тұтас қабық пайда болады және ерекше сұйықтық ағады. Қатты қышиды, қайталауға бейімділік көрсетеді.
Candida albicans
Әсер етуші факторлар
эндогенді
экзогенді
Зат алмасуымен байланысты аурулар:(Дисбактериоз, колит, семіздік қантты диабет)
Қан аурулары
Авитаминоз
Созылмалы инфекциялық аурулар
Вегетодистония тердің көп бөлінуі, ұзақ уақыт глюкокортикоидты гормондарды, антибиотиктерди, иммунодепрессантты және химио препараттарды қабылдау.
Тері және шырышты қабатқа әсер ететін химиялық заттар
Ауада саңырауқұлақ спораларының сақталуы
Терінің травмалық зақымдануы
Рационды емес гигиеналық режим
Иондық сәулемен
Ыстық климат
Тері кандидозының жіктелуі
Тері кандидозы Жыныс мүшелерінің терісінің кандидозы “Белдемелі” кандидоз Вульвит Баланит, баланопостит Интертригинозды кандидоз Тері қатпарының кандидозы Саусақ аралық кандидоз Кандидозды фолликулит Тырнақ және тырнақ көбесінің кандидозы Жөргекті дерматит