Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі
Балалар аурулары кафедрасы
«Бекітемін»
ОӘжТЖ жөніндегі проректор, м.ғ.д., доцент
________________________М.У. Анартаева
« ____» _________________________2009 ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
____________Балалар аурулары_________________ пәні бойынша
(пәннің аты)
_____051102_-Педиатрия______________мамандығына арналған
(нөмері мен мамандық атауы)
7 курсы
ХIII-XIV семестр
Тәжірибелік (семинар) сабақ - 792 сағат
Өздік жұмыс - 396 сағат
Жалпы сағат - 1188 сағат
Емтихан Жартыжылдық аттестация - XIII cеместр
Қорытынды жылдық аттестация - XIV семестр
2009 ж.
Жұмыс бағдарламасы «Педиатрия» мамандығы дәрігер-интерн педиатрларды дайындау үшін интернатураның Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жасалған, Астана, 2007 ж.
Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ң клиникалық пәндер бойынша Орталық әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланып бекітілінген.
“____”_______2009 ж.
Төрайымы _________м.ғ.д., доцент Саркулова С.М.
ОҚМФА-ң Орталық әдістемелік Кеңесте мақұлданған
“___”_______2009ж. Төрайымы___________м.ғ.д., доцент М.У.Анартаева
III. Жұмыс бағдарламаның мазмұны:
Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Пән оқыту мақсаты:
Мамандандырылған дәрігер-педиатрды кәсіптік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес, диагностикалық, емдік, реабилитациялық және алдын алулық орындарда өз бетінше жұмыс жасауға дайындығы мен біліктілік дәрежесін арттыру.
1.2. Пәннің оқыту міндеттері:
Ішкі ағзалар патологиясы бар науқас балаларға тексеру жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларын толтыру;
Балалардағы әртүрлі аурулардың қазіргі заманғы аспаптық, зертханалық және диагностикалық тәсілдерді интерпретациялауды үйрету арқылы интерндерде білім деңгейін тереңдету;
Балалардағы аурулардың дифференциальды диагностикасын үйретуде білім деңгейін тереңдету;
Кәсіби дайындық деңгейі мен өзіндік тәжірибелік іс-әрекеттерге дайындық дәрежесін жоғарылату;
Дәрігер-интерндерге ағымды дәрігерлік медициналық және тіркеу-есеп беру құжаттарының мазмұнын оқыту;
Дәрігер-интерн білуге тиіс:
Жаңа туылған балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;
Нәрестелердегі кең тараған аурулардың: асфиксия, туа салмақ жетіспеу, туу жарақаттары, туылу кезіндегі ақаулар, инфекциялар, сарғаюлар т.б., себептері мен эпидемиологиясын;
Перинатальды және неонатальды аурушаңдық пен өлімге байланысты қарқыны мен статистикасын;
Перинатальды және неонатальды денсаулық стартегиясын жақсартуды;
Ана сүтімен тамақтандыру артықшылығын;
Жетіліп және шала туылған балалардағы фармакокинетикалық және фармакотерапиялық ерекшеліктерін;
Нәрестелердегі ауруларда диагностикасылаумен емдеудің хаттамалары мен стандарттарын;
Диабетикалық фетопатия, туа біткен гипотиреоз, нәрестелердің гемолитикалық аурулары, атрезия, стеноз, өңеш халазиясы, жлғары және төменгі ішек өтімсіздігі, пилороспазм, пилоростеноз сияқты ауруларды болжауды;
Ерте жастағы балалардың органдары мен жүйелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;
Ерте жастағы балаларда жиі кездесетін аурулардың этиологиясы, патогенезі, негізгі симптомдарымен синдромдары, асқынуларын;
Лактацияның механизмі мен физиологиясын;
Ана сүтінің құрамын, ана сүтінің компоненттерінің қасиеттерін;
Ана сүтімен қоректенетін балалардың физикалық және психо-әлеуметтік дамудың ерекшеліктернін;
Ана сүтімен тамақтандырудың он принципін;
Ерте жастағы балаларда қолданылатын негізгі дәрілік заттардың көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерін;
Ерте жастағы балалардың ауруларын диагностикасылаумен емдеудің хаттамалары мен стандарттарын;
Біріншілік иммундықтапшылық жағдайлар, муковисцидоз, Гоше ауруы, Ниман–Пик ауруы, экссудативті энтеропатия, фенилкетонурия сияқты ауруларды болжауды;
Балалардағы тыныс алу жүйесінің қалыпт ы және патологиялық анатомиясы мен физиологиясын;
Тыныс алу жүйесінің ауруларының, этиологиясы, патогенезін;
Бронхоскопиялық, рентгенологиялық зерттеу, компьютерлі томография, торкоскопия, плевралық пункция, иммуноферментті анализдерді жүргізудің көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштерін;
Пульмонологияда жиі қолданылатын дәрілік препараттардың көрсеткіші, қарсы көрсеткіші және жанама әсерін;
Тыныс алу органдарында патологиясы бар балаларды диагностикасылау мен емдеу хаттамасын;
Тыныс алу жүйесінің туберкулезі, өкпенің абсцесі, бронхоэктатикалық ауру, өкпенің кистозды гипоплазиясы, альвеолиттер сияқты ауруларды болжауды;
Қалыпты және патологиялық жағдайдағы қан айналым жүйесі мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясын;
Балалардың қалыпты және патологиялық жағдайдағы дәнекер ткандерінің анатомиясы және физиологиясын;
Қан айналым жүйесінде жиі кездесетін аурулардың этиологиясы, патогенезі, негізгі синдромдары мен симптомдары, асқынуларын;
Дәнекер тканінде жиі кездесетін аурулардың этиологиясы, патогенезі, негізгі симптомдары мен синдромдары, асқынуларын;
ЭКГ, ФКГ, ЭхоКГ, жүректі рентгенологиялық зерттеуге, ангиоградияға, АҚ тәуліктік монитерлеуге көрсеткішін;
Буындарға жүргізілетін рентгенологиялық компьютерлік-томографиялық, МРТ зерттеу әдістеріне көрсеткішін;
Кардиологияда қолданылатын негізгі дәрілік заттардың көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерін;
Ревматологияда қолданылатын қабынуға қарсы дәрілік заттардың көрсеткіштері және жанама әсерін;
Қан айналымы мүшелерінде патологиясы бар науқастарды диагностикасылау мен емдеу хаттамасын;
Буын және дәнекер тіндері аурулары бар науқастарды диагностикасылау және емдеудің хаттамасын;
Перикард тампонадасын, синустық түйіннің әлсіздігін, WPW синдромын, антриовентрикулярлы блокаданы және Гис шоғырының аяқшаларының блокадасын, облитерлеуші эндоартериитті, Такаясу синдромын, артритті ревматикалық аурулардың жүйелі көріністері ретінде, дәнекер тіндердің буыннан тыс көріністерін, дәнекер тіндердің висцералды зақымданулары сияқты ауруларды болжауды;
Балалардағы қалыпты және патологиялық жағдайдағы қан жасау жүйесі мүшелерінің анатомиясы мен патологиясын;
Қан жасау жүйесінде жиі кездесетін аурулардың этиологиясы, патогенезі, негізгі симптомдар мен синдромдарын, асқынуларын;
Трепанобиопсия, стернальді пункция жүргізуге көрсеткіш;
Гематологияда қолданылатын дәрілік заттардың көрсеткіштер, қарсы-көрсеткіштері және жанама әсерін;
Қан және қан жасау мүшелерінде аурулары бар хаттамасы мен стандарттарын;
Стернальды пункцияны жүргізу техникасын;
Апластикалық анемиялар, туа біткен және жүре пайда болған гемолитикалық анемиялар, геморрагиялық васкулит, тромбоцитопениялық пурпура, жіті лейкоз, созылмалы лейкоз, гемофилия, Лангерганс гистиоцитозы сияқты ауруларды болжауды;
Бүйректің қалыпты және патологиялық жағдайдағы анатомиясы мен физиологиясын;
Балаларда жиі кездесетін бүйрек ауруларының этиологиясы, Патогенезі, негізгі симптомдары мен синдромдары, асқынуларын;
Экскреторлы уроградияны, компьютерлік-томографиялық, бүйректің пункциялық биопсиясын жүргізуге көрсеткіш және қарсы көрсеткішін;
Нефрологияда қолданылатын антибактериальды препараттардың көрсеткіші, қарсы көрсеткіші және жанама әсерін;
Балалардағы бүйрек ауруларын диагностикасылау мен емдеу хаттамасы мен стандарттарын;
Жіті пиелонефрит, жіті гломерулонефрит, созылмалы гломерулонефрит, жіті бүйрек жетімсіздік, созылмалы бүйрек жетімсіздік сияқты ауруларды болжауды;
Қалыпты және патологиялық жағдайдағы балалардағы асқорыту жүйесі органдарының анатомиясы мен патологиясын;
Балалардағы асқорыту жолдарында жиі кездесетін аурулардың этиологиясы, Патогенезі, негізгі симптомдары мен синдромдарын, асқынуларын;
Асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабығы мен бауыр биопсиясын, полимераза байланыстыру реакциясын, иммуноферментті анализдерді, рентгенологиялық зерттеу мен компьютерлік томография, эндоскопиялық зерттеу әдістерін жүргізуге көрсеткішін;
Гастроэнтерогологияда қолданылатын дәрілік заттардың көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері мен жанама әсерін;
Асқорыту жүйесі бойынша аурулары бар науқас балаларды диагностикасылау мен емдеу хаттамасын;
Гастрит және гастродуоденит, асқазанның және 12-елі ішектің ойық жара аурулары, өттің және Одди сфинктерінің дисфункциясы, ішектің тітіркену синдромы, холецистит, панкреатит, асқорыту жүйесі органдарының ісік аурулары (өңештің, асқазанның, ішектің, ұйқы безінің, бауырдың, өттің және өт шығару жолдарының) сияқты ауруларды болжауды;
Балалардағы қалыпты және патологиялық жағдайдағы эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;
Эндокрин жүйесінде кездесетін негізгі аурулардың этиологиясы, Патогенезін;
Эндокрин жүйесі мүшелеріне жүргізілетін ультрадыбысты, рентгенологиялық зерттеу, компьютерлік томография және ядерлі-магнинтті резонантты терапияны, қалқанша безіне иммуноферментті анализ, жіңішке инемен пункциялық биопсия жасау әдістерінің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін;
Эндокринологияда қолданылатын қабынуға қарсы дәрілік заттардың көрсеткіші және қарсы көрсеткіштері және жанама әсерін;
Эндокрин жүйесі аурулары бар науқастардың диагностикасылау мен емдеу хаттамасы мен стандарттарын;
Қант диабетін, тиреоидиттерді, қантсыз диабетті, феохромоцитоманы, гипопаратиреозды, гиперпаратиреозды, эндокрин жүйесінің ісік ауруларын болжауды.
Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:
Перинатальді және неонатальді денсаулықты жақсарту бойынша ұлттық стратегияны жүргізуін;
Нәрестелердің физиологиялық дамуын бағалауын, нәрестені зондпен тамақтандыруын, қан алмастырып құю операциясын, Апта сынамасын, жетіліп және шала туылған нәрестелерді тамақтандыруды есептеуін, нәрестелердегі фототерапияны жүргізуін;
Жаңа туылған бала жағдайын: спонтандық тыныс пен жүрек соғу жиілігін тексеру, туылғандағы, гестациялық жастағы салмағын бағалау, туылғандағы дефектімен, туылу жарақаттарын, ана сүтінің сапасын, жаңа туылған балалардың рентген суретін, жалпы қан анализ нәтижесін, каогулограмма нәтижесін, биохимиялық қан анализ нәтижесін (билирубин, АЛТ, АСТ), ликвор талдауының нәтижесін бағалауды;
Асфиксия, туылу жарақаты, тыныс алу бұзылу синдромы, құрсақішілік дамудың тежелуі, пневмония, сепсис, құрсақішілік инфекциясы, энтероколит, нәрестелердегі өтпелі жағдайлар, сарғаю, туа біткен даму ақаулары, нәрестелердегі геморрагиялық ауруы, ерте жастағы балалардағы теміртапшылық анемия, тұқымқуалайтын және ьуа біткен нефропатиялар, мальабсорбция синдромы ауруларын диагностикалауды және емдеуді;
Ерте жастағы балалардағы оптимальді тамақтандыру дағдыларын жүргізуді;
Емшек жасындағы балалардағы тамақтандыруды есептеуін, гипотрофияны кезең бойынша емдеуін, Сулькович сынамасын, терілік сынамасын жүргізуін;
Балалар тамақтануының тағайындауға сәйкестігі: ана сүті және қоспа тамақ (прикорм), ерте жастағы балалардың психо-әлеуметтік дамуын, емізулі жастағы балалардың физикалық дамуын, емізулі жастағы балалардың дене салмағының жетіспеуін, қан сарысуындағы кальций мен фосфор көрсеткішін, терідегі натрий, хлор көрсеткішін, биохимиялық деректерін (аминқышқылы, май, қандағы көмірсу) бағалауды;
Атопиялық дерматит, жүйелі-артритикалық диатез, лимфатикалық гипопластикалық диатез, рахит, гипотрофия, паратрофия, гипертермиялық синдромы, тырысу синдромы ауруларын диагностикалауды және емдеуді;
Плевралық пункциясын, бронходилятациялық сынамасын, спейсер, небулайзер арқылы аэрозольді препараттардың дозалық ингаляциясын, пикфлоуметрияны жүргізуді;
Көкірек клеткасының рентгенографиясының және компьютерлік томографиясының нәтижесін, спирографиия, пикфлоуметрия нәтижесін, плевра сұйықтығы және бронхтар жуынды су талдауларының көрсеткішін бағалауды;
Қақырықтың бактериологиялық, микроскопиялық нәтижесін бағалауды;
Жіті бронхит, жіті бронхиолит, обструктивті бронхит, пневмония, бронхиальді демікпе, плеврит, альвеолиттер, тыныс алу жетіспеушілігі ауруларын диагностикалауды және емдеуді;
Электрокардиографиялық зерттеуді, функционалды күштеме сынамасын, ортстатикалық сынамасын, тірек-қимыл аппараттарын зерттеуін, буын функцияларының бұзылыстарын анықтауды;
Әртүрлі жастағы балалардың артериялық қысымын есептеуді;
Биохимиялық қан анализінің көрсеткішін (СРБ, белоктық фракциялар, КФК, ЛДГ, АСЛ-О, ревмофакторлар, LE-клеткалар, АНФ, ФНО-альфа) бағалауды;
ЭКГ, ФКГ, ЭХОКГ-ні, тамырлардың УЗДГ-н, көкірек клеткасының рентгенографиясын, ангиографияны, буындардың рентгендік, магнитті-резононсты компьютерлік томографиялық тексеру нәтижелерін, буынды ультрадыбыстық тексеруін бағалауды;
Жедел ревматикалық қызба, туа пайда болған кардиттер, туа біткен, пароксизмальді ритмнің бұзылысы, экстрасистолия, желудочковую тахикардию, эндокардия, перикардит, жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі, жүйелі қызыл ноқта, дерматополимиозит, түйінді полиартериит, жүйелі склеродермия (жүйелі склероз), ревматоидты артрит, реактивті артрит, спецификалық емес аортоартериит, вегето-қантамырлық дистония, митральды қақпақшаның пролапсы, дәнекер тінің дифференциалды емес дисплазиялар ауруларын диагностикалауды және емдеуді;
Перифериялық қанды жұғынды бойынша зерттеп, эритроциттердің морфологиялық өзгерістерін (анизоцитоз, пойкилоцитоз, гипо- және гиперхромия, микро- және макроцитоз, микросфероцитоз және эритроциттердің басқа да түрлерінің өзгерістері), перифериялық қан жұғындысындағы нейтрофильдердің сегменттену дәрежесін анықтауды;
Шеткі қандағы ЭТЖ (СОЭ), гемоглобиннің, қанның формалық элементтерінің, лейкограмма көрсеткіштерін, қан сарысуындағы темір, ферритин, жалпы темір байланыстылығын қабілеттік көрсеткішін, қанның ұю және ұюға қарсы негізгі көрсеткіштерін (тамырлық, тромбоцитарлық және каогуляциялық гемостаз, паракаогуляция өнімі, фибринолиз жүйесі), миелограмма көрсеткіштерін, трепанобиопсия нәтижелерін бағалауды;
Анемиялық синдромды, сидеропениялық синдромды, цитопениялық синдромды, гиперпластикалық синдромды, қанағу түрін анықтауымын геморрагиялық синдромды, процесінің кезеңділігін анықтаумен ДВС-синдромы ауруларын диагностикалауды;
Теміртапшылық анемияны, апластикалық анемияларды, геморрагиялық васкулитті, тромбоцитопениялық пурпураны, жедел лейкозды, процесінің кезеңділігіне байланысты ДВС-синдромы, әртүрлі қанағу түрдегі геморрагиялық синдромды ауруларын емдеуді;
Бүйректі пальпациялау әдісін меңгеруді;
Бүйрек қызметтерінің бұзылыстарын анықтауды;
Жалпы зәр анализі мен каогулограмманың нәтижелерін, қанның биохимиялық анализі (креатинин, мочевина, зәр қышқылы, Na, Cl, кальций, фосфор) көрсеткіштерін бағалауды;
Бүйрек концентрациясы жұмысының, шумақтық фильтрация көрсеткіштерін бағалауды;
Биоптаттың гистологиялық анализ нәтижесін бүйректің рентгенологиялық, компьютерлік томографиялық тексеру және ультрадыбыстық зерттеу нәтижесін бағалауды;
Зәрлік синдром, нефротикалық синдром, нефритикалық синдром, гематуриялық синдром, созылмалы пиелонефрит, жедел бүйрек жетімсіздігі, созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруларын диагностикалауды;
Зәр жолдарының инфекцияларын, жедел пиелонефритті, созылмалы пиелонефритті, нефротикалық синдромды, нефритикалық синдромды, гематуриялық синдромды, жедел бүйрек жетімсіздігін, созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруларын емдеуді.
Асқазанды жууды, дуоденальді зондтауды, асқазанды зондтауды, тұйық зондтауды (тюбаж) жүргізуді;
Өңеш-асқазанның рН-метриясы және ФГДС көрсеткішін, биохимиялық көрсеткіштерін (бауырлық сынама, холестерин, диастаза), нәжісті дисбактериозға зерттеуді, копрограмма көрсеткіштерін, колоноскопия, ирригоскопия нәтижелерін, іш қуысы органдарын УДЗ нәтижесін, бауыр және асқазан-ішек жолдарының кілегей қабығының биопсиясын, ИФА, ПЦР нәтижелерін бағалауды;
Гастроэзофагальді-рефлюкс ауруы, созылмалы гастродуоденит, өттің және Одди сфинктерінің дисфункциясы, асқазанның ойық жарасы және ішектің 12-елі ауруы, холецистит, панкреатит, ішектің тітіркену синдромы, спецификалық емес жаралы колит, дисбактериоз ауруларын диагностикалауды және емдеуді;
Глюкометрді пайдаланып, гликемияны анықтауды, ацетонурияны анықтауды,
Қалқанша безді пальпациялау әдісін меңгеруді;
Эндокрин жүйесі мүшелерінің УДЗ, рентгенография, компьютерлі-томографиялық, МРТ көрсеткішін, гормондық спектр көрсеткішін, гликемияны, ацетонурияны анықтау нәтижесін, қалқанша безінің жіңішке инелік пункциялық аспирациялық биопсия нәтижесін бағалауды;
1 және 2 түрдегі қант диабеті, қант диабетінің асқынуы, эндемиялық зоб, диффуздық токсикалық зоб, гипотиреоз, Иценко-Кушинг синдромы ауруларын диагностикалауды және емдеуді;
Дәрігер-интерндерге осы пәнді оқу үшін қажетті бөлімі (тақырыбы) көрсетілген пәндер тізбесі:
1. Амбулаторлық-емханалық педиатрия – «Балалар емханасында жаңа жағдайда жұмысын ұйымдастыру, тегін медициналық көмектің көлемі, бекітілген», «Ана мен баланы қорғау мемлекеттік және ұлттық бағдарламасы».
2. Балалар жұқпалы аурулары – «Қызылша», «Қызамық», «Желшешек», «Вирустық гепатит», «Балалардағы ВИЧ-инфекция».
3. Клиникалық фармакология - Әртүрлі жастағы балалар фармакотерапия бөлімдері.
4. Сәулелік диагностикасы және сәулелік терапия – «Педиатриялық стационардағы сәулелік диагностикасы бөлімшесін және сәулелік терапияны ұйымдастыру жұмыстары», «Барлық ағзалар мен жүйелердің сәулелік диагностикасы, сәулелік диагностикасының физикалық негіздері».
5. Фтизиатрия – «Туберкулез диагностикасы және туберкулез критерийлерінің ажыратпа диагностикасы», «Туберкулездің алдын-алу әдістері».
1.4. Дәріс, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары мен толық пән бойынша өз бетімен оқитын тақырыптар және олардың сағатпен берілген көлемі (№ 3 үлгі).
Пән сағаттының үлестірілуі.
Жалпы сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжірибе сабағы
|
Өз бетімен атқаратын жұмыс
|
Семестр
|
Бақылау түрі, семестр
|
1188
|
-
|
792
|
396
|
XIII-XIV
|
Әр бөлім соңында сынақ, жартыжылдық (XIII семестр), қорытынды жылдық аттестация (XIV семестр
|
Достарыңызбен бөлісу: |