Клиникалық жағдай
Босану үйінде 5-күндік бала жатыр.
Анамнезінен, жүктіліктің 1-ші жартысында токсикозбен өткен 1-ші жүктіліктен туылғаны белгілі. Туылу кезеңі жылдам өткен. Дене салмағы 3000 г, бойы 50 см. Апгар шкаласы бойынша 8/9 баллмен бағаланған. Бірден жылап түскен, анасының көкірегіне туылу блогында жатқызылған, жақсы емген. 3-ші тәулікте терісінде сарғаю пайда болған.
5-ші күні қарап тексергенде жағдайы қанағаттанарлық, жақсы сорады, жылағаны дауысты. Терісі таза, аздап сарғайған, кіндік жарасы таза. Өкпесінде пуэрильді тыныс, жүрек тондары айқын, іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1 см-ге шығып тұр, көк бауыры пальпацияланбайды. Нәжісі сары түсті. Физиологиялық рефлекстері шақырылады, бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық.
Анасының қан тобы А(II) Rh-оң.
Баланың қан тобы О(I) Rh-оң.
Жалпы қан анализі: Hb - 196 г/л, Эр - 5,9х1012/л, Т.к. - 0,94, Лейк 9,0х109/л, т/я - 5%, с/я - 42%, э - 1%, л - 47%, м - 5%, ЭТЖ - 2 мм/сағ.
Жалпы зәр анализі: түсі – сабан тәрізді сары, реакциясы– қышқыл, салыстырмалы тығыздығы – 1004, белок – жоқ, жалпақ эпителий – аздап, лейкоциттер - 2-3 к/а, эритроциттер - жоқ, цилиндрлер – жоқ,
Қанның биохимиялық анализі өмірінің 4-ші күнінде: жалпы белок - 52,4 г/л; билирубин: тура емес - 140 мкмоль/л, тура – жоқ; мочевина - 4,2 ммоль/л, холестерин - 3,6 ммоль/л, калий - 5,1 ммоль/л, натрий - 141 ммоль/л, АЛТ – 25 Бірлік/л, АСТ – 18Б/л.
ТАПСЫРМА:
1. Диагноз қойыңыз. Туылған кездегі дене салмағы мен бойының көрсеткішін қалай бағалайсыз?
2. Жалпы қан, зәр анализінің нәтижесін бағалаңыз
3. Қанның биохимиялық анализінің нәтижесін бағалаңыз. Ондағы өзгерістер немен байланысты?
4. Жаңа туған нәрестелердің билирубин алмасуының ерекшелігін айтыңыз. Бұл жағдайда гемолитикалық аурудың дамуы мүмкін бе?
5. Жаңа туған нәрестелердің конъюгациялық және гемолитикалық сарғаюымен ажырату диагнозын жүргізіңіз.
6. Тура емес билирубиннің қандай мөлшерінде жаңа туған нәрестеге алмастырушы қан құйылады? Бұл баланың болжамы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |