Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Интерннің өзіндік жұмыс тапсырмасы



бет3/4
Дата27.05.2018
өлшемі0,92 Mb.
#40881
түріСабақ
1   2   3   4



Интерннің өзіндік жұмыс тапсырмасы.

Интерннің оқу уақыты кезіндегі өзіндік жұмысы ересектерді, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді амбулаторияда қабылдау, күндізгі стационар мен үйдегі стационарда науқастарды курациялау, науқастың үйіне бару, тақырыптық науқастарды клиникалық талдау, босанған әйелдердің патронажы, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы жұмысына қатысу, дәрігерлік-консультативті комиссия (ДКК) жұмысына қатысу, ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыруына және жүргізуіне қатысу, клиникалық паталого-анатомиялық конференция жұмысына қатысу, салауатты өмір сұру салтын қалыптастыру шараларын жүргізуге қатысу, әлеуметтік маңызы зор дерті бар аурулардың реабилитациясын жүргізу, иммунды профилактика атқару, медициналық құжаттармен жұмыс істеу, мектептерде, кәсіпорындарда медициналық бақылау жүргізуіне қатысу, «Денсаулық мектептер» жұмысына қатысу, емделушілерді оқыту, кафедраның ҒЗҰ қатысу, диагностикалық экспресс-әдістер жүргізу, ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету, отбасында жалғыз қалғандарға, қарт кісілерге, мүгедектерге, созылмалы дерті бар науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру, соның ішінде интернат үйлеріне, хосписке орналастыру, күтуіне қарайласу, скринингті бағдарламалар мен эпидемиологиялық зерттеулерге қатысу, еңбекке уақытша және тұрақты жарамсыздықты сараптау, медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу, жұмысқа орналастыру, жеңіл жұмысқа ауыстыру, санатория-курортты емдеу және т.б. көрсеткіштерін анықтау.

Интерннің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы: арнайы медициналық әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық қорлармен, оның ішінде Интернет ғаламторындағы медициналық порталмен жұмыс, медициналық статистика негіздерін және есептерін оқу, жеке компьютермен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру.

Пәннің саясаты:

Интерндер тәжірибелік сабақ тақырыптарына дайын болуы тиіс, сабақтарды себепсіз жібермеуі, сабаққа кешікпеуі, сабақтарда белсенді болуы, ИӨЖ тапсырмаларын уақтылы дайындауы және тапсыруы, кафедраның мүлкіне күтіммен қарауы, техника қауіпсіздігін сақтауы қажет.


Айыппұл санкциялары

  1. Себепсіз жағдайда келмеген сабақтар журналдарда 0 балл болып есептеледі.

  2. Келмеген сабақтарды өтеу себепті жағдайда факультет деканының жазбаша түрдегі рұқсатымен жасалады.

  3. Жіберілген сағаттар жайлы мәлімет апта сайын деканатқа рапорт түрінде беріледі.


Қорытынды бағаға қатысты апелляцияға беру тәртібі

Апелляция – интерндердің білімін объективті бағаламауға әкелетін факторларды анықтап және жою үшін жүргізілетін процедура.

Апелляция егер де ол жинақталған рейтингке әсер етіп, соның нәтижесінде интерннің білімінің қорытынды бағасын жоғарылата алған жағдайда ғана тағайындалады.

Білім алушы рұқсат рейтингі және / немесе қорытынды бақылау бағасын апелляцияға беруі мүмкін.

Емтихан сессиясы (аралық аттестация) кезінде ЖОО жетекшісі бұйрығымен аппеляцияға түскен пән профиліне квалификациясы сәйкес оқытушылардан құрылған апелляциялық комиссия тағайындалады.

Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген (тесттік тапсырмалар мазмұны немесе техникалық себептер бойынша) білім алушы апелляциялық комиссия төрағасына емтиханнан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешікпей апеляцияға береді.

Тесттік тапсырмалар мазмұны бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:


  • Сәйкессіздік бар тесттік тапсырмалар.

  • Дұрыс жауабы жоқ.

  • Тапсырмада бірнеше дұрыс жауап бар.

Техникалық себептер бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:

  • Электр энергиясы сөніп қалуы.

  • Желі жұмысы үзіліспен істеу.

Апелляция нәтижесі хаттама түрінде жазылады және оның шешімі негізінде негізгі емтихан қағазына қосымша тіркелетін білім алушыға апелляцияны ескерген жеке емтихан қағазы толтырылады.



Қорытынды бағалаудың апелляция ережесі 28.08.2013ж., хаттама № 1 Ғылыми кеңесте бекітілген «Интернатурада оқу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.
Әдебиеттер

а) Негізгі

  1. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство + CD / под ред. В.С.Моисеева. – М., 2010. 832 с.

  2. 100 клинических разборов. Внутренние болезни: учебное пособие / пер. с англ. под ред. Ж.Д.Кобалавы. – М., 2009. – 320 с.

  3. Внутренние болезни по Дэвидсону. Общие принципы медицины: учебное пособие / под ред. Н.А.Буна и др.; пер. с англ. под ред. Н.А.Мухина. – М., 2009. – 384 с.:

  4. Международные стандарты аккредитации лечебных учреждений: пер. с англ. – М., 2011.– 320 с.

  5. Берзегова Л.Ю. Классификация болезней. Симптомы и лечение: учебное пособие. – М., 2008. – 320 с.

  6. Давей П. Наглядная ЭКГ: пер. с англ. под ред. М.В.Писарева. – М., 2011. – 176 с.

  7. Руководство по амбулаторно-поликлинической инструментальной диагностике + CD / под ред. С.К.Тернового. – М., 2008. – 752.

  8. Хамм К.В., Виллемс Ш. Электрокардиография: карманный справочник: пер. с нем. Под ред. А.В.Струтынского.

  9. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство: пер. с нем. Под ред. Н.А.Осиповой. – М., 2006. – 304 с.

  10. Руководство по медицинской профилактике / под ред. Р.Г.Оганова, Р.А.Хальфина. – М., 2007. – 464 с.

  11. Баранов А.А. и др. Стандарты ведения больных. Клинические рекомендации. – М., 2010. – 1376 с.

  12. Амбулаторно-поликлиническая терапия. Консультант врача. Электронная информационно-образовательная система на CD. Версия 1.1. – М., 2008.

  13. Франк У. Антибактериальная терапия в клинической практике. Карманный справочник: пер. с нем. Под ред. С.В.Яковлева. – М., 2010. – 448 с.

  14. Большой справочник лекарственных средств / под ред. Л.Е.Зиганшиной, В.К.Липахина, В.И.Петрова, Р.У.Хабриева. – М., 2011. – 3600 с.

  15. Браун Й., Дорманн А.Дж. Внутренние болезни: пер. с нем. Под ред. В.С.Моисеева. – М., 2010. – 1152 с.

  16. Самойленко В.В., Вайсман М.А., Рудой С.В. Контроль симптомов в паллиативной медицине: руководство / под ред.Г.А.Новикова. – М., 2011. – 192 с.

  17. Чучалин А.Г., Бобков Е.В. Основы клинической диагностики: руководство + CD. – 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2008. – 584 с.

  18. Стерн С., Сайфу А., Олткорн Д. От симптома к диагнозу: руководство для врачей: пер. с англ. – М., 2008. – 816 с.

  19. Планы ведения больных / под ред. Е.И.Полубенцевой, О.Ю.Атькова, О.В. Андреевой. – М., 2007. – 528 с.

  20. Российский терапевтический справочник + CD / под ред. А.Г.Чучалина. – 2-е изд. – М., 2008. – 976 с.

  21. Жилагий П.Г., Биклей Л.С. Руководство по клиническому обследованию больного: пер. с англ. под ред. Н.А.Мухина, И.Н.Денисова. – 2-е изд. – М., 2011. – 992 с.

  22. Бейтс Б. Руководство по клиническому обследованию больного: пер. с англ. под ред. А.А.Баранова, И.Н.Денисова, В.Т.Ивашкина и др. – М., 2007. – 648с.

  23. Руководство по медицине. Диагностика и лечение / под ред. М.Х.Бирса; пер. с англ. под ред. А.Г.Чучалина. – М., 2011. – 2200 с.

  24. Руководство по первичной медико-санитарной помощи + CD / под ред. А.А.Баранова, И.Н.Денисова, А.Г.Чучалина. – М., 2007. – 1584 с.

  25. Руководство по рациональному использованию лекарственных средств: пер. с англ. под ред. А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, Р.У.Хабриева, Л.Е.Зиганшиной. – М., 2007. – 768 с.

  26. Мур К., Рамкарх П. Справочник по неотложным состояниям: пер. с англ. под ред. С.А.Сумина. – М., 2010. – 1216 с.

  27. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно-образовательная система на CD. – М., 2009.

  28. Профилактика неблагоприятных побочных реакций: врачебная тактика рационального выбора и применения лекарственных средств: руководство / под ред. Н.В.Юргеля, В.Г.Кукеса. – М., 2009. – 448 с.

  29. Александров В.В., Алгазин А.М. Основы восстановительной медицины и физиотерапии: учебное пособие. – М., 2010. – 144 с.

  30. Атлас амбулаторной хирургии / под ред. В.Е.Г.Томаса, Н.Сеннинджера; пер. с англ. под ред. С.П.Ветшева. – М., 2009. – 272 с.

  31. Русович В.З. Особенности амбулаторного консультирования врачами общей практики. – Мн., 2007.

  32. Гастроэнтерология в таблицах для врача общей практики: симптомы, синдромы и заболевания кишечника. Под ред. Н.Н. Силивончик. Мн., -2006.

  33. Клеменков С.В., Петрова М.М. Врач общей практики. Поликлиническая терапия. – М., 2006.

  34. Силивончик Н.Н., Воронко Е.А., Карпов И.А. Рациональная антибиотикотерапия в общей врачебной практике. – Мн., 2008.

  35. Рациональная фармакотерапия неотложных состояний. Руководство для практикующих врачей / Б.С. Брискин и др.; Под общ. Ред. Б.С. Брискина, А.Л. Вершкина. – М., 2007.

  36. Казаков Ю.М., Трибат Т.А., Штомпель В.Ю. Ранняя диагностика заболеваний внутренних органов в практике врача общей практики - семейной медицины. Реабилитация. 2008. – 209с.

  37. Основы медицинской практики (Good medical practice). Третье издание (май 2001г.). Королевский колледж врачей общей практики, Лондон, Великобритания.(рус.перевод). – М, 2006. – 420 с.


б) қосымша

  1. Акшулаков С.К.,Шевелева Н.И, Абдрахманова М.Г, Беляев Р.А, Махамбетов Е.Т, К.Б. Нургалиев. Реабилитация больных с инсультами. Методические рекомендации. Астана. - 2009. – 105 с.

  2. Базаргалиев Е.Ш. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы. – Ақтобе.- 2011. –56б.

  3. Байжанова К.Т.,Бекмурзаева Э.К. Қан аурлары. – шымкент. – 2010. – 400 б.

  4. Гусейнова З.К. Ревматоидты артрит. Караганда. – 2010. – 38 б.

  5. Дербісалина Г.Ә. Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы коммуникативті дағдылары. - Ақтобе.- 2009. – 62 б.

  6. Дербисалина Г.А. Коммуникативные навыки в работе врача общей практики. - Актобе.- 2009. – 78 с.

  7. Дербісалина Г.Ә., Суманова Ш.Б., Махаметова М.Г., Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б. Ішкі ауруларға шалдыққан науқастардың енбекке жарамдылығын сараптау.- Астана.-2011.- 47б.

  8. Дюсупова А.А. Актуальные вопросы гериатрии. - Астана, 2009. - 103 с.

  9. Жакиева Г.Р. Жүректін ишемиялық ауруы бар науқастарды емханалықөдиспансерлік жағдайда жүргізу негіздері. - Ақтобе.- 2009. – 64 б.

  10. Каскабаева А.Ш. Функциональные заболевания кишечника. – Семей. – 2007. – 58 с.

  11. Керимкулова А.С. Амбулаторлы жағдайда жүрек аурулары бар науқастарды жүргізу. – Семей. – 2007. – 253 б.

  12. Керимкулова А.С., Еспенбетова М.Ж. Ведение кардиологических больных в амбулаторных условиях. Семей. – 2009. – 86 с.

  13. Курманалина Г.К. Стабильная стенокардия напряжения, современныепринципы диагностики и лечения. – Актобе. – 2010. – 84 с.

  14. Кульжанов М.К, Егеубаева С.А..Досмаилова А.М. Основы современной паллиативной медицины. Паллиативная помощь в Казахстане. – Алматы. – 2009. – 169 с.

  15. Кушимова Д.Е. Синдром холестаза и желтухи: вопросы классификации и фифференциальной диагностики. – Актобе. – 2010. – 88 с.

  16. Сарсенова С.В. - Методы исследования, синдромальная диагностика и лечение заболеваний почек. – Астана. - 2010. – 89 с.

  17. Сейсембеков Т.З.,Серманизова Г.К. Тактика ведения беременных с артериальной гипертензией (методически е рекомендации). – Астана. – 2011. – 34 с.

  18. Сейсембеков Т.З.,Серманизова Г.К. Тактика ведения беременных с нарушением сердечного ритма и проводимости (методически е рекомендации). – Астана. – 2011. – 34 с.

  19. Сейсембеков Т.З.,Серманизова Г.К. Тактика ведения беременных с пороками сердца (методически е рекомендации). – Астана. – 2011. – 34 с.

  20. Түсіпова Қ.Н. Жиі кездесетің гельминтоздар. - Семей. – 2010. – 44 б.


Интернет-сайттар

  1. www.doctor.ru

  2. www.meduniver.ru

  3. www.med-edu.ru

  4. www.medi.ru

  5. www.medline.ru

  6. www.medmatrix.ru

Оқытудың соңғы нәтижелері

Дублиндік дескрипторлар



ОҚМФА құрастырылған мамандық компетенциялары

Пәнді оқытудың нәтижелері

Концепция бойынша оқытудың нәтижелері (ЖБМС)

А

Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік

Ең жиі таралған ішкі аурулардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикасын жүргізу шараларын жоспарлау және скринингтік бағдарламалар жүргізу бойынша білімін көрсете алады.

Халық сырқаттануына бірінші, екінші және үшінші алдын алу шараларын жүргізуді (дені сау, сырқат, олардың отбасы және ұжым мүшелері) білуі керек.

Кәсіпкерлік құзыреттілігі


Жалпы практика дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру, дәрігерлік амбулатория жағдайында стационарды ауыстыратын технологияларды енгізу бойынша білімін көрсете алады.


Жалпы дәрігерлік практика жұмысын ұйымдастыру, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру менеджментінің негізін (БМСК) білуі керек.







«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Еңбекке уақытша не тұрақты жарамсыздыққа, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, жұмыс істеу көрсеткіштерін анықтау, жағдайы жеңіл жұмысқа ауыстыруды, санатория-курортты ем қарастыру бойынша білімін көрсете алады.

Жалпы дәрігерлік практика жұмысын ұйымдастыру, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру менеджментінің негізін (БМСК) білуі керек.







Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі

Жалпы тәжірибелік дәрігер қызметіндегі кәсіби сұрақтарды шешуін қамтамасыз ететін дәрігерлік әдептілігі мен дағдысын көрсете алады.

Емделуші мен оның туысқандарымен, әріптестерімен және басқа да қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, емделушіге барлық мәліметтерді қорытындылап түсіндіріп беру, дерттің болжамына қарамастан, сырқаттың жан дүние күйзелісін жеңілдету дағдысы болу керек.








Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі


Пациенттің нақты клиникалық мәселесі бойынша лайықты дерекқорлардан алынған дәйектеу ақпарат туралы тұжырымын хабарлай алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Ғылыми-зерттеу дағдылар» құзыреттілігі


Пациенттің нақты клиникалық мәселесі бойынша лайықты дерекқорлардан алынған дәйектеу ақпаратты іздеу үшін емделушінің клиникалық мәселесін сұрақ ретінде тұжырымдау бойынша білімін көрсете алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Клиникалық дағдылар» құзыреттілігі

Жасына қарай барлық топтарда ең жиі кездесетін ішкі аурулардың диагностикасы, емі, алдын алу бойынша білімін көрсете алады.
Ішкі аурулар клиникасында жиі таралған патологиялардағы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері бойынша білімін көрсете алады.
Шұғыл көмекті қажет ететін күйлердің ерте диагностикасы мен айғақты медицина тұрғысынан көмек көрсету бойынша білімін көрсете алады.



Амбулаториялық жағдайда ересектер арасында ең кең таралған аурулар мен күйлерде кезеңдік бақылау, диагностикалық, салыстырмалы диагностикалық принциптері мен емдеу тәсілдерін білуі керек.
Ішкі ағзалардың күрделі патологиялы немесе аз симптомды, әдеттен тыс ағымды аурулар түрлерімен ауыратын сырқаттарды анықтау принциптерін, арнаулы маманға немесе ауруханаға дер кезінде жіберуді білуі керек.
Төтенше жағдайлар диагностикасын, елді мекенге медициналық көмек көрсету принциптерін білуі керек.

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік

Ең жиі таралған ішкі аурулардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикасын жүргізу шараларын жоспарлауда білімін қолдана алады.

Халық сырқаттануына бірінші, екінші және үшінші алдын алу шараларын жүргізуді (дені сау, сырқат, олардың отбасы және ұжым мүшелері) орындай білуі керек.

Кәсіпкерлік құзыреттілігі


Жалпы практика дәрігерінің жұмысын ұйымдастыруда, дәрігерлік амбулатория жағдайында стационарды ауыстыратын технологияларды енгізуде білімін қолдана алады.



Дәрігерлік амбулатория (ДА), емхана, БМСК орталықтарында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орта медициналық және басқа да қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруды орындай білуі керек.







«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Еңбекке уақытша не тұрақты жарамсыздыққа медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша өз білімін қолдана алады, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін және мүгедектік тобын, жұмысын ауыстыру көрсеткіштерін, жеңіл жұмысқа ауыстыруды, стационарлық ем мен санатория-курортты ем көрсеткіштерін анықтау үшін уақытша не тұрақты еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтауда өз білімін қолдана алады.
БМСК ұйымдарында тіркеу және есеп беру құжаттарын рәсімдей алады.

Емделушілердің уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жасап, оларды МӘСК-ке жіберу, еңбекке жарамдылығын анықтап жеңіл жұмыстарға ауыстыру, санаторий-курортық емдеу орындарына жіберуді орындай білуі керек.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеменің есеп-шот құжаттарын жүргізуді орындай білуі керек.



Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі

БМСК жағдайында науқастарды бақылауда моралді-этикалық және құқықтық мәдени дағдысын қолдана алады.



Емделуші мен оның туысқандарымен, әріптестерімен және басқа да қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, емделушіге барлық мәліметтерді қорытындылап түсіндіріп беру, дерттің болжамына қарамастан, сырқаттың жан дүние күйзелісін жеңілдету дағдысы болу керек.











Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Пациенттің нақты клиникалық мәселесі бойынша лайықты дерекқорлардан дәйектеу ақпаратты іздестіре алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Ғылыми-зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Емделушінің клиникалық мәселесін сұрақ ретінде тұжырымдап, лайықты дерекқорлардан дәйектеу ақпаратты іздестіруді жүзеге асыра алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Клиникалық дағдылар» құзыреттілігі

Ең жиі кездесетін ішкі аурулардың диагностикасы, емі, алдын алу бойынша білімін қолдана алады.

Ішкі аурулар клиникасында жиі таралған патологияларда зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін тағайындай алады.

Емдеу және алдын алу шараларының жоспарын құрай алады.

Дәрігерлік тәжірибеде ең жиі таралған аурулармен науқастарды динамикада қадағалау (ауру кезеңдерін анықтау алгоритмі, асқынулардың, рецидивтің алдын алу, диспансерлік науқастарға жоспарлы емдеу тиімділігін талдау, бір қалыпта ұстап тұратын терапия тәртібін анықтап динамикада бақылау бағдарламасын құрастыру, қалыпқа келтіру емнің нәтижесіне мониторинг жасау) жоспарын құрай алады.


Өмірге қауіп төндіретін күйлерді диагностикалау және ауруханаға дейінгі кезеңде жедел, шұғыл көмек көрсету алгоритмін игерген.

Айғақты медицина негізінде кезеңді хаттамаларды қолдануды орындай білуі керек.
Зертханалық-аспаптық, кескінді зерттеу әдістерін тағайындау және алынған мәліметтерді сараптауға жауапкершілікпен қарауды орындай білуі керек.
Айғақты медицина негізінде кезеңді хаттамаларды қолдануды орындай білуі керек.


С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік

Ересек тұрғындар арасында жиі кездесетін аурулардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикасының жоспарын құрай алады.

Халық сырқаттануына бірінші, екінші және үшінші алдын алу шараларын жүргізуді (дені сау, сырқат, олардың отбасы және ұжым мүшелері) орындай білуі керек.







Кәсіпкерлік құзыреттілігі


Жалпы практика дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру, дәрігерлік дәрігерлік амбулатория жағдайында стационарды ауыстыратын технологияларды енгізу мәселелері бойынша аргументтер құрастырады.


Дәрігерлік амбулатория (ДА), емхана, БМСК орталықтарында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орта медициналық және басқа да қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруды орындай білуі керек.







«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Әр түрлі ауруларда уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты, мүгедектік тобын, жеңіл жұмысқа ауыстыру көрсеткіштерін анықтау үшін еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтау белгілерін талдай алады. МӘСК-ке жіберуге, стационарлық емге, санаторлық-курорттық емге көрсеткіш пен қарсы көрсеткіштерді негіздей алады.

Емделушілердің уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жасап, оларды МӘСК-ке жіберу, еңбекке жарамдылығын анықтап жеңіл жұмыстарға ауыстыру, санаторий-курортық емдеу орындарына жіберуді орындай білуі керек.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеменің есеп-шот құжаттарын жүргізуді орындай білуі керек.









Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі

БМСК жағдайында науқастарды бақылауда этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып тұжырым жасап қиындықтарды жеңе біледі.



Емделуші мен оның туысқандарымен, әріптестерімен және басқа да қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, емделушіге барлық мәліметтерді қорытындылап түсіндіріп беру, дерттің болжамына қарамастан, сырқаттың жан дүние күйзелісін жеңілдету дағдысы болу керек.








Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі

Пациенттің нақты клиникалық мәселесі бойынша қажетті ақпаратты таңдаудағы қиындықтарды шеше алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Ғылыми-зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Практикада алынған деректердің қолданушылығын талдай алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Клиникалық дағдылар» құзыреттілігі

Амбулаториялық жағдайда тыныс алу ағзалары, қанайналымы, асқазан ішек жолдары, несеп шығару, қан түзілу, эндокринді жүйе зақымдану синдромдарының тиімді саралау диагностикасын жүргізуде клиникалық, зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижелерін интерпретациялап, ұқсас аурулардан ажыратуды негіздеп диагнозды нақтылай алады.
Амбулаториялық жағдайда тыныс алу ағзалары, қанайналымы, асқазан ішек жолдары, несеп шығару, қан түзілу, эндокринді жүйе зақымдану синдромдарымен науқастарды бақылау және динамикалық қадағалау тактикасын құрай біледі.
Өмірге қауіп төндіретін күйлерді диагностикалау және ауруханаға дейінгі кезеңде жедел, шұғыл көмек көрсету тактикасын құрай біледі.

Айғақты медицина негізінде кезеңді хаттамаларды қолдануды орындай білуі керек.
Зертханалық-аспаптық, кескінді зерттеу әдістерін тағайындау және алынған мәліметтерді сараптауға жауапкершілікпен қарауды орындай білуі керек.
Айғақты медицина негізінде кезеңді хаттамаларды қолдануды орындай білуі керек.

Д

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік

Ересек тұрғындар арасында жиі кездесетін аурулардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикасын жоспарлау және жүргізу барысында жеке тұжырымын қолданады.

Халық сырқаттануына бірінші, екінші және үшінші алдын алу шараларын жүргізуді (дені сау, сырқат, олардың отбасы және ұжым мүшелері) орындай білуі керек.







Кәсіпкерлік құзыреттілігі


Жалпы практика дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру, дәрігерлік амбулатория жағдайында стационарды ауыстыратын технологияларды енгізу бойынша ақпарат жинап және интерпретациялауды жүзеге асыра алады.


Емханада, дәрігерлік амбулаторияда (ДА), бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) орталықтарында медицина қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз етуді жетік білуі керек.







«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Ересек тұрғындар денсаулығының статистикалық көрсеткіштерін, мүгедектік пен өлім көрсеткіштерін талдай алады.



Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) ұйымдастырудағы есеп-шоттық құжаттарды жүргізу, бекітілген елді мекеннің денсаулық жағдайына статистикалық талдау жүргізуді жетік білуі керек.

Жалпы дәрігерлік практика аясында қолданылатын нормативтік-құқықтар құжаттар мен заңдарды жетік білуі керек.









Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі

БМСК ұйымдарында әріптестермен, арнайы орта медициналық қызметкерлермен, әлеуметтік және басқа да жұмысшылармен командада жұмыс істеудегі, жанұясында жалғыз қалғандарға, кәрия кісілерге, мүгедектерге, созылмалы дерті бар науқастарға көмек көрсетудегі, сонымен қатар интернат үйлеріне, хосписке оларды орналастыру, күтім жүргізудегі бекітілген дағдыларын талдай алады.



Емделуші мен оның туысқандарымен, әріптестерімен және басқа да қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, емделушіге барлық мәліметтерді қорытындылап түсіндіріп беру, дерттің болжамына қарамастан, сырқаттың жан дүние күйзелісін жеңілдету дағдысы болу керек.

Жалғыз басты адамдар, қарттар, мүгедектер, сырқаттарға күтім жасап, интернат үйіне, хосписке орналастыруды ұйымдастыруды жетік білуі керек.









Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі


Пациенттің нақты клиникалық мәселесі бойынша әлеуметтік, этикалық және ғылыми жағын ескере отырып тұжырым жасау үшін ақпарат жинап, интерпретациялауды жүзеге асыра алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Ғылыми-зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

AGREE аспабымен БМСК қолданылатын клиникалық іздену жұмыстарының нәтижелерін интерпретациялап, бағалай алады.

Ғылыми әдіснама мен айғақты медицина принциптерін дамыту және қолдану.

Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.









«Клиникалық дағдылар» құзыреттілігі

Дәрігерлік практикада жиі кездесетін аурулармен науқастарды емдеу-алдын алу шараларының және динамикалық қадағалау нәтижелерін жинақтап интерпретациялау және ол шаралар тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға қабілетті.

Науқастарды клиникалық талдауда және тәжірибелік сабақтарда ролдік ойындар үшін ақпараттар жинауда креативті ойлауды қолданады.



Емделушінің мәселелерін шешуге, айғақты медицина тұрғысынан шешімдер қабылдай білуге міндетті.
Медицинаның ғылыми негізін қолдана білуге, өзінің кәсіби қызметінде жаңа емдік-диагностикалық технологияны енгізуді білуге міндетті.

Е

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік

Ересек тұрғындар арасында жиі кездесетін аурулардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикасына қатысты сұрақтар бойынша ақпараттармен алмаса алады.

Халық сырқаттануына бірінші, екінші және үшінші алдын алу шараларын жүргізуді (дені сау, сырқат, олардың отбасы және ұжым мүшелері) орындай білуі керек.







Кәсіпкерлік құзыреттілігі


Жалпы практика дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру, дәрігерлік амбулатория жағдайында стационарды ауыстыратын технологияларды енгізуге қатысты сұрақтар бойынша ақпараттармен алмаса алады.


Дәрігерлік амбулатория (ДА), емхана, БМСК орталықтарында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орта медициналық және басқа да қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруды орындай білуі керек.







Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Жалпы дәрігерлік практикадағы медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты мәселелерді, ойларын, ақпараттарын интерндерге, оқытушыларға, науқастарға, науқастардың туыстарына хабарлай алады.


Емделушілердің уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жасап, оларды МӘСК-ке жіберу, еңбекке жарамдылығын анықтап жеңіл жұмыстарға ауыстыру, санаторий-курортық емдеу орындарына жіберуді орындай білуі керек.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеменің есеп-шот құжаттарын жүргізуді орындай білуі керек.







Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі

БМСК жағдайында кәсіби сұрақтарды шешуін қамтамасыз ететін айғақты медицина принциптеріне негізделген арнайы дәрігерлік әдептілігі мен дағдысы бойынша білімі мен тұжырымын мамандар мен өзгелерге хабарлай алады.

Емделуші мен оның туысқандарымен, әріптестерімен және басқа да қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, емделушіге барлық мәліметтерді қорытындылап түсіндіріп беру, дерттің болжамына қарамастан, сырқаттың жан дүние күйзелісін жеңілдету дағдысы болу керек.








Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі


Пациенттің нақты клиникалық мәселесі бойынша лайықты дерекқорлардан алынған дәйектеу ақпарат туралы тұжырымын хабарлай алады.

Клиникалық жалпы дәрігерлік практикадағы айғақты медицинаны білуі керек.







«Ғылыми-зерттеу дағдылар» құзыреттілігі

Амбулаториялық жағдайда ересек тұрғындар арасында жиі кездесетін тыныс алу ағзалары, қанайналымы, асқазан ішек жолдары, несеп шығару, қан түзілу, эндокринді жүйе зақымдану синдромдарының диагностикасы мен емі бойынша ғылыми жетістіктерді қолдану және дәлелдемелі медицина ұстанымдарына негізделіп клиникалық практикалық басшылықтарды (КПБ) дайындау үрдісі туралы өз тұжырымдарын, білімін, дағдыларын хабарлай алады.

Ғылыми әдіснама мен айғақты медицина принциптерін дамыту және қолдану.

Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.









«Клиникалық дағдылар» құзыреттілігі

БМСК жағдайындағы дәрігерлік практикада жиі кездесетін аурулармен науқастарды диагностикалау, емдеу-алдын алу шараларының және динамикалық қадағалаудың нәтижелері бойынша ақпаратпен бөлісе алады.

Айғақты медицина негізінде кезеңді хаттамаларды қолдануды орындай білуі керек.




Өзіндік білім алуды жалғастыру қабілеттілігі




Ұдайы өз білімін шыңдау және өзінің кәсіби қызметінде жаңа білім мен технологияны пайдалану: біліктілікті жоғарылату факультеті, резидентура, магистратура.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет