ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет61/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша шенеуниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3—4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашыпығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазиямен феодалдардың зорлық-зомбылығы 1916 ж. 25 маусымда патша үкіметінін. "Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже" қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың туу туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасал бақтыМайдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашуыза әрекеттері кең орын алды.Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандар- да ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші халыктың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жасақтарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейтқали Мендешев, Абдрахман Әйтиев, Маңғыстауда — Жалау Мынбаев, Ақтөбе даласында — Әділбек Майкөтов, Жетісуде — Тоқаш Бокин, Бөкболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.
1916 жылы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы экспедициялар жіберді. Мәселен, Жетісудағы көтерілісті басуға 16 зеңбірек, 24 пулеметпен қаруланған 8750 солдаты бар 95 рота, 3900 атты әскерден тұратын 24 жүздік жіберілді. Ақмола, Семей облыстарындағы көтеріліс шілерге қарсы генерал Ягодкин басқарған 2 атты жүздік, күшейтілген 11 жаяу әскер ротасы жіберілді. Көтерілістің мейлінше күшті болған жері Торғай облысына құрамында 17 жаяу әскер роталары, 19 казак жүздіктері мен эскадрондары бар зеңбірек пулеметпен қаруланған генерал Лаврентьев басқарған экспедиция жіберілді. 1916 жылғы қарашаның орта шенінде көтерілісшілер күш ала бастаған кезде бұл экспедицияға көмекке Қазан, Пермь, Орынбор қалаларынан қосымша әскерлер жеткізілді. Көтерілісшілер патша әскерлеріне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.Осы шайқастарды жүздеген қазақ жігіттері өздерінің батыр бабаларының ерлік дәстүрін жалғастырып, есімдерін өшпес даңққа бөледі. Торғай өңірінде Кенесарының қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелді, оның жауынгер серігі Кейкі батыр дың аттары аңызға айналды. Үлкен қолбасшылық дарынымен бүкіл қазақ халқына танымал болған Амангелді бастаған Торғайдағы көтеріліс 1917 жылғы ақпан революциясына дейін жалғасты.
Сипаты жағынан қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы болған 1916 жылғы көтерілістің барысында патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізу барысында жойылып кеткен дәстүрлі саяси құрылымды қалпына келтіруге бағыт алған шаралар іске асырылды.Сөйтіп,Торғай өңіріндегі көтерілісшілер Әбдіғаппар Жамбосы ұлын хан көтеріп,Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен елшілік және басқа қарым-қатынас жасауға талаптанған жайлар болды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс шаруалар соғысы еді, ол жалпы Ресейдегі революциялық процестің құрамды бөлігі болды.



Баспа ісі.Сонымен XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер казақ мәдениетіңдегі бағыт — реовлюцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. Демократиялық интеллигенция халықты отырықшылыққа, білімге, ескірген әлеуметтік институттар мен әдет-ғүрыптарды өзгертуге шақырды. Зиялыларға арналған бастауыш мектептер саны көбейіп, қазақ тілінде газеттер мен журнаддар ("Айқап", т.б.) шығарыла бастады. С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, М.Сералиннің поэма, өлең, публицистикаларын халық жоғары бағалады. А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, АП. Чеховтың біраз шығармалары қазақ тіліне аударыдды. Орыстың ғалым-геологтары (В.А. 0бручев, т.б.) мен тарихшы, этнографтары И.Ф. Катанов, В.В. Бартольд өлкені одан өрі зерттеді. Жамбыл Жабаевтың, Нүрпейіс Байғаниннің, Кенен Әзірбаевтың, т.б. халық ақындарының творчествосында азаматтық сарын, халық-азаттық күрес басты тақырыпқа айналды. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уөлаяты газеті», 1888-1902 жылдары Омбыда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. Біріншісі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Дала губернаторлығы шығарды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қазақстан жерінде отарлық басып алуды, бұл аймақтардағы халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен газет беттерінде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Жергілікті халықтар арасында бұл газеттердің танымал болуына шығыс әдебиеті классиктері шығармаларын - «Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т. б. жариялау үлкен әсерін тигізді. «Түркістан уәлаяты газетінде» 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі жөне баска да оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың орыс тіліне аударылып берілген шығармаларымен танысты. Дегенмен, бұл ресми басылымдар негізінен Ресей империясының отаршылық саясатын жүргізушілер болды. Оған дәлел ретінде «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен катынастарына, империялық сыртқы саясатын негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті.
XX ғасыр­дың ба­сына қарай Қазақстан­да ұлттық қазақ зи­ялы­лары­ның қалып­та­су үрдісі жүріп жат­ты, олар­дың бір бөлігі еуро­палық білім алған­дар еді. 1905–1907 жыл­дардағы ре­волю­ци­ядан кейін Ре­сей­дегі мұсыл­мандар­дың, со­ның ішінде түрік ха­лықта­рының қозғалы­сы жаңа қарқын ал­ды. Мерзімді бас­пасөздің пай­да бо­луы мен да­му­ына ка­пита­лизмнің, та­уар-ақша қаты­нас­та­рының, көлік пен бай­ла­ныс­тың да­муы да, өлкені одан әрі отар­лау да се­бепші бол­ды. Ту­ып ке­ле жатқан ұлттық бур­жу­азияның үстемдік етуші орыс бур­жу­азиясы­мен бәсе­кесі, ше­тел ка­пита­лының енуі білім бе­ру, бас­пасөз және бай­ла­ныс жүйесі ре­фор­ма­сының қажеттігін туғыз­ды.
Қазақ тіліндегі мерзімді бас­пасөздің алғашқы ба­сылым­да­ры «Түркістан уәла­яты­ның га­зетін» (1870–1882), «Да­ла уәла­яты­ның га­зетін» (1888–1902) және Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының рес­ми ор­га­ны бол­ды, ал екіншісін Ом­бы­да Да­ла ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығы шығар­ды (1902 жыл­дан кейін олар Ақмо­ла және Жетісу об­лыста­рының «Ве­домос­та­рына» қосым­ша ретінде шығарыл­ды. Сон­дай-ақ бұл ба­сылым­дар ақпа­рат­тық-анықта­малық си­пат­та бол­ды. Со­нымен қатар га­зет ұйым­да­рына им­пе­ри­яның қамқор­лығын­дағы отар­лық өлкенің тұрмыс сал­тын на­сихат­тау мис­си­ясы жүктелді. Осы мақсат­пен рес­ми емес бөлімде түркі ха­лықта­рының та­рихы, эт­ногра­фи­ясы мен әде­би­еті жөніндегі ма­тери­ал­дар жа­ри­ялан­ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет