ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Психология негіздері»


Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)



бет4/10
Дата29.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#35984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

Өзіндік жұмыс.

1.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді семинар дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.

Түйсік, абсолюттік сезгіштік, психофизикалық заң, сенестизия, апперцепция т.б

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Қабылдау,ес,зейін,ойлау мен интеллектінің бұзылуы.

2.Сөйлеудегі медицина қызметкерінің психикалық ауытқушылығы бар науқаспен қарым қатынасындағы тактикалық ереже қандай болуы керек?

1. Оқушыларды бағалау.



11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Сананың психологиялық концепциясы.Өзіндік сана сезім.


5- сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Сананың психологиялық концепциясы.Өзіндік сана сезім.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Адам санасының негізгі айырмашылығы,оның пайда болуы психика дамуын басқаратын заңдардың өзгеруімен байланысты.Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл даму тарихында психика дамуының бағынған ортақ заңдары биологиялық эволюция заңдары болды,ал адам психикасының дамуы қоғамдық тарихи даму заңдарына бағынады.

*оқыту: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру.

*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі (мамандыққа бағдарлау және еңбекке баулу).

*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

тақырыбы: Сананың психологиялық концепциясы.Өзіндік сана сезім.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.

1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Психика мен сананың дамуы.

Сана психика дамуының жоғары сатысы

Адам санасы психика дамуының жоғары сатысы.



Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет-қылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен қызметтерін аса жоғары психикалық қызметтерге ауыстырады. Енді тума қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар анайы адамиласқан, қоғамдық-тарихи шарттасқан ес, ойлау, қабылдау (қисынды ес, дерексіз – қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан былай тарихи даму үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдала­нып, сөйлеу рәміздерін қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті. Жоғары психикалық қызметтер бірлігі адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие:

· нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалық) жолдармен қабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар таңдаудың түбегейлі жаңа құралы – сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.· адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды бай­ланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.

· сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.

Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады. Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануын болжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.

· жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:

1) ғылым – заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;

2) өнер – болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;

3) әлеуметтік талап, өлшем шектеулер – қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;

4) адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемала­рына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қыймыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.

Сенім – заттасқан дүние зерттеулері және ой қисыны (логика) негіз­дерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.

Қоғамдық сананың барша формалары бірлікті идеология құрайды. Идеология – бұл адамдардың болмысқа, бір-біріне, қоғам өміріне болған қатынастарын реттеуші тірек құндылықтар мен негіздемелік ұғым, пікірлер жүйесі.Сана өзіндік сана және өзіндік жауап әрекетке келу (саморефлексия) қабілеттерімен байланысты.

Өз төңірегіндегі дүниені сезінумен адам өзін сол дүниеге байланыс­тыра қабылдайды.

Өзіндік сана – бұл адамның қоршаған әлемге болған құндылықты – мәнді тұлғалық қатынастарының жүйесі.

Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетік­тері арқылы іске асып отырады. Бидоминанта дегеніміз тұлғаның көп түрлі «мендік» болмыстары (нақты «мен», қияли «мен», өткендегі «мен», болашақтағы «мен», отбасындағы «мен», ресми «мен» және т.б.) арасындағы «ой ортақтасу» қабілеті, оның өзімен өзі қатынасқа келуі. Осы тұлға бойындағы диалог әлеуметтік өлшемдермен жанама күйге енеді. Адамның ішкі «Мені» - интериоризацияланған «Өзге», яғни өмір барысында тұлға бойына сіңген әлеуметтік бастау.

Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның санасында өзіндік қалау- таңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.

Ой, ойлауға қарағанда сана мәні кеңірек. Ол психикалық іс-әрекеттердің барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртұтас, бірігімді бейнесі. Оның құрамы әлемдік бейнелердің сезімдік форма­ларынан (түйсік, қабылдау, елес), рационалдық танымнан (дүниенің жалпылама – теориялық бейнесі), сонымен бірге психикалық өзіндік реттеулердің көңіл-күй, еріктік аймақтарынан тұрады.

Сана - болмыстың категориялық құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет-қылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.

Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы бел­сенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орында­лып барады. Осыдан сана біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие.

Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика), заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы өзіндік бағалау (саморефлексия) қабілетімен сипатталады. Адам санасы оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену бары­сында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді.

Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған орны мен құрылымына тәуелді.

Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды.

9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді семинар дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.

Психика,сана,инстинкт,дағды,т.б



10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Ес психиканың дамуының ең жоғары сатысы ретінде.

2. Естің түрлері мен жүйелері.

3. Қоғамдық және дара ес.Ес,Естің бұзылуы.

1. Оқушыларды бағалау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.



Сабақтың тақырыбы: Эмоционалдық үрдістер мен күйлер.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1.Адам психикасының пайда болуы психика дамуының жоғары сатысы.

2.Жануарлар психикасының даму кезеңдері.

3.Психика материя эволюциясының нәтижесі.

4.Мінез құлықтың өмірге келгеннен кейін қалыптасатын түрлері.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Фрейд.З. Психология бессознательного.М.Просвещение.1989

3. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.Издательство МГУ 1972.

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

6- сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Эмоционалдық үрдістер мен күйлер.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Біздің психикалық өмірімізде эмоциялар ерекше орын алады. Эмоция бұл адамның қоршаған объективтік шындыққа және өзіне өзінің қатынасының көңіл күйі.

*оқыту: Білімді қалыптастыру;

*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі,,мамандыққа бағдарлау;

*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;



5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Ес психиканың дамуының ең жоғары сатысы ретінде.

2. Естің түрлері мен жүйелері.

3. Қоғамдық және дара ес.Ес,Естің бұзылуы.



8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Эмоциялар бұл органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл күйлер. Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың таихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты. Эмоциялар органикалық қажеттіліктермен байланысты, ол адамдарда да болады. Сезімнің эмоциядан айырмашылығы тек адамдарға тән болады.Эмоциялық көңіл күйлер ерекше физиологиялық үрдістермен және ағзадағы өзгерістермен байланысты.М:эмоциялық көңіл күй жағдайында қан айналысы өзгереді, жүректің соғуы жиілей немесе баяулай түседі. Эмоциялық көңіл күйлер адамдарда сөйлеген сөздерінен, даусынан аңғарылады. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда сөздің жылдамдығы өзгереді,ритмика мен дауыс ырғағы бұзылады.

Сезімдердің жылдамдығының ,күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайдың түрлеріне бөлінеді. Олардың негізгілеріне көңіл күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс жатады.

Көңіл күй бұл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді.Көңіл күй әртүрлі себептерге байланысты болады.Ондай себептерге адамның жеке және қоғамдық өмірінде болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Адамдарда көңіл күй әртүрлі боғанымен,әрбір адамға көңіл күйдің басым келетін түрі тән.Осыған қарай адамдардың кейбіреулерін көңілді, шалт, сергек адамдар деп атаса, кейбіреулері жабырқау, көңілсіз болып келеді. Көңіл күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына , іс әрекеттеріне ықпал етеді. Жағымды көңіл күй үстемдік еткенде адам уақытша сәтсіздікті ,қиындықты жеңіл бастан кешіре біледі.Адам саналы құбылыс жағымсыз көңіл күймен күресе алады және күресуге тиісті.

Аффект лат сөзі, қаз жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімді жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз. М: қуаныш, қорқыныш, қайғы. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен болады. Аффектілер көп жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп алады. Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы мүмкін.Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін өзі ұстай алмаудың және өзін өзі басқара алмаудың көрсеткіші болып табылады.Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында кездесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оның алғаш кезінде басып отыруға әрекеттенуі керек. Ол үшін ерікті күшейтіп, ерік жігер сапаларын меңгере білуді қажет етеді.

Құмарлық та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ көңіл күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай.М:білімге ,жаңалық ашуға, еңбекке құмарлық. Бұл құмарлықтың жағымды түрлері. Құмарлық адамның қандай да болмасын қызығуымен, іс әрекетімен байланысты. Құмарлық жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Жағымды құмарлыққа білім алуға ұмтылушылық, өнерге , спортқа әуестену т. б. жатады. Жағымсыз құмарлыққа нашақорлық, ішімдікке салыну, азарт ойындар т.б. жатады.

Стресс ағылшын сөзі,қаз күйзеліс мағынасында қолданылады.Стресс кез келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г.Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады.Бұл көңіл күйлер қауіп төнген жағдайда, үлкен шамадан тыс дене және ақыл ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т.б. пайда болады.

Осындай ахуалдар адамзат қызметінің әртүрлі түрлерінде:еңбек, оқу, ойын, спорт, адамдардың арасындағы өзара қарым қатынас тәжірибесінде, әртүрлі дау дамай ахуалдарда кездеседі. Стресстік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек қана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Стресстік жағдайлар қан тамырлары және ішек қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.

Сезімдер атап көрсетілгендей адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты,сипатына қарай жай және жоғары сезімдер деп бөлінеді.

Жай сезімдерге белгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру неқанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді айтамыз.М: аштық, шөлдеу.Жай сезімдердің ерекше биологиялық мәні зор. Олар бас ми алабына дене жағдайы туралы сигналдаржеткізіп отырады.Жоғары сезімдер адамның рухани дүниесін білдіреді. Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалдық болып бөлінеді.

Біздің психикалық өмірімізде сезімдер ерекше орын алады. Сезімдер бұл адамның қоршаған объективтік шындыққа және өзіне өзінің қатынасының көңіл күйі. Сезімдер адам өмірінің мазмұнын байыта түседі.

Эмоция (көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импуль­сив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінез-қылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:

- эмоцияның қарайлас – бағалау (отражательно-оценочная) қызметі. Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше көңіл аударып, қабылдайды.

Біреудің «жақсы» дегенін, екіншілер «жаман» деп таниды. Бір адамның құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді. - эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.

- эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.

Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо­лар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған.

- эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.

- эмоцияның толықтырушы қызметі. Қандай да проблема бойынша шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша толықтырулар беруде жәрдемге келеді.

- эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)

Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.

Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану. Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.

Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың арқауы, өзегі. Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда - оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс кейпіне енеді.

Түйсіктің эмоциялық кейпі – бұл біздің түйсік сапасына болған қатынасымыз, нысанның қажеттілік қасиеттерінің психикалық бейне­ленуі. Мысалы, біз гүлдің хош иісін, табиғаттың әсем көрінісін ұнатамыз, жағымсыз иістен, шектен тыс шудан тыжырынамыз.

Эмоционалды үндестік – заттасқан ортадағы күнделікті болып жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмо­ционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне байланысты анықталады.

Көңіл-күй (настроение) – бұл жағдаймен шарттасқан тұрақты, психикалық әрекетті қоздырушы не тежеуші эмоциялық қалып. Эмоция не сезімнің әсерімен болатын психикалық белсенділіктің аса жоғары деңгейі – шабыт (воодушевление) ал ең төменгі деңгейі – селқостық (апатия) аталады.

Теріскей ықпалдардан туындайтын психикалық әрекеттің шамалы қателігінен адам жабырқау (расстроенность) қалпына түседі.

Әрқилы эмоциялық ықпалдар жағдайындағы адамның көңіл-күй тұрақтылығы оның әрекет-қылығының бір қалыптылығы мен мінез-құлықтық ұстамдылығынан көрінеді.

Сезімдер – бұл әлеуметтік мәнді құбылыстар бейнесінің эмоциялық формасы. Олар қандай да бір жағдайлардың нақты тұлғаның тіршілік қалпына сәйкестігінен не үйлеспейтіндігінен пайда болады. Сезім әрқашан тұлғаның өзімен, әлеуметтік мәнді құндылықтармен орайлас келеді. Әр адамның өзіне тән, оның тұлғалық бағытын айқындаушы жетекші сезімі болады. Сол сезім адамның болмыспен орнатқан өзара ықпалдасты байланыстарын реттеп отырады.

Сезімдер тәжірибелік, іззеттілік, эстетикалық және танымдық болып бөлінеді.



Тәжірибелік сезімдер – іс-әрекет үдерісінде пайда болатын психикалық қалып.

Іззеттілік (нравственные) сезімдер - өзінің және өзгелердің әрекет-қылығына деген эмоциялық, көңіл-күй қатынасы.

Эстетикалық сезімдер – қоршаған материалдың және әлеуметтік дүниедегі әсемдікке болған сезімталдық, әрқандай сұлулық пен әсемдікті құндылық ретінде тану.

9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Эмоция психикалық процес ретінде.

2. Эмоционалдық жағдайды жіктеу.

3. Стресс.Стресстің стадиялары.

4. Эмпатия туралы түсінік.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Ерік.Ерік үрдістерінің сатылары.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
7- сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Эмоционалдық үрдістер мен күйлер.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік ортаға,іс әрекетке және ең алдымен тәрбиеге және өзін өзі тәрбиелеуге байланысты ерік әрбір адамда еріксіз әрекеттің негізінде дамиды.Ерікті тәрбиелеу еріктің жағымды сапаларын дамыту және бекіту болып табылады.

*оқыту: Білімді қалыптастыру;

*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі,,мамандыққа бағдарлау;

*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет