9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жеке адамның қорғаныс механизмдері туралы түсінік.
2. З.Фрейдтің психоаналитикалық мектебі.
3.Жеке адамның қорғаныс механизмінің негіздері: теріске шығару, қалыптасу, проекция, реакция, рационализация, сублимация.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Түйсік, абсолюттік сезгіштік, психофизикалық заң, сенестизия, апперцепция т.б
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қарым қатынас психологиясы.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005
2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000
3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996
4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001
5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994
№ 14- сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қарым қатынас психологиясы.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің әлеуметтік бағыт-бағдарларымен, олардың мән-мағынасымен, әлеуметтік-психологиялық таным – рефлексиясымен айқындалады.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005
2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000
3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996
4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001
5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Жеке адамның қорғаныс механизмдері туралы түсінік.
2. З.Фрейдтің психоаналитикалық мектебі.
3.Жеке адамның қорғаныс механизмінің негіздері: теріске шығару, қалыптасу, проекция, реакция, рационализация, сублимация.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Кіріспе.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Тұлғааралық қатынастар – бұл адамдар арасындағы объектив пайымдалатын, әрқилы дәрежеде түсіністікпен бағаланатын өзара байланыстар.
Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр. Іскерлік қатынастардан ажырату үшін мұндай байланыстарды экспрессиялы, эмоциялы деп те атау қабылданған.
Тұлғааралық қатынастардың дамуы жыныстық, жас, ұлттық және басқа да жағдаяттарға тәуелді. Аралық байланыстарда әйелдер, мысалы, өзін айқара ашып танытқанды қалайды, өзі жөніндегі мәлімет, ақпараттарды басқалар алдында жайып салуға оңтайлы. Олар көбіне жалғыздығына қиналатынын әңгіме арқауы етеді. Әйелдер адам аралық қатынастарда көрінетін ерекшеліктерімен еленсе, ерлер – іскерлік сапаларымен танылады. Әртүрлі ұлттық қауымдастықтарда өзара байланыстар адамның қоғамдағы беделіне, жыныстық – жастық мәртебесіне, түрлі әлеуметтік топтарда болуына тәуелді түзіледі.
Тұлғааралық қатынастардың ен жаю үдерісі, аралық байланыстар динамикасын, реттеу механизмдері мен олардың даму шарттарын қамтиды.
Тұлғааралық қатынастар дамуының қозғалысты көрінісі: олардың туындауы, бекуі, кемелденуі, кейін бұл үдеріс біртіндеп әлсірей бастайды.
Тұлғааралық қатынастар дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан болады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.Достық қатынас ортақ мүдделік мазмұнға ие болып, мұндай деңгейдегі араласуда адамдар қызығулары, ұмтылыстары мен мақсаттары бір арнаға түседі.
Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің әлеуметтік бағыт-бағдарларымен, олардың мән-мағынасымен, әлеуметтік-психологиялық таным – рефлексиясымен айқындалады. Тұлғалар қатынастарының мәні әлеуметтік қабылдау (перцепция) тетіктері мен себептік (каузальды) жағдаяттардың шарттарына орайласады.
Қабылданатын әлеуметтік нысан нақты адам таңдап алған байланыстар жүйесіндегі мән-мағынамен бағаланады. Қатынасқа түскен адамдар сапалары сәйкес не өзара толықтыратын болса, адамдар арасындағы байланыстар ұнамды сипат алады, ал мұндай екеу не көпшілік сапа, қасиеттері бірі-біріне кереғар келіп, өзара психологиялық сыйымсыздық сипатта болса, қатынастар болымсыз күйге келеді.
Қабылданушы әлеуметтік тұлға әрдайым өзі ниеттеген әсер қалдыру үшін байланыстар табысына жол ашатын, нақты әлеуметтік топтар күткен өз кейіп - келбетін - имиджін, яғни өзінің белгілі тұлғалық бейнесін қалыптастыруға ұмтылады.
Сұхбаттас өз әріптесіне ықпал жасай отырып, әдетте, өз мақсатына жету үшін оған қолайлы әсер қалдыруға, байланыс түзіп отырған адамының мінез-құлығы мен сырттай кейпіне сәйкес әрі бейім өз ұғымын қалыптастыруға тырысады.
Адамның сырттай кейпі оның ұлттық, әлеуметтік сипаты, психикалық сапалары мен мәдениет деңгейі және т.б. жөніндегі көптеген ақпарат мәліметтердің бірігімі ретінде пайымдалады. Бірін-бірі қабылдай отырып, адамдар сұхбаттасының мінезі, психикалық қалпы, оның коммуникативті және іс-әрекеттік бейімдері жөнінде қорытындыға келеді.
Басқа адамдар әрекет-қылығына берілетін баға көбіне асығысты, бір жақты болып қана қоймай, кейде тіпті қисынсыз да болады. Әрекет-қылықтың кейбір себептері орынсыз әсіреленеді не өз деңгейінде еленбей қалады.
Ер мен әйелдің бағалауы мен өзіндік баға беруі сәйкес келмейді. Ерлер өзін не басқаларды сапалық тұрғысынан бағаласа, әйелдер көңіл-күй әсерімен баға береді. Өз қылықтарын әйелдер төңірегіндегі жағдайларға байланыстыра түсіндіруге тырысады.
Адамдардың өзара ықпалдастық байланыстарында тұлғаның бағалау жүйесі ғана көрініп қоймай, олардың ақыл-ес (интеллект) типі де ашылады. Мысалға, эмпирикалық тип тұрмыстағы күнделікті күйбең, майда-шүйдеден әрі аса алмайды, құбылыстар арасындағы жүйелілікті, көптараптылық пен олардың элементтері арасындағы динамиканы аңдай бермейді. Басқа адамдардың әрекет-қылықтарының астарындағы себептерді қарапайымдастыруға бейім. Ал абстрактты тип жалқылықтан гөрі жалпылық қорытынды жасап, заттар аймағынан шығып, дерексіздік деңгейде ой топшылауға қабілетті келеді.
Әрқилы бағалау шектері нақты қызметтестік және қарама-қарсылықтар жағдайында өзінің шынайы көрінісін алады. Дау-дамайлы жағдайды адам қарсыласының әлсіздеу тұстарын табуға ынталы келеді.
Қарым-қатынас субъекттерінің әрқилы мәртебелік деңгейі де өзара бағалау сипатына ықпал жасайды. Басшы өз қарауындағы адам сапасын бір тұрғыдан зерделесе, бағынышты басшыны екінші бір тұсынан бағалайды, мұндайда алдымен басшының сырттай көріністі белгілері көзге түседі де, бағынышты тұлға басшыда өзіне ғана қажет болған сапа көріністерге мән береді.
Сырттай көрініс, ақпарат белгілерін пайдалану адамаралық қатынастардың бәрінде бірдей қабылданған әдіс. Қай жағдайда да адам өз қалауына сәйкес екінші адам әрекетін күтеді. Әрекеті өз ойындағыдай болса, адам қанағат табады, ал күткеніндей болмаса, өкінеді, дағдарысқа түседі, тіпті жек көретін болады.
Адамдардың көбі өздерін өзінде қалыптасқан мінез-құлық талаптарына сай көрсетуге бейімделген. Қарым-қатынас нәтижелерін алдын ала жоспарлай отырып, әріптесін қалайда өзі күткен әрекетке түсіруге тырысады. Көңілшек адам өзін «өкпелі» көрсетеді, тәкаппар тұлға қайткен күнде де қарсыласына «соққы беруге» дайын тұрады. Адамдар әрдайым өз бойында құнды деп таныған қасиеттерін алға тартуға тырысады. Кейбір адамдардың істерін істеп алып, «қайтейін, мен осындаймын!» - деп қасарысатыны осыдан.
Қайсы бір көңіл әсерлері адамның сырттай кейпі, көріністеріне (бой ұстау, ым-ишара, қозғалыс қимылдары) орай қалыптасады, дегенмен мұндайда асығыс пікір топшылаудан аулақ болған жөн. Адамның шынайы мәнін оның әрқилы жағдайдағы әрекет-қылығын талдай отырып, қандай да рольде көріну үшін жамылған бет пердесі түскенде ғана түсіну мүмкін.
Көбіне жақын адамдар арасында қатынастар, бейтаныстар араларындағыдан гөрі қиындау соғады. Мұның себебі: адамды неғұрлым жақсы танысақ, соғұрлым оның нені қаламайтынын білеміз. Құндылықты бағыт-бағдарлары орайласа келген адамдардың өзара түсіністігі жоғарылау келеді. Ал рухани бірлестік болған жерде қатынас мызғымас сипатқа ие болады.
Әр тұлға басқа адамдарды бағалаудың өзіндік өлшеміне ие. Екінші адамды тани отырып, тек өкілі онымен қатынас жасаудың жол-жобасын түзеді, күні ілгері оның мінез-құлығына сәйкестене әрекет жасаудың жолдарын қарастырады. Сонымен бірге, өз әрекетінің әріптесі тұрғысынан қалай қабылданатынын пайымдайды. Осыдан адамда әлеуметтік рефлексия құбылысы пайда болады. Адамдардың бәрі өз бейнесінің араласқан адамдары көңілінде ұнамды кейіппен орныққанын қалайды, өз қадір-қасиетінің беделінің жоғарыдан көрінгенін армандайды.
у, мәжбүрлеу, өкілетті, экспертті және референтті.
Топтағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар
Топ көшбасшысы
Топ жасалуы – бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік бірігімдегі адамдарды өзара байланысты іс-әрекетке және өзара тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.
Топтық жіктеме (дифференциация) – бұл әлеуметтік топ мүшелерінің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі (иерархия).Ресми топтық жіктеме – ресми – рольдік беделдердің өзара тәуелділігі (завод директоры - цех, бөлімшелер бастықтары – бригадирлер – жұмысшылар).
Ресмиленбеген топтың жіктеме – бірлестіктегі жеке тұлғаның беделі топтың әрқилы мүшелерінің оған болған қатынасына тәуелді анықталады.
Кіші топта еленетін негізгі құбылыстар: топішілік қатынастар құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт-бағдары, беделі, ролі, топтың әлеуметтік-психологиялық динамикасы, яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас- байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.
Кіші топ мүшесінің ұстаным сипаты – ұстанымның топішілік құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы. Топқа мүше болған адам ұстанымының (позициясының) кемелді тұлғалық деңгейге жетіп, орнығуы оның тұрақтылығына, қайшылықсыз, яғни бір принциптігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты айқындалады.
Топтық бедел (статус) – топ мүшесінің топішілік қатынастар жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.
Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топта қалыптасқан талаптар жүйесі (нормалар) мен топтық құндылықтар.
Топ басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен қызметтеріне жетекшілік жасайды, ал топтағы бейресми тұлғааралық байланыстар көшбасшы (лидер) тарапынан орындалады. Лидер топ мүшелері тарапынан жоғары бағаланатын психикалық сапаларға ие болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен бағындыру өкілеттеріне ие.
Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал болып, қабылдануы.
Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге шамасы жетпейді.
Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.Топқа басшылық жасау қызметі әрқилы тәсілмен, яғни стильмен атқарылуы мүмкін. Басқару стильдерінің танымал түрлері – әміршіл-әкімшіл (авторитарлы), либералды және демократиялы.
Әкімшіл басшылық стилі – жеке өзімшіл, субъектив сипатты мадақтау және кінәлау жолымен, көбіне бұйыруды құрал еткен басқару түрі.
Либералды басшылық стилі – топ өмірінің бір жақты шешім күтетін, жауапкерлі мәселелеріне араласпауды ұстаным еткен басқару түрі.
Демократиялы басшылық стилі – топ мүшелерінің бәрімен жолдастық, әріптестік қатынас түзуге бағытталған, олардың жұмыс бабындағы ынтасы мен белсенділігін ыждағатты тану және топ тіршілігі мәселелерін ортақтаса талқылау сипатты басқару түрі.
Басшылықтың әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) стилі – қай қызмет саласында болмасын, негізінен өкім, бұйрық басымдылығымен сипатталады, мадақтау мен жазалау өрескел субъективтігімен еленеді.
Басшылықтың өзбастылық (либералды) стилі – топ өмірі мен оған байланысты көкейкесті мәселелерге араласпау, топ мүшелерінің жетігіне парықсыз еріп, көрінген проблемаға орай «бас шұлғып», келісімпаздықтан әрі аса алмау.
Басшылықтың ұлағаттылық (демократиялық) стилі- басшы тұлғаның топ мүшелерінің баршасымен жолдастық қатынас түзе білуімен, олардың қалаған істегі бастау қадамына зерделі ден қоя жүріп, топ қызметінің қалаған мәселесінде дау-дамайсыз еркін пікір-таласты қолдап-қуаттауымен к ерек
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Қарым қатынас туралы түсінік.
2. Қарым қатынас түрлері.
3. Коммуникация процесі,кері байланыс механизмі.
4. Коммуникативтік барьер түсінігі.
5. Интерактивті қарым қатынастың жүйесі
6. Іскерлік қарым қатынас туралы түсінік.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қарым қатынас тәсілдері,түрлері және деңгейлері.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005
2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000
3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996
4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001
5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994
№ 15- сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қарым қатынас тәсілдері,түрлері және деңгейлері.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Қарым қатынас туралы түсінік.
2. Қарым қатынас түрлері.
3. Коммуникация процесі,кері байланыс механизмі.
4. Коммуникативтік барьер түсінігі.
5. Интерактивті қарым қатынастың жүйесі
6. Іскерлік қарым қатынас туралы түсінік.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Кіріспе.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Ортақтасу (общение) – адамдар арасындағы рәміздік жүйе арқылы қоғамдық тәжірибе мен мәдени мұраны бірден бірге өткізуге және бірлікті іс-әрекет ұйымдастыруға бағышталған өзара әлеуметтік ықпалдасты қатынас түрі.
Ортақтасу әрекеті өзінің мазмұны, қызметі және құрал-жабдықтары бойынша ажыралады.
Ортақтасу мазмұны көп мәнді, оның мақсаттары атқаратын қызметтерімен байланысты келеді. Психологияда ортақтасудың төрт негізгі қызметі аталады: ақпараттық – тілдесу (ақпарат қабылдау және жеткізу); реттеу-тілдесу (адамдардың өзара бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағышталған интерактивті саналық қатынасы; қабылдау-тиімділік (адамдарды әлеуметтік нысан ретінде қабылдап, олардың көңіл-күй аймағына ықпал жасау); көңіл-күй – сезім шарпуы (адамның өзіндік көңіл толғанысын сездіре білуі).
Қолданылған құрал-жабдықтарына орай ортақтасу тікелей және жанама, тура және қосымша, сөздік (вербалды) және ым-ишаратты (паравербалды) болуы мүмкін.
Ортақтасу техникасы – психикалық байланыстар құру, ортақтасқан адамға ықпал жасау үшін әрқилы психикалық тәсілдерді қолдану; ортақтасу формасына сәйкес құрал-жабдықтар таңдау.
Ортақтасу формалары: іскерлік, кәсіби, тұрмыстың, жеке және көпшілікпен байланыс жасау.
Сөйлесудің (коммуникация) негізгі құралдары – лексикалық және синтаксистік ұйымдасқан табиғи ауызша сөз. Сөйлесу барысында хабарлаушы айтатынын рәміздік (код) жүйеге келтіреді де ақпарат қабылдаушы оны рәміздік күйден ұғымға келтіреді (декодирование). Ақпаратты рәмізге түсіру, оны сөздік құрамға келтіру ақпараттың мән-мағынасын алдын ала ұғып алуға байланысты орындалады. Ал ақпаратты қабылдау сөздік сигналдардың рәміздік шешімін табу (декодирование) және олардың мағынасын ұғу үдерістерінің бірлігімен атқарылады.
Сөйлесу үдерісінің құрылуы – күрделі іс-әрекет түрінен, алдымен адамда сөйлесу әрекетіне деген ынта-ықылас (мотив) туындайды, кейін айтар ойын бағдарламаластырады, лексикалық және синтаксистік тұрғыдан өрнектейді, іштей (күбірлеп) айтып шығады, содан соң ғана дауыстап, хабарлайды. Ауызша сөйлесуде бұлардың бәрі бірқалыпты (стереотипті) қайталанып барады.
Айтушының сөзі экспрессивті (сезімдік) аталады, ал тыңдарманның қабылдау әрекеті импрессивті сөзбен байланысты. Импрессивті сөз талдаумен (қабылданатын ақпарат құрамды бөлік, мәнді элементтерге ажыралады) және біріктірумен (синтез – сөйлемнің жеке элементтері біріктіріліп, мағыналық сұлбаға түсіріледі) бірге жүреді.
Тек өкілінің сөзі оның мәдени деңгейін, жан дүниесін, психикалық өзіндік реттеулер ерекшеліктерін байқатады, яғни «ауызын ашса – көмекейі көрінеді». Дұрыс әрі соны өз ойын өрнектей алмау – адамның ой шорқақтығының белгісі. Сөйлеу мәнері мен ортақтасу тәсілі – тұлғаның дүниетанымын, нәзік сезімталдығын, ой-өріс, ақыл мүмкіндіктері мен жалпы сауаттылығын танытады.
Ортақтасу барысындағы мәнді ақпарат алмасудың (сөйлесу) және бір жағдаяты – бұл мәлімет жеткізудің және оны қабылдаудың сөздік емес (паралингвистикалық), яғни ым-ишаратты құралдары. Мұндай жабдықтардың үш түрі ажыралады: дыбыстық (фонационды), қозғалыстық (кинетикалық) және графикалық (жазба).
Дыбыстық паралингвистикалық құралдар қатарына – дауыс ырғағы, сөйлеу жеделдігі мен көтеріңкілігі, екпін тұрақтылығы, дыбыстау ерекшеліктері және іркілістер мезетіндегі әрекеттер – кіреді.
Сөйлеудің қозғалыстық қосымшалары – дене қимылы (жесты), дене қалпы (поза), ым-ишара (мимика).
Адам ым-ишарасы өз бастауын жануарлар әлемінен алады. Адам мен жануардың ортақ ым-ишаралары баршылық, мысалы қорқыныш, үрку, қатерлену сезімдерін білдіру өзара ұқсас келеді. Алайда, тек өкілі – адам өзіне тән ерекше ишараларымен жануарлардан бөлектенеді: шабыттану, таңдану, көңіл білдіру – жануарлар мимикасында жоқ белгілер.
Тілдесудің сөздік не сөздік емес құралдары ортақтасу мақсатына, формасына, әріптеске болған қатынасқа орайлас болуы шарт. Көптеген көңіл-күй – шарпулы сезімдер астар саналы (подсознательные) келіп, ортақ әңгіменің жасырын сыр-қырларынан мәлімет беруі ықтимал (көз астынан сүзе қарау – ашу белгісі, айқара құшақ жаю – шын ниет белгісі, қол ұшын әзер ұсына сәлемдесу – менсінбеу, т.б.). Оқыс сөз, кібіртіктеу, аңдамай сөйлеу – бұлар да ортақтасу субъекттерінің астар саналы бағыт-бағдарынан хабар береді.
Ортақтасу барысында тұлғаларды өзара түсіністікке келтіретін негізгі тетіктер- ұқсату (идентификация), басқаның көңіл-кейпіне ене білу (эмпатия), субъекттің өзін-өзі тануы мен басқаның кейпін сезе білуі (рефлексия).
Ортақтасу тұрғысынан идентификация – бұл тұлғаның өз сұхбаттас не іс-әрекеттік әріптесін тану және оның ойы мен ұғым-түсініктерін анық қабылдау мақсатымен ой аймағында оған ұқсап бағуы және өзін оның орнына қоя, бағалауы. Эмпатия – бұл да тұлғаның оймен өзін басқаға сәйкестендіруі, бірақ бұл үдерістегі негізгі мақсат – әріптестің толғаныс не күйзеліс сезімдерін түсіне, көңіл білдіру.
Өзара түсіністікке келу проблемасындағы рефлексия мәні – әрбір тұлғаның өз бойындағы қасиеттерін әріптесінің көзімен ой сарабына сала білуі. Өзара түсінісу барысында рефлексия субъекттердің қатынас жасау әрекет-қылығын бағыттап, қалыптастыруға, олардың бір-бірінің ішкі жан-дүниесі ерекшеліктерін барластыруға жәрдемдесетін ерекше кері байланыс құралы ретінде қабылданған.
Қарым-қатынас барысында кері байланыс – әріптес әрекет-қимылы, оның сөйлесу мазмұнына болған қатынасы – кең қолданылады. Әріптестің ішкі ойын, жасырын сырларын жарыққа шығару үшін оны кері байланыс әрекеттеріне әдейі келтіру де көзделеді.
Қарым-қатынас жасау, әңгіме-сұхбат жүргізу шеберлігі әріптестердің әрқайсысы өзін сұхбаттас адамының орнына қоя білуі, ол ойлағандай ойлауы, төңіректегілерді ол қабылдағандай қабылдай білуі, әріптесінің көңілі тұрғысынан оның әрекеттеріне сипаттама бере алуы сияқты психологиялық қабілеттерден құралады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1.Вербальды және вербальды емес қарым қатынас: кинесика, проксемика, такесика, паралингвистика.
2.Қарым қатынастың деңгейлері, контактты әрекеттесудің түрлері, коммуникативті ықпал.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Түйсік, абсолюттік сезгіштік, психофизикалық заң, сенестизия, апперцепция т.б
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Топтағы,ұжымдағы тұлға аралық қарым.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005
2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000
3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996
4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001
5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994
№ 16- сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Топтағы,ұжымдағы тұлға аралық қарым қатынас.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің әлеуметтік бағыт-бағдарларымен, олардың мән-мағынасымен, әлеуметтік-психологиялық таным – рефлексиясымен айқындалады.
*оқыту: Білім білік дағдыларын қалыптастыру.
*тәрбиелік:Сұлулық тәрбиесі,өнердегі сұлулықты түсіне білу.
*дамыту: Еріктілікті дамыту,танымдық қызығушылықты арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |