Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
2014-2015 оқу жылының есебі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің №722 Қаулысымен 2011 жылдың 28 маусымында ашылып, (Серия АБ №0142692) мемлекеттік лицензиясын алған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде мерзімі шектелмеген білім мекемесі ретінде және ҚРӘМ Оңтүстік Қазақстан Әділет департаментінде 2011 жылы 8 шілде айында (245-1958-01-РМК №110740004288) заңды тұлға ретінде тіркелген.
2012 жылдың шілде айының 7 –сіне ИСО 9001-2008 ХС талаптарына сәйкес сертификаттаушы орган Русский Регистр-Евразия «РРЕ» ЖШС институттың үрдістерін жүйелі түрде және сапалы жүргізу мақсатында енгізілген сапа менеджмент жүйесін сараптап, сыртқы аудиттен сәтті өтуіне байланысты №12.0522.026 сертификатын иеленген. 2015 жылдың 4-6-мамыр күндері ресертификациялық аудит жүргізілген. Сапа менеджменті жүйесінің ХС ИСО 9001-2008 талаптарына және № 15.06700.302 СМ ресертификация нәтижесінің есебіне сәйкес, қайта сертификаттаудан сәтті өтті. Сертификаттау мерзімі 3 жылға, яғни 2018 жылға дейін ұзартылды.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Бақылау комитетінің комиссиясы тексеру нәтижесінде институт жұмысын білім саласындағы заңнамасына және білім беру қызметін лицензиялау талаптарына сәйкес деп тапты.
2015 жылдың 2-9 сәуір аралығында ОҚМПИ институционалдық және 23 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі жүргізген сыртқы аудиттен сәтті өтуіне байланысты оқу орнымыз 5 жыл мерзімге, яғни 24.04.2020ж. дейін ұзартылған куәлікке ие болды (институционалды куәліктің тіркеу нөмірі: IА № 0057, мамандандырылған куәліктің тіркеу нөмірі: SA № 0052/1; SA № 0052/2; SA № 0052/3; SA № 0052/4; ).
Институттың миссиясы – нәтижеге бағытталған білім беру негізінде қоғам мен мемлекеттік мүдде қажеттілігіне сай білікті кәсіби педагогтарды дайындау.
Институттың стратегиялық даму бағдарламасы моделінің принциптері:
білім беру сапасы;
тиімді бәсекелестікке қабілеттілік;
білім беру, ғылым мен инновациялық қызметтің интеграциясы;
бәсекелестікке қабілетті, кәсіби біліктілік құзыретіне ие, әлеуметтік жауапты жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту;
институттың білім және ғылыми үдерістеріндегі инфрақұрылым сәйкестігі.
Институтты корпоративті басқару элементтерінің бірі институттың қамқоршылық кеңесінің жұмысы және жұмыс берушілермен байланыс болып табылады.
Аймақтағы жұмыс берушілер төмендегі әрекеттерге қатыстырылды:
білім беру бағдарламасын құрастыруға;
мамандықтың таңдау пәндері модулдерінің тізбесін анықтауға;
іс-тәжірибе базаларын ұсынуға және студенттерге жетекшілік жасауға;
«ОҚМПИ бітірушілерінің білімі мен біліктілігін бағалау» анкетасына;
диплом жұмыстарына пікір беруге;
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясы мүшелігіне.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның білім саласындағы ынтасын іске асыруын, сонымен қатар Болон процесіне қосылу, қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарын халықаралық деңгейде тануын қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Институттың кадрлық құрамы
2014-2015 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының кадрлық потенциалын 493 қызметкер құрады. Оның ішінде 265,5 штат бірлігінде 262 оқытушы-профессорлар құрамы жұмыс атқарды. Ғылыми атағы мен дәрежесі бар оқытушылардың сапалы көрсеткіші 57,2 пайыз болды.
ОПҚ |
2014-2015 жылы
|
Барлық ОПҚ (саны)
|
262
|
Келiсiм шарт түзiлген ОПҚ (саны)
|
256
|
Қосымша жұмыс атқарушы
|
6
|
2014-2015 оқу жылында 0,5 мөлшермен жұмыс атқарған – 7,9%, ал 0,25 мөлшермен жұмыс атқарғандар – 5,2%. Оқытушы-профессорлар құрамының толық және толық емес мөлшермен жұмыс атқарғандардың саны және пайыздық үлесі төмендегі кестеде көрсетілген:
ОПҚ |
2014-2015 оқу жылы
|
Штаттық үлесі %
| Штат бірлігі |
265,5
|
100%
|
Толық мөлшермен жұмыс атқарған ОПҚ (саны)
|
227
|
84,7%
|
0,5 мөлшермен жұмыс атқарған ОПҚ (саны)
|
21
|
7,9%
|
0,25 мөлшермен жұмыс атқарған ОПҚ(саны)
|
14
|
5,2%
|
Барлығы
|
262
|
97,8%
|
ОПҚ |
2014-2015 оқу жылы
|
ғылыми дәрежесi мен атағы бойынша ОПҚ орта жасы
|
51
|
ғылыми дәрежесi мен атағы бойынша ОПҚ пайызы (%)
|
57,2 %
|
2014-2015 оқу жылында оқытушылардың біліктілігін арттыруы.
Институт профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлері институт ашылған 2011 жылдан бері Алматы, Астана қалаларында және “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығында, шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Біліктілікті арттыру курстары туралы мәлімет
Оқу жылдары
|
Барлығы
|
Соның ішінде
|
ОПҚ
|
Қызметкерлер
|
Шетелде
|
2011-2012
|
19
|
17
|
2
|
|
2012-2013
|
15
|
13
|
2
|
|
2013-2014
|
49
|
44
|
5
|
12
|
2014-2015
|
126
|
112
|
14
|
8
|
Жалпы
|
209
|
186
|
23
|
20
|
Біліктілігін арттырған ОПҚ үлесі
|
71,3%
|
Біліктілігін арттырған қызметкерлер үлесі
|
10%
|
Достарыңызбен бөлісу: |