Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі География пәнінің мұғалімі Мұстафаева Кенжекүл Сынып



Дата18.02.2017
өлшемі54,61 Kb.
#10002
түріСабақ


Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

География пәнінің мұғалімі Мұстафаева Кенжекүл


Сынып: 7 «а»

Тақырыбы: «Солтүстік Америка» тарауы бойынша қайталау сабағы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – «Солтүстік Америка» тарауы бойынша өткен білімді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Солтүстік Американың физикалық және саяси картасы

Сабақ түрі: Өткен материалды бекіту сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (3 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (35 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және материкті табиғат зоналарын сұрайды. Сосын балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды.


Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, материкте кездесетін табиғат зоналарды көрсетеді. Сосын сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

1.Психологиялық дайындық

2.Одан кейін мұғалім оқушыларды топтарға бөліп, 5 топ құрайды, оның ішінде 5 оқушыдан болады. Әрбір топқа ат береді. Бағалау парақтарын тарқату.

І топ «Географтар»

ІІ топ «Климатолог»

ІІІ топ « Гидролог»

IV топ «Биолог»

V топ «Этнограф»

3. «Кім жылдам?» ойыны

Ойынның бірінші кезегінде мұғалім топ мүшелеріне сұрақтар қояды, сұраққа жауап беруіне байланысты топ ұпай жинайды. Егер топ жауап бере алмайтын болса, онда келесі топқа жауап беріп, ұпай жинауға болады.

1.Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны?

2. Материктің солтүстік шеткі нүктесі 3. Кордилера тау жүиесінің пайда болу себебі не?

4. Атлант мұхит алабына қандай басты өзен құяды?

5. Солтүстік Американың ең ұзын өзені

6. Көлемі жағынан ең үлкен арал? 7. Ұлттық табыс ең жоғарғы мемлекет?

8. АҚШ тың ауданы?

9. Арктикалық шөл зонасында мұз дәуірінен сақталған қандай жануар тіршілік етеді?

10. Материктің байырғы халқы?

11. Солтүстік Американың ең биік нүктесі?

12. Солтүстік Америка материгінде қандай климаттық белдеу кездеспейді? 13. Солтүстік Америкада прерий деп нені атайды?

14. Ұлы көлдер қалай пайда болған?

15. Солтүстік Американың халқы қанша? 16. Ауқымы жағынан нешінші орында және қай мемлекеттерден кейін?

17. Маретиктің шығыс шеткі нүктесі? 18. Материктің ең теңіз деңгейінен төмен жатқан нұктесі?

19. «Бионг» ұшағы қай қалада жасалады және сол қаланы картадан көрсет?

20. Ұлттық саябақтар саны?

21. Материктің оңтүстік шеткі нүктесі? 22. Солтүстік Американың негізгі алаптарын ата?

23. Солтүстік Америкада тау жүйесі қай бағытта орналасқан?

24. Өзінің табиғи ерекшелігімен әигілі сарқырама?

25. Тундра зонасында Солтүстік бұғылардың қандай айрықша түрі мекен етеді?

26. АҚШ тың халқының саны канша? 27. Әкімшілік құрлымы неше штаттан тұрады және орталығы? 28. ҒТП жетілуі қандай пайдалы қазбаларды игеруде қолданып отыр? 29. Ең жетекші саласы? 30. АҚШ тың әлемдегі туристерді өздеріне тартатын әйгілі орталықтарды атандар?

Сосын әрбір топ өз мамандықтарына сай ақпарат береді.



4. Бекіту кезеңі; ВЕНН диаграммасы (Екі материктің ұқсастығы мен ерекшелігі)

Еуразия С.Америка




Оқушылар топқа бөлінеді,өз топбасшысын тағайындайды.

Топ ережесін еске түсіреді.

Әр топтан топ басшылар топ мүшелерінің жауабына бағалау парақтарына баға қойып отырады . Әр оқушы өз білетіндерін еркін жауап береді.

1. (тек оңтүстік жарты шарда)

2. (Мерчисон м.)

3.(литасфералық тақталардың соқтығысу нәтижесі)

4. (Миссисипи өзені)

5 (Миссисипи өзені)

6. (Гренландия)

7. Ұлттық табыс ең жоғарғы мемлекет? (АҚШ)

8. ( 9 млн 336мың км )

9. (қой өгізі)

10. (үндістер мен эскимостар)

11. (Мак Кинли)

12. (экваторлық белдеу)

13. ( )


14. (Мұздықтардың әсерінен пайда болған ойыстарда)

15. (450млн)

16. (4 орында, Ресей, Канада, Қытайдан кейін)

17 (Сент Чарльз м.)

18. (Өлім аңғары)

19. (Сиэтл)

20. (50 ден астам)

21. (Мариято)

22. ( Тынық, Атлант, Солтүстік Мұзды Мұхит алаптары)

23. бойлық

24. (Ниагара сарқырамасы)

25. (Карибу)

26. (275 млн адам)

27. (50 штаттан тұрады, орталығы Вашингтон қаласы)

28. (мұнай, табиғи газ, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалар)

29. (машина жасау)

30. Диснейленд,Иллеустон

Географ» тобы Солтүстік Американың географиялық орнын, ашылу және зертелу тарихын, пайдалы қазбаларын зерттейді.

«Климатолог» тобы Солтүстік Америка құрлығының климатының басты ерекшелігін, күшті желдер, құйын жауындар, торнадо және климат белдеулерін зерттеп баяндайды.

«Гидролог» тобы материктің өзен жүйелерін, экологиясын, Колорадо каньонын, Ниагара сарқырамасын, көлдерін зерттеп сипаттайды.

«Биолог» тобы әр табиғат белдемінің өсімдіктерін, жануарларды, топырағын, ерекше өсімдік пен жануарларын зерттеп сипаттайды.

«Этнограф» тобы Солтүстік Американың халқын зерттеп, саяси картадағы елдерге талдау жасайды.



Әр топ тарқатылып берілген Венн диаграммасын жылдам, нақты толтырып береді.

ІV

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысуына, біліміне, топтық ынтымақтастығына байланысты бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Кері байланыс. Сабақтан алған әсерін стикерге жазып, плакатқа бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет