ОҢТҮстік қазақстан облысы бәйдібек ауданы мыңбұлақ жалпы орта мектебі



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі6,12 Mb.
#20202
1   2


МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫ

Кіріспе
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел иесі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауында 2030 жылы Қазақстанның өзге елдерге үлгі ел болатыны жайлы айтқан үмітін іске асырар ұлттық тұлға тәрбиелеу – барлық ұстаздардың абыройлы борышы мен міндеті деп атап көрсетті.

Тәулесіз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыруда еліміздің болашағының тұғыры биік, тұтқасы мықты болуы – білімді сауатты ұрпақтың еншісінде. Сондықтан да қазақ тілі пәнін оқытудың сапасы мен мақсатын одан әрі жетілдіру де бүгінгі күннің талабы. Халқымыздың біртуар азаматы, қазақтың көрнекті қайраткері Жүсіпбек Аймауытов ана тілін оқытуда мынадай тұжырымдама жасаған: «Бала оқытуды тілден бастайды. Яғни балалардың тілі мен сөз байлығын байыту. Бала сөйлегенде, жазғанда – тілді, сөйлеуді дұрыс қолдандыру» деп атап көрсеткен.

Бастауыш мектептегі негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі. Қазақ тілі пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениеті, моральды, дүнинтанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі. Ал балаларды сөйлеуге, басқаның сөзін ұғынуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру – әрбір оқушының міндеті болып табылады.

Мектептегі ұстаздардың оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, ал сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл. Міне сондықтан әрбір сабақта балаларды дұрыс сөйлей білуге, басқаның сөздерін терең, мағынасын түсіне білуге, ұғынуға, өз бетімен қатесіз сауатты жазуға және оқуға төселдіру – әрбір оқытушының міндеті болып табылады.

Өзім жетекшілік ететін 4-сыныбымда үнемі әрбір сабақ сайын «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолданып қелемін.» Осы тұрғыда сыныбымда мультимедия кабинетіндегі интерактивті тақта арқылы сабақ өту – балалардың ой-өрісінің жан-жақты дамуына ықпал етеді, әрі балалар қызыға тыңдай отырып, сабаққа белсенділігі артады. Осындай үлгіде: интерактивті тақта арқылы өткізген қазақ тілінен «Сөз таптары» атты тақырыпта өткізген ашық сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік: Сөз таптары туралы алған білім-білік дағдыларын іс-жүзінде меңгерту.

Білімділік: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге, зер салып тыңдауға, құрметтеуге, жауапкершілікке әдепті және батыл сөйлеуге, адам бойындағы жақсы қасиеттерге білімге құштарлығын тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын дамыту., сөз таптарын өзара салыстыра отырып, айырмашылығын білу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ребус, сөзжұмбақ, тест,

сызбалар.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.

ә) Психлолгиялық дайындық.

Мұғ: Балалар, бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екендігімізді танытып, сөйлеу ережесін сақтай отырып, дұрыс сөйлеп, анық айтуға тырысайық.

Оқушылар: Сөзіңізді тыңдаймыз,

Ойға тоқып сақтаймыз.

Білім нәрін жинаймыз,

Деп сабақты бастаймыз.



Мұғ: Бәріміз тақтадағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына бір тармағына назар аударайық.

О: «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» Н.Ә. Назарбаев.

М: Осы сөйлемді қалай түсінесіңдер?

О: Б.Момышұлы атамыз былай деген: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».

О: Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

О: Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіл.

О: Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық.

О: ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

О: 1997 жылы 11-шілдеде «Тіл туралы Заң» қабылданды.

М: Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейін Ата Заңымыздың 7-бабында ҚР-ның мемлекеттік тілі қазақ тілі деп атап көрсетілген. Сондықтан өз тілімізді құрметтеп, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білуіміз керек. Осының бәрін үйрететін қай сабақ?

О: Қазақ тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

М: Балалар, өткен қазақ тілі сабағында қай тақырыпқа келіп тоқтадық?

О: Бақылау диктантын жаздық.

М: Яғни біз «Сөз және оның мағынасы» бөлімін аяқтап, осыған байланысты жазба жұмыстарын жаздық. Балалар, биыл қандай жыл?

М: Алдымызда қандай мерекені тойлағалы отырмыз?

М: Енді қандай жыл кіреді?

М: Жаңа жылда нені безендіреміз?

М: Шыршаға нелер ілеміз?

М: Ендеше, шыршадағы ойыншықтардағы тапсырмасын орындасақ, шыршамыз жарқырай түседі.

1-сұрақ: Тасбақа сөзі қандай сөздер тобына жатады?

О: Бұл күрделі сөз. Бұлар екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді айтамыз. Мысалы: бозторғай, Сарыарқа, тасбақа.



2-сұрақ: ҚР қалай оқылады?

О: Қазақстан Республикасы. Бірнеше сөзден құралатын атаулар қысқартылып
айтылады. Мысалы: БҰҰ, АҚШ,ТМД. Бұларды қысқарған сөздер дейміз.

3-сұрақ: Келесі тапсырмада Аққу сөзі.

О: Аққу сөзі – біріккен сөз. Бұлар екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөз дейміз. Мысалы: шекара, Ақмарал.

4-сұрақ: Әке-шеше қандай сөз?

О: Екі сөздің қосалануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (–) қойылады. Мысалы: көре-көре, сөйлей-сөйлей, құрал-сайман, әке-шеше.

5-сұрақ: Сөз мағынасы тануда неше түрге бөлінеді?

О: Сөз мағынасының 3 түрі бар. Мағынасы жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, дыбысталуы бірдей, мағыналы әр басқа сөздер.

М: Міне көрдіңдер ме? Шыршамыз жарқырады. Жарайсыңдар, балалар!

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. «Ой шақыру» кезінде «Сөзжұмбақ» шешіп көрелік. Әдеттегідей сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. (тақтада орындалады)

1. Тілдің негізі. (сөз)

2. Өзім сөзден тұрамын

Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)

3. Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Қай сөз табының сұрағы? (зат есім)

4. Не істеді? Қайтті? Не қылды деген

Сұрақтар қай сөз табы? (етістік)

5. Қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қай сөз табы? (сан есім)

6. Өлеңмен жазылған шығарма. (поэма)

7. Сөздің ең түпкі бөлшегі (түбір)

8. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. (жалғау)

9. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша. (жалғау)

10. Қандай? Қай? деген сұрақтар қай сөз табы? (сын есім)

2. Мағынаны тану кезеңінде кестемен жұмыс жасау.

1
Сөз таптары


-жаттығу.



Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

тігінші

өнер


ұя

таң


көке

жарысады

түсінді


ұмтылды

озды


әдепті

көкшіл


кең

тәтті


тұнық

үш

жетінші


алтау

жиырма бес



Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Заттың сынын, түрін, түсін білдіреді. Қандай? Қай?

Заттың санын, ретін білдіреді. Қанша? Неше? Нешінші?


М: Балалар біздер бастауыш сыныпта сөз таптарының негізгі: зат есім, етістік, сын есім, сан есімді жақсы танып білдік. Қазақ тілінде негізінзе 8 сөз табы бар. Олар:

  1. Зат есім. Кім? Не?

  2. Етістік. Не сітеді? Қайтті?

  3. Сын есім. Қандай? Қай?

  4. Сан есім. Қанша? Неше? Нешінші?

  5. Есімдік. Мен, сен, ол, кім. өзі, біз, т.б.

  6. Үстеу. Қашан? Қайда? Қалай?

  7. Шылау. Да, де, та, те, т.б.

  8. Одағай. Бәрекелді, япырмай.

М: Міне, біз бүгіннен бастап 8 сөз табына жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз. Олар: есімдік, үстеу, шылау, одағай. Яғни біздер сөз таптарының беретін мағынасын, қандай сұраққа жауап беретіндігін тұлғасына қарай, құрамына қарай, іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай бірнеше түрлерге бөлінетіндігімен танысатын боламыз.

Балалар, ендеше оқулықпен жұмыс жүргізелік. Оқулықтағы 2-жаттығуды орындайық. Берілгенін оқиық.



О: Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.

Үш ішік тыстадым,

Үш үскі ұштадым.

Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта. (жаттығу тақтада орындалады). Зат есім: не? Ішік, үскі. Сан есім: неше? Үш, үш. Етістік: не істеді? Тыстадым, ұштадым.



М: Ішік дегеніміз не?

О: Қой терісінен тігілген тон.

М: Үскі дегенімз не?

– Үскі деп – былғарыны, ағашты т.б. заттарды тесетін іші қуыс бізді айтамыз.



3-жаттығу: Мәтінді оқыту. Мәтіннің бастапқыбөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талдау жаса.

Зат есім Зат есім етістік зат. Зат е. Зат е. Сан е. етістік

Борсық Қазақстанда кең тараған аң. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады.

Сын е. Сын е. Сын е. Сын е. Зат е. Етістік.



Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

Ребус шешу

Қыс түсті. Қар жауды.
Суреттермен жұмыс жасау.

4-жаттығу: Осы сурет арқылы Берілген зат есімдерді сын есім, сан есім, етістіктермен тіркестіріп жазу.

Асау жарқырады көлде

Шапты сәулесі тынық

Екі нұрланып жүзді

Екі асау тай шапты. Күн сәулесі нұрланып, Аққу тынық көлде жүзді



жарқырады.

қар Асан балапан

басында озат жеті

түсті тәртіпті ашты
Тау басында қар түсті. Оқушы сабақты жақсы оқиды. Тауық жеті балапан ашты.

5-жаттығу: Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Зат е. Сын е.

Қауырсыны көгілдір,

Сын е. Зат е.

Кішкене құс

етістік

Беткейде өріп жүр.



М: Шешуі не?

О: Шіл.

М: Шіл қандай құс?

О: Шіл – жыл құсына жатпайды. Таулы жазық беткейлі жерлерде мекендейді.

ІV. Сабақты бекіту.

3. «Ой толғау» кезеңінде тестік тапсырмалар үлестіремін.

Қорытынды:

М: Сонымен балалар, заттың нелері болды?

О: Заттың аты, сыны, саны, қимылы.

М: Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

О: Сөз таптары.

М: Ендеше сөз таптарын атайық.

О: Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай.

Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Үйде 6-жаттығудағы керісінше сөзжұмбаққа сұрақтар жазып келу.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Қазақ тілі оқулығы 4-сынып

  2. Қазақ тілі оқыту әдістемесі

  3. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар.

  4. Бастауыш сынып журналдары.

  5. Болашақ газеті.

  6. Мектеп журналдары.

  7. Қазақ тілінің морфология саласы. Авт: Қ.Ысқақов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет