Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы әдістемелік орталық Физика пәнінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалары



бет1/31
Дата27.11.2019
өлшемі3,28 Mb.
#52565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
7 сынып БЖБ ТЖБ жинақ физика (1)

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы

Оңтүстік Қазақстан облысы әдістемелік орталық

Физика пәнінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқу-әдістемелік құрал



Шымкент

2018

КБЖ 74.262.22

Ж 28

Оқу-әдістемелік құрал Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылған, №3 хаттама 30.05.2018ж.



Бимырза М.К. – ОҚО Шардара ауданы, «Қызылқұм» жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі

Дуйсембекова Г.Е. – Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығының физика пәні әдіскері
Пікір айтушылар:

Турсынбаев А.Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығы директорының инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, п.ғ.к.

Ералиев Т. – Сарыағаш аудандық білім бөлімінің физика пәні әдіскері.

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша физика пәнінен 7-сыныптарға

Ж28 арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы: оқу-әдістемелік құрал

/құраст. М.Бимырза, Г.Дуйсембекова. – Шымкент: Оңтүстік Қазақстан облысы

әдістемелік орталығы, 2018. – 104б.

Бұл құрал, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 7-сынып оқушыларына «Физика» пәнінің оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге арналған көмекші құрал ретінде құрастырылған. Тапсырмалар мұғалімге оқушылардың бөлім және тоқсан бойынша жоспарланған қол жетімді оқу мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік құрал білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, физика пәні мұғалімдеріне арналған.

КБЖ 74.262.22



© Оңтүстік Қазақстан

облысының әдістемелік

орталығы, 2018

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.........................................................................................................4




«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі.............................................5




«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі.......................................10




«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» бөлімі....................16




1-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................24




«Тығыздық» бөлімі..................................................................................28




«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі.................................................33




2-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................43




«Қысым» бөлімі.......................................................................................48




«Жұмыс және қуат» бөлімі.....................................................................56




3-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................65




«Энергия» бөлімі.....................................................................................73




«Күш моменті» бөлімі.............................................................................80




«Жер және ғарыш» бөлімі......................................................................87




4-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................93




Қорытынды..............................................................................................100




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................101





КІРІСПЕ

Егеменді елдің ертеңі халқының интеллектуалдык потенциалының жан-жақтылығымен және алған білімінің тереңдігімен, үздіксіздігімен байланысты. Ғылымда дүниетанымның диалектикалық бірлігі «табиғат-қоғам-адам» ойының жүйелілік бірлігімен айқындалады. Дүниетанымның өзекті тірегінің бірі табиғат болғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының өзара байланыс әрекеттері туралы білім меңгерілуі керек.

Ұстаз оқушыларын қазіргі жаратылыстану ғылымы, қоғамдағы алатын орны, өзін қоршаған ортамен әрекеті, адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, табиғаттың көптеген процестері мен құбылыстары және тепе-теңдік заңдылықтары, экологиялық жағдайларды анықтау туралы ғылыми білімдер жүйесімен қаруландырады.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз игілігіне жұмсайтындар, сөз жоқ қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екендігі белгілі. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірге байланысты ұйымдастыру оқушылардың қызығуын, білімге құмарлығын арттыру, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулу, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдени сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы.

Оқу-әдістемелік құрал жаңартылған бағдарламаға көшкен 7-сыныпқа сабақ жүргізетін физика пәні мұғалімдеріне бөлімдер бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін көмекші құрал ретінде құрастырылған. Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары екі нұсқада берілген. Тапсырмалар физика сабағында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Аталған әдістемелік құрал оқушылардың білім деңгейін бөлім бойынша, тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып бағалау критерийлерін түзіп, оларға сәйкес бөлімдер бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар және жиынтық бағалауға тапсырмалар, дескрипторлар мен балл қою кестесі берілген. Сонымен қатар әр бөлім үшін жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика жасалған. Әдістемелік құралды кез келген мұғалім өз сабақтарында қолдана алады.

Оқу-әдістемелік құрал физика пәні мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, өңірлік үйлестірушілерге арналған.

«ФИЗИКА – ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Оқу мақсаттары: 7.1.1.1 Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

7.1.1.2 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату



Бағалау критерийі Білім алушы:

  • Физикалық құбылыстарды ажыратады

  • Зат, дене түсініктерін ажыратады

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейлері : Білу және түсіну

Орындау уақыты: 15 минут

Тапсырмалар

І нұсқа

1. Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы бірмезгілде механикалық және жылулық болып келеді?





2. Дене және зат түсініктерін ажыратыңыз



Алюминийден жасалатын физикалық денелерді жаз

Денелерді жасауға болатын заттарды жаз.



1.

1.

2.

2.

3.

3.

3. а) Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланып нөсерлетіп жаңбыр жауды. Жаңбыр басылғаннан соң аспанда бұлт сейіліп, жерге қарай иілген алып доға тәрізді кемпірқосақтың пайда болғанын көруге болады.



ә) Күн сәулесі түскенде қолайлы сәтті пайдаланып, жалюзді жауып, арасынан кішкене саңылау қалдырып, шыны әйнек арқылы параққа түскен кемпірқосақ түстерін байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет