Сабақтың тақырыбы Сценарийді жүзеге асыру



Дата03.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#108240
түріСабақ
Байланысты:
Сценарийді жүзеге асыру





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Компьютерлік ойынды құру


Мектеп: №257 орта мектеп

Күні: 01.03.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Әбілқасымова Ә.Қ.

Сынып: 6 «а»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сценарийді жүзеге асыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 – ойын ортасындағы программалау сценарийін әзірлеу және жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • ойын ортасындағы программалау сценарийін әзірлеп, жүзеге асырады

Оқушылардың басым көпшілігі:

  • ойын ортасындағы программалау скриптілері мен команданың қызметін сәйкестендіре алады

Кейбір оқушылар:

  • формуланы құрай отырып, сценарийді жүзеге асырады

Бағалау критерийі

  • Программалау сценарийін әзірлейді

  • Ойын ортасында бағдарламаны түзетеді

  • Программалау ортасында сценарий нәтижесін шығарады

Тілдік мақсаттар


Термин сөздерді пайдалана отырып, ойын ортасында программалау сценарийін ауызша түсіндіре алуға баулу.

Термин сөздер:

спрайт – спрайт - sprait

скрипт – скрипт – script

алгоритм – алгоритм – algorithm

программалау – программирование – programming

сценарий – сценарий – scenario

Диалогтер құру:

Алгоритм дегеніміз .........

Scratch - ......................... ортасы.

Scratch бағдарламасы оларды басқаратын әрбір ........... мен .............. тұрады.

Құндылықтарға баулу


Сын тұрғысынан ойлауға және бірін-бірі, өзін-өзі бағалай алуға, өмір бойы оқуға дайын болуға, достық қарым-қатынасқа(тапсырма орындау барысында) баулу



Пәнаралық байланыс

Математика 5 сынып «Мәтін есептерді шешу»


Тақырып бойынша алдыңғы білім


Scratch ойын программалау ортасында блоктарды біледі




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа тақырыпты ашу


Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа назарын аудару.

«Түймедақ гүлі» әдісі арқылы оқушылар түймедақ гүлінің сабақтарын таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І топ – Спрайт

ІІ топ – Скрипт

«Сұхбат» әдісі арқылы екі топтан бір-бір оқушы тілші болып шығып, кезек-кезегімен келесі топтағы оқушыларға микрофон ұсыну арқылы «Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу» тақырыбына қатысты сұрақтар қойып, үй тапсырмасын еске түсіреді.

Б: Топтар бір-бірін «Теңге алу» әдісі арқылы 50, 100, 200,500 теңгелік купюроларынды беру арқылы бағалайды.

«Сценарийді жүзеге асыру» тақырыбында оқушыларға бейнекөрсетілім көрсетіліп, жұмысқа шолу жасалып қорытынды шығарылады. Қажет мағлұматты жұмыс дәптеріне жазып алады.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы бүгінгі тақырыбымызды ашу мақсатынды оқушыларға сұрақ қойылады.

  • Ойын сценарийі қалай жүзеге асырылады?

  • Компьютерлік ойынды құрудың кезеңдері қандай?




«Түймедақ гүлі» түрлі-түсті суреті

Микрофон


Теңгелік купюролар

Бейнекөрсетілім

Оқулық 6 сынып

«Информатика»



Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы



Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында екі топқа тақырып беріледі, сол тақырыпты постер түрінде қорғап шығады.

Спрайт тобы – Scratch программалау ортасының ерекшелігі (КӘМҚ әдісі арқылы )

Скрипт – Сценарийді жүзеге асыруда қолданылатын скриптер мен команданың қызметі

(Балық қаңқасы әдісі арқылы)

Б: Топтар бір-бірін «Теңге алу» әдісі арқылы 50, 100, 200,500 теңгелік купюроларынды беру арқылы бағалайды.

Кейбір оқушыларға қажеттілігіне қарай « Диалог және қолдау» көрсетемін.

Тапсырма №1. Жеке жұмыс

(Практикалық жұмыс)

«Балықтың су астында жүзу» сценарийін құру.

Алдымен сахнаға балық суретін орналастыр. Балықтың суда жүзу сценарийін құру керек.

Б: Тапсырманы орындап болған оқушыларға

50, 100, 200, 500 теңгелік купюроларды беремін.

Тапсырма жылдап орындаған оқушыға қосымша тапсырма

«Допты жоғары биіктікке ұшыру» сценарийін жүзеге асыру қажет.

Сергіту сәті. «Аңшы, ханшайым, арыстан» кейіпкеріне еніп, екі топ оқушылары кезек-кезекпен алмасып, орындайды.

Тапсырма №2. Жұптық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі.

Скриптілер

Қызметі




Жоба басы




Нысан экран бетінде пайда болады




Егер шетке тұрса, қайта айналады




Күту командасы. 1 секунд куту




10 қадам жүру





Нысан экран бетінде жоқ болады




15 градусқа бұрылады




Костюм 2-ге ауысу




Ммм...ойлау

Б: Оқушылар өзін-өздері 50,100,200,500 теңгелік купюроларын ұсыну арқылы бағалайды.

Тапсырма №3. Топтық жұмыс.

(Практикалық жұмыс)

«Бірлескен топтық жұмыс» әдісі

«Екі көлік жарысы» сценарийін құру.

Оқушылар топтасып, бір компьютерде ойын ортасында сахнада екі көлікті орналастырып, жарыс сценарийін жүзеге асыру керек. Мұнда көліктің жылдамдығының мәні 10-ға тең қылып, арақашықтығы 5 деп алып, формула бойынша уақытын тауып көліктерді алға жылжытып, жарыстырады.

Б: Оқушылар өзін-өздері 50,100,200,500 теңгелік купюроларын ұсыну арқылы бағалайды.

ҚБ Жеке жұмыс. «Тақырыптық диктант» әдісі

Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну

Бағалау критерийі: ойын ортасындағы программалау скриптілерін қолданып, жасақтайды.

  1. Сахнадағы бейнелер бұл .........

  2. Scratch – визуальды ............программалау ортасы

  3. Жасалынған жобаны сақтау үшін ............

  4. «Күту командасы», «Әрқашан» скриптілері ............... блогында орналасқан.

  5. Лего және Scratch ұқсастығы ..............

Дескриптор:

  • термин сөздерді пайдалану

  • ойын ортасы туралы түсінік алады

  • блоктар қызметін түсінеді

ҚБ: Оқушылар өзін-өздері 50,100,200,500 теңгелік купюроларын ұсыну арқылы бағалайды.

Кері байланыс. Тапсырма толық орындалып болған соң, әр оқушының тапсырмасын дескрипторлары бойынша тексере отырып ауызша тиімді кері байланыс беремін

Постер, маркерлер

Теңгелік купюролар

Компьютер, Scratch программасы, презентация

Презентация



Презентация



Таратпа материалдары







Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау. Әр оқушының бүгінгі алған білімін қорытындылау мақсатында рефлексия беремін.

«Таңдау әдісі» арқылы кері байланыс жүргіземін.

Мен сабақ ...... болды деп ойлаймын.

қызықты/қызықсыз

Мен сабақта ...... үйрендім.

көп нәрсенә/үйренгенім аз болды

Мен басқаларды ............тыңдадым.

мұқият/зейінсіз

Мен пікір сайыстарға............ қатыстым

жиі/сирек

Менің көңіл күйім .......

көтерілді/түсірілді

Сабақ материалы ....болды.

Түсінікті/түсініксіз

пайдалы/пайдасыз

Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ......

ризамын/риза емеспін



Үйге тапсырма. «Екі кейіпкердің биі» тақырыбында анимация жасау.

Таратпа материалдары

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





«Түймедақ гүлі» әдісі арқылы топтастырамын.

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі жеке, жұптық жұмыста қолдау көрсетемін.

«Қарқын» тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушыларға қосымша тапсырма дайындадым.

«Нәтиже» тәсілі арқылы ауызша тиімді кері байланыс беремін.

«Теңге алу» әдісі арқылы бірін-бірі бағалады.





Оқушылардың техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтауды қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет