Сабақ № Сынып 8 Тақырыбы: Қазақстанның биік таулы аймағы



Дата26.08.2017
өлшемі65,58 Kb.
#29541
түріСабақ
Сабақ № Сынып 8

Тақырыбы: Қазақстанның биік таулы аймағы

Мақсаты: Қазақстанның биік таулары, географиялық орны, ерекшеліктерімен танысу

Оқыту құралдары: Оқулық. 8-сынып. Атлас. Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелепр, интерактивті тақта, слайдтар, бейнекөрсетілім

Оқыту әдістері: АКТ қолдану, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, картамен жұмыс .СТО стратегиялары, мозайка әдісі, шығу парағын толтыру
Сабақ барысы:


Уақы-ты




Сабақты ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іc-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3 мин

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сыныппен амандасу

2.Оқушылардың көңіл-күйлерімен бөлісу. Сыныпты жұпқа бөлу. «Менің жұбым» (сыныпта оқушылар бүгінгі сабақта өзіне көмектесетіндей жұбын таңдайды, әр жұпқа жетон ұсынылады)

3. «Мен саған сенемін» жаттығуы. Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.

4. Топқа бөліну: Оқушылар алфавит ретімен топқа бөлініп отырады.

А (1,2,3,4,) - тобы

Ж (1,2,3,4,) - тобы

С (1,2,3,4,) - тобы

Т (1,2,3,4,) - тобы


Сәлемдеседі. Алдымен жұбын таңдайды, сол арқылы топтасады, бөлініп отырады.

6 мин





«Көпірше» тапсырмалары

Сабақтың мақсатын айқындау



Түрткі сұрақтар

«Менің көлеңкем» ойыны

Жұбына сенімді оқушы жұбымен бірге өз қалауы бойынша тақта алдына шығады. Жұптар арқаларын түйістіріп тұрады, біреуі өзі, екіншісі көлеңкесі болады. Өзі оқушыларға қарайды, көлеңкесі тақтаға қарап тұрады. Өзі тапсырма суырады, отырған оқушылар соны сұрақ қылып көлеңкесіне қояды.Көлеңке сұраққа жауап береді.



Ойын әдісі арқылы сұрақ- жауап, сұрақ қоя білу, картамен жұмыс, сандармен жұмыс, өзара сенім, өткенді жаңамен байланыстыру, жаңа сабақтың мақсатын ашу

8 мин

Операциялық орындаушылық кезең

Мағынаны тану

Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа сабақты өздері меңгереді (Зерттеу жұмысын жүргізеді)

А - Алтай тауы

С - Сауыр-Тарбағатай тауы

Ж -Жетісу Алатауы

Т - Тянь-Шань

Зерттеу жоспары:

1.ГО

2.Биіктігі(орташа,ең биік нүктесі)



3.Жоталары

4.Қазба байлығы

5.Табиғаты

6.Тау жыныстары



Әр топ өз іштерінде талқылайды, қорытындысында постер қорғайды

4 мин

Вертуальды саяхат

Қазақстанның биік таулары (бейнефильм)

Түрткі сұрақтар:

1.Бейнефильмнен біз білмейтін қандай мәліметпен таныстық?

2.Сен үшін қай таудың табиғаты өте әдемі?

3.Таулы ауданда болып көрдің бе?



Оқушылар саяхат жасайды, әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді

10 мин




«Қарлы кесек ойыны»

Оқушылар әріптің қасында жазылған сан бойынша тапсырмаларға мозайка әдісімен жауап береді.

Тянь-Шань

1.Тянь-Шань тауы туралы не білесіің?

2.Географиялық орны

3.Ең биік нүктесі

4.Тянь-Шань қандай қатпарлықта көтерілді

5.Тянь-Шань қандай тау жоталарынан тұрады,атап көрсет

6.Хан тәңірі Тянь-Шаньның ең биік шыңы ма?

Жетісу Алатауы

1.Ең биік нүктесі

2.Қазақстанға қай бөлігі еніп жатыр?

3.Тау аралық аңғарда соғатын желдер

4.Жетісу Алатауының ерекшелігі неде?

5.Неліктен Жетісу Алатауы деп аталады?

6.Жоңғар қақпасы туралы не білесің?

Алтай


1.Қазақстандық Алтайдың көлдері

2.Таудың ең аласа бөлігі

3.Қазақстандық Алтайдың бөліктері(неше бөлікке

бөлінеді)

4.Табиғатына сипаттама

5. Алтай тауында қандай қорықтар ұйымдастырылған?

6.Алтай тауының пайдалы қазбалары

Сауыр -Тарбағатай

1.Қай жота биік: Сауыр ма, әлде Тарбағатай ма?

2.Биік шыңдары

3.Географиялық орны

4.Тау жүйесінің қай жотасы түгелдей Қазақстан

территориясында жатыр?

5.Неліктен Тарбағатай тауының басында мұз жоқ?

6.Неліктен қос атау берілген?

Топтық бағалау(қосымшада көрсетілген)


Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма. Барлық оқушылар жауап беру мүмкіндігі жасалған.


4 мин




Шығармашылық жұмыс. Эссе жазу

Алдын ала берілген тақырыптарға шығармашылық жұмыс жасайды

Қосымша ізденіп шығармашылық жұмыс жасап келеді

3 мин




«Сәлемдеме»

8 г сынып оқушылары 8 а сыныбына хат жолдайды

Жұмбақ (4 топқа)

1.Тауға байланысты айтылған қазақ мақалдарын білеміз бе ?Мысалы: Таулы жер бұлақсыз болмас, cулы жер құрақсыз болмас. Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті.

2.Өмірде кімді биік тауға теңер ең?

Мысалы: «әкені» Әке - асқар тау

3.Тауда қандай спорт түрлері өтеді? Бұл спорт түрі сені қызықтыра ма,несімен қызықтырады? Қазақстанның қай тауында тау туризмі жақсы дамыған?

4.Егер саған тауға саяхат жасау мүмкіндігі туған жағдайда қай тауға саяхат жасаған болар едің, неліктен?



Әр топтың топ басшысы келіп хатты таңдап алады, топ болып талқылап, ортақ шешімге келіп, өз ойларымен бөліседі.


2 мин

Рефлексиялық кезең

Сен білесің бе?

1. Альпинизм - спорттың тауға, шыңға жая жүріп, өрмелеп көтерілу түрі. Атауы Еуропа құрылығындағы «Альпі» тауынан шыққан. Алғаш 1786 жылы швейцарлық Мишель Габриэль Паккар мен Жак Бальма Альпі тауындағы Монблан шыңына (4807м) көтерілді. Қазақстанда альпинизмнің дамуы 20 ғасырдың 30 шы жылдарында басталды. Тұңғыш рет 1930 жылы 17 шілдеде қазақстандық альпинистер Іле Алатауының Кіші Алматы шыңына (4376 м) көтерілді.Еліміздің альпинистері 1982 жылы КСРО командасы құрамында Эверест шыңына (8848) шықты. Ал 1991 жылы альпинист Қазыбек Уәлиевтің жетекшілігімен Қазақстан альпинистері Гималайдағы Дхаулагири (8176) шыңын бағындырған екен.

2. Әлемдегі ең ірі тау шаңғысы туризмінің орталығы Альпі болып табылады. Жылына бұл аудан 60 млн.-нан астам туристерді қабылдайды. Тау туризмінен Альпіге тең келетін аудан жоқ.Қазақстандағы тау шаңғысы туризмін дамыту мақсатында Алматы маңында Шымбұлақта халықаралық дәрежеде туристік орталыққа айналдыру жоспарланған.

3. 11 желтоқсан - халықаралық Тау күні. Бұл күні 2003 ж. БҰҰ Бас ассамблеясыныың 57 шешімімен белгіленген болатын. Бұл таулы аймақтарды тұрақты дамытуды насихаттайды. Таулар әлемнің 1/4 бөлігін алып жатыр. Әлем халықтарының 10 % не жуығының баспанасы болып табылады екен.


Қызықты мәлімет алады


4 мин




Рефлексия

Бүгінгі сабақтың маған өте қатты ұнаған жері, себебі ----------------

_______________________________________________



Маған қиындық келтірген тапсырма,болса несімен қиын болды ?________________________________________________________

Келесі сабақта менің алдыма қойған мақсатым__________________

Бүгінгі жұбың сеніміңді ақтады ма?_______________________
«Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып, «Рахмет» деп айқайлайды



Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі,жазбаша жауап беріп шығу парағын толтырады



1 мин




Бағалау

Топтар бір-бірлерін бағалайды

Шығармашылық жұмысты критерий бойынша бағалау

Жұптарды бағалау

Қорытынды бағалау



Оқушылар бір-бірлерін, жұптарын, топтарды бағалайды, қорытынды бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет