Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі261,54 Kb.
#35460
  1   2   3
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,

«№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«ЭКСПО -2017 балалардың көзімен» шығармашылық байқауына

«Күн қуатымен жүретін көлік»


Ғылыми жетекшісі: С.Кумекова

Ізденуші: 8 «Б» сынып оқушысы

Келдібай Мақсат

Жоба тақырыбы:

«Күн қуатымен жүретін көлік»


Жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі Кумекова Сулушаш Машрабовна

Орындаған: 8 «Ә» сынып оқушысы Келдібай Мақсат
Мұғалім туралы мәлімет: Мен, Кумекова Сулушаш Машрабовна, ОҚО облысы, Мақтарал ауданы ауданы, №25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналыдқ мемлекеттік мекемесінде физика пәнінен сабақ беремін. Мектептегі шығармашылықпен қызыға жұмыс жасайтын оқушылардың одан әрі дамыту үшін жұмысымды жалғастырып келемін. Сол оқушылардың ішінде көп ізденетін әсіресе физика пәнін ерекше ықыласпен қызығып оқитын 8 «Б» сынып оқушысы Келдібай Мақсат. Қазіргі таңда сарқылатын табиғат қорларын сақтау мақсатында баламалы энергияны пайдалану жұмыстары Мақсатты қызықтырды. Оқушының сол қызығушылығын ескеріп бірлесе отырып ғылыми жоба дайындығын бастадық.
Жоба тақырыбы: Күн энергиясын тиімді пайдалану.

Мақсаты:Арзан баламалы жаңартылмалы энергия көзін пайдалану арқылы экологияға нұқсан келтірмейтін энергияны үнемдеу саясатын ұсыну.

Біздің ұрпақ болашақтың нұсқаларын шектеусіз таңдауға болатын кезеңде өмір сүріп жатыр. Қазіргі жоғары сынып оқушылары жаңа концепцияларды түсіну және қабылдау, дұрыс таңдау жасау, шешім қалдау, сонымен қатар оқи білуге және өзінің өмірі ағысындағы өзгерістерге бейімделе білуіне байланысты болатын әлемде өмір сүруі тиіс болады.

Біздің мақсатымыз оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құру және оны жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін қамтамасыз ету.Ал міндетіміз оқушылардың өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру, ғылыми зерттеу материалдарын безендіруді үйрету, түрлі қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге, мұрағат; кітапхана деректерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өз өлкесінің түйінді мәселелерін шеше алуға үйрету .

Қазіргі таңда біздің алдымызда тұрған өзекті мәселе оқушылардың өз бетімен шығармалық жұмыстармен айналысу траекториясының болмауы.

Оқушылар нені білу керек:

оқушы ғылыми ізденістің өзектілігін анықтай алу қажет;

ғылыми зерттеуге мақсат, міндеттер қоя білу қажет;

— ғылыми зерттеудің құрылымын білу керек;

— зерттеудің негізгі бөліміндегі зерттеу әдістерін білу қажет.

Оқушы нені істей алу керек:

— ақпаратпен, дерекнамамен жұмыс істей алу қажет;

— материалды жариялай білуі қажет;

— мұрағат, кітапханамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасуы қажет;

— ғылыми жұмысты безендіре білу қажет.

Енді осы барлық шарттармен оқушыны таныстырғаннан кейн ғылыми зерттеу жүргізу жоспарын құруымыз керек.

Тақырыбы: Күн энергиясын тиімді пайдалану.

Тақырыптың өзектілігі:Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС-ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынын ескерейік. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз…Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО — 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында айтылған энергетикалық тапшылық – өзекті мәселелердің бірі. Жер қойнауында қазба байлықтардың мол болғанына қарамастан, адамзат оны жылдан жылға игеріп жатыр.

Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Сондықтан еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанын баршамызға мәлім, енді еш шығынсыз, зиянсыз жолдарын іздестіріп көрейік , әрине ең тиімдісі ол «күн энергиясы».Күн энергиясы планетамыздағы ең маңызды тіршілік көзі. Ол Жер ғаламшарының атмосферасы мен беткі қабатын әрдайым жылытып отырады. Күн энергиясы арқылы желдің соғуы, табиғаттағы судың айналымы, өсімдіктер дамуы, жануарлардың азықпен қамтамасыз етілуі жүзеге асады. Сонымен қатар тікелей Күн энергиясының әсерінен Жер қойнауында қазба байлықтар түзіледі. Күн энергиясын жылуға немесе суыққа, электр энергиясына немесе қозғалтқыш күшке айналдыруға болады.Күн бізді тегін энергиямен қамтамасыз етеді және бүл энергияның мөлшері әлемде тұтынылатын энергия мөлшерінен 10 000 есе артық Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын шама өткізгіштерден құрастырылған Күн батареялары күнделікті өмірде қолданылу- да. Күн энергиясын пайдаланған жағдайда экология проблемасы бірте-бірте шешілер еді. Себебі күн энергиясын пайдаланған кезде: « қоршаған ортаның ластануына, табиғи қорлардың сарқылуына, табиғатқа зиян әкелетін іс-әрекеттерге жол жоқ!»

Проблеманы талдау, зерттеу:

Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, т.б. энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Аталғандардың ішінде энергияның қосымша көзінің бірі – Күн энергетикасы.

Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ.

Күн энергиясының бірнеше ерекшелігі бар:

Қолданылуы тегін;

Қоршаған ортаны ластамайды;

Сарқылмайды;

Барлығына тиімді.



Зерттеу бөлімі:

Қол күшімен құрастырылған машина негізгі қуатты күннен алады. Яғни, төбесіне орнатылған арнайы құрылғы арқылы энергияны батереяға (келешекте аккумуляторға) жинайды. Содан кілтті бұрап, көлікті қозғалысқа түсіруге толық мүмкіндік бар.

Күн бұлтты болған жағдайда батереяға (акку­му­ляторға) жиналған токтың күшімен жүз шақырымға дейін жүре береді. Ал күн шығып тұрса, ешқандай мәселе туындамайды. Сонымен қатар, генератормен және кез келген жердегі разедка арқылы заряд ала алады. Машина экологиялық әрі экономикалық тиімді.

Күн батареяларында шикізат ретінде кремний қолданылады. Күн кремнийiнiң жоғары құны қол жетімсіз болғандықтан, әр түрлi елдердiң ғалымдары оның құнын төмендететiн кремнийдi алудың жаңа технологияларын әзiрлеуде. Алайда, күн кремнийiне сұраныс өте жылдам өседi және ұсыныстардан озық жүредi. Күн батереяларында шикізат ретінде кремний қолданылады.Кремний-жер қыртысында кең таралған (25%) элемент.Көміртек тірі табиғаттың ең маңызды тіршілік элементі болса,кремнийдің өлі табиғаттағы маңызыда сондай.Жер қыртысы,негізінен кремнийлі жыныстардан құралған.Таза кремний бос күйінде кездеспейді.



+4Si2+2Mg0= Si0+2Mg+2O

құм

Өндірісте кремнийді құммен коксидтің қоспасын қыздыру арқылы алады.



+4Si2+2C0= Si0+2C+2O↑

құм

Оның ең мағызды қасиеті жарық түскенде,жылтқанда электр тогын жақсы өткізетін жартылай өткізгіш болғандықтан,күн батерияларына қолданылады.Металлургияда таза металдар алуға пайдаланылады.

Күн электр стансасы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, оның үстіне өз құнын 100 па-йыз ақтайтын тиімді қондырғы. Жұмыс істеу мерзімі шамамен 30 жыл. Осы 30 жыл ішінде жасалуына небәрі 1 кг күн кремнийі жұмсалған элемент Жылу электр стансасында мұнайдың 100 тоннасынан немесе Атом электр стансасында 1 кг байытылған ураннан өндірілетін соншалықты электр қуатын бере алады.

Қорытынды:

Қорыта келе айтарымыз: Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор. Ғалымдардың болжауынша 2050 жылға қарай Күн энергиясы адамзаттың электр энергиясына деген 20-25%-дай қажеттілігін өтей алады. Сол сияқты Халықаралық энергетикалық агенттіктіктің мәліметі бойынша

40 жылдан кейін Күн энергетикасы көмегімен атмосфераға көмірқышқыл газының түсуін жылына 6 млрд тоннаға дейін қысқартуға болады екен. Осындай тұжырымдар негізінде Күннен өндірілетін энергияның адамзат үшін сарқылмайтын байлық екендігіне әбден көз жеткізуге болады деп ойлаймыз.

Ақпарат көздері:
1.Қосымша әдебиеттер:Уделл «Күн энергиясы»; М.Васильев «Энергия және адам».

2.«Күн- жер байланысы». С. Түяқбаев, Б.А. Кронгард, В.И. Кем.

3.«Физика, математика және информатика» журналы № 4 2005 ж.

4.7-11 сынып физика және астрономия оқулықтары

Мектеп баспасы 2004-2007 ж

5.Интернет: Укипедия — Қазақша энциклопедия.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет