Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы «№5 а байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#28330
түріСабақ
1   2


Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы

«№5 А Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұғалімі: Тағабайқызы Ұлжалғас

Тақырыбы:Жаным толған жақсылық

Құндылығы:Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру,бауырмалдық,отбасындағы сүйіспеншілік

Сыныбы: 3



Мақсаты:Оқушыларға жаны жақсылыққа толы екендігін «Сүйіспеншілік» құндылығы арқылы ұғындыру.

Міндеттері:

-Оқушыларды бәрін жақсы көруге үйрету;

-Оқушылардың бойында бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

-Оқушыларды отбасындағы сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресрустар:

Оқулық,дәптер,

Шарлар,плакат,

Көрнекіліктер,

слайт


Сабақтың барысы

1.Талап

2.Тәртіп

3.Татулық

4.Тазалық

5.Тыныштық

І.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,оқу құрлалдарын тексеру.

ІІ.Тыныштық сәті.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары төмен қарайық,

Оңға-оңға тік тұрып.

Солға-солға тік тұрып,

Алға қарай бір адым.

Артқа қарай бір адым,

Бойымызға жинап күш.

Бір дем алып алайық.



ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Қ.Қайымовтың «Ақын деген кім» әңгімесін оқу.

1.Сендер әңгімеден не түсіндіңдер?

2.Сендер үшін ақын деген кім?

3.Қандай ақындарды білесіңдер?

4.Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

5.Өздеріңқандай өнер түрін қалар едіңдер?



Сабақ барысын талқылау

Дәйексөз.Оқушылармен бірге дәйексөзді 3-рет айту керек.

Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе.

Ы.Алтынсарин

1.Сендер өзгелерге жақсылық жасаған кездерің болды ма?

2.Жасаған жақсылықтарыңа ақы сұрайсыңдар ма?

3.Жақсылық жасаған кездеріңде қандай сезімде боласыңдар?

4.Сендерге жақсылық жасаған адамдарға не айтасыңдар?

5. «Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе» дегенді қалай түсінесіңдер?



Адамдарға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек.Өйткені ол жанашырлықпен,шын көңілмен ,адал ниетпен жасалған іс.Оған ақы сұраудың,жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Жасаған жақсылық бәрәбір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин атамыз «Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.


Дәйексөзді талқылау

Әңгімелесу.Мұғалімнің сыйы.

Жан Ана

Енгін Көсеоғлұ

Түрік тілінен аударған С.Дағайқызы

Ерте,ерте,ертеде қалаға жақын ауылда бір Жан Ана өмір сүріпті .Жан Ананың негізгі есімін ешкім білмейді екен.Алтындай жүрегі болғандықтан ауыл адамдары оны Жан Ана деп атап кетіпті.

Жан Ананың баласы жоқ екен .Бірақ ол ауылдың бүкіл баласын жанындай жықсы көріп ,оларға ертегі айтып ,ойыншық жасап береді екен.Сондықтан да ауыл адамдарына қол ұшын беруге әрқашан дайын болыпты.Жұмыстары басынан асып жатқандар да Жан Анаға : «Бүгін ісіміз кқп ,келіп көмек бересің бе?» - деп өтініш білдіреді екен.Жан Ана ақыл сұрағанына ақыл,көмек сұрағанына қуана – қуана қол ұшын береді екен.Уақыт өте келе ауылдағылар Жан ананың жақсылығын ұмытып,көмектесу оның міндеті деп ойлай бастапты.Әрі Жан Анаға барып бұрынғыдай өтінудің орнына «Жан Ана ,бізге келіп көмек бер!» - деп бұйыра бастапты.

Жан Ана олардың бұл қылықтарына мүлдем ренжімейді екен.үлкен бір ауыл,жалғыз бір Жан Ана ,қайсыбірінің ісіне жүгіріп ,қайсыбірінің дертіне ортақ болсын.Қанша тырыссы да барлығының ісіне үлгермепті.Тіпті жанындай жақсы көрген балаларға да көңіл бөле алмапты.Жан Ана көмекке бара алмаған ауыл тұрғындары есігіне келіп «Ей,Жан Ана ,неге бізге көмекке келмедің?Біз сені жақсы бір адам екен деп жүрсек», - деп жазғыра бастайды.Бейшара Жан Ана ешкімнің көңілін қалдырмайын деп жүріп күндердің бірінде науқастанып қалады.

Ауыл Тұрғындары оған көмектесудің орнына «Кішкене бір аурудан төсек тарып жатуға бола ма?» - деген екен.Бұл сөздерді естіп Жан Ана қапа болыпты. «Ертегі айтып,ойыншық та жасаймын.Ең жақсысы бұл ауылдан кетейін» деп ойлаған екен .Түн ортасы киімдерін ,жейтін азығын алып,үн-түнсіз ауылдан кеткен екен.Ертеңіне ауыл тұрғындары әлеттегідей азанымен Жан Ананың үйіне барған екен.Үйге келсе ешкім жоқ,бос тұрғанын көріп таң қалыпты. «Енді Жан Анасыз қалай күн көреміз?Ісімізге кім көмек беріп,бізге кім ақылшы болады?» - деп қайғырады.Міне ,осы кезде қателіктерін аңғарады,Жан Ананың қадірін түсінген екен.Жан Анаға бір ауыз рақмет айта алмағандарына қатты өкініпті.

Оны қайта іздеп тауып ,онымен жақсы қарым – қатынаста болуды ұйғарыпты.Бірақ қаншалықты іздеседе Жан Ананы көрген ешкім болмапты.Қымбатты балалар!Іштеріңде оны көргендерің бар ма?Егер Жан Ананы көрсеідер,жасаған жақсылықтары үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар,жарай ма?

1.Сендер осы әңгімеден қандай ой қорыттыңдар?

2.Ауыл тұрғындарының іс әрекеттеріне не айтасыңдар?

3.Жан Ана қандай адам?

4.Не себепті ауыл адамдарына ақыл айтып,көмек береді?

5.Ауыл адамдарының орнында болсаңдар не істер едіңдер?

6.Жан Ана не себепті кетіп қалды?

7.Жан Ананы сендер көрсеңдер ауылға қалай қайтаратын едіңдер?

8.Бізге қол ұшын берген адамды ренжітуге болады ма?



Әңгімені талқылау

Шығармашылық жұмыс.Жақсылық тамшылары.

Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіреді.Әр бала тамшыға өзі жасаған істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Мұғалім тақтадағы қағазға тамшыларды ілуді ұсыныды.Балалардың әр қайсысының жақсылық тамшыларынан үлкен дария пайда болады.Балалар әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады.Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді.

2.Ойын.Кешірім гүлін сыйлау.

Балалар қолымыздағы гүлдерге ренжіткен достарымыз болса кешірім сұрап гүлді ұсынамыз.




Топпен :»Ана жаным»






Үйге тапсырмасы.1.Дәптермен жұмыс.Дәтерде берілген «Жақсылық бастауынан» тармақтарына мына сұрақтардың жауабын жазыңдар.1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүрсіңдер?2.Өз бойыңдағы жақсы қаиеттеріңдісанамалап жазыңдар.




Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық сәтін ұйымдастыру.



Бүгінгі сабақтан игенген жақсы қасиеттеріңді естеріне түсіріп,жүректерімізге сақтаймыз.




Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Өзін – өзі тану» оқулық 3- сынып «Бөбек».Алматы баспасы

  2. «Өзін – өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал 3- сынып «Бөбек».Алматы баспасы

  3. Аңыз әңгімелер жинағы

  4. «Өзін – өзі тану» оқушы дәптері 3- сынып «Бөбек» баспасы.Алматы баспасы

  5. «Өзін – өзі тану» журналы «Бөбек».Алматы баспасы


Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы

«№5 А Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Нагимбетова Зулфия

Қазақ тілі Тақырыбы: Есімдік

Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға есімдікті толық меңгерту. Есімдік тақырыбы бойынша алған білімдерін толықтыру, тиянақтау. Таза және сауатты жазуға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ойларын анық айтып, сауатты сөйлеуге баулу.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд, ребустар, сөзжұмбақ, түрлі-түсті қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды алма түстері бойынша 3 топқа бөлемін. Топ басшыларын сайлау

2.Психологиялық дайындық

Қайырлы күн күнім,

Қайырлы таң далам.

Қайырлы таң құрбым,

Қайырлы таң достарым.

Үй тапсырмасын тексеру

485-жаттығу оқып, есімдікті табу.

1-топ «Ауа райы» жайлы әңгіме құрып келгендерді оқыту

2-топ «Ол» септеп айту

3-топ «Орман» сөзін тәуелдеп беру

Сергіту сәті: Түзу отыр партада,

Қыры батпас арқаңа.

Мынау сынып тақтасы,

Бар жазатын ақ тасы.

Оқуық бір-ақ жылға ма,

Бүктеме, сызба тырнама.

Жаңа сабақ

  1. Оқушы деңгейі

Мұнда оқушының мүмкіндігіне қарай жаттығу жұмысын деңгейлеп беру тәсілі қолданылады

  1. Алгоритмдік деңгей

Оқушы өзі жинаған білімін ортаға салып көрсетеді, жауап береді.

  1. Эвристикалық деңгей

Эвристикалық деңгейде оқушылар жағалықтармен танысады.Әр оқушы өзіне білмейтін нәрселердә үйренеді.

  1. Шығармашылық деңгей

Шығармашылық деңгейде оқушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады

489-жаттығу Шығармашылық деңгей

488-жаттығу Эвристикалық деңгей

487-жаттығу Алгоритмдік деңгей

486-жаттығу Оқушы деңгейі


«Кім білгіш?» ойыны

Тест сұрақтары

  1. Берілген сөйлемнен есімдікті тап: Мен тәртіпті оқушымын

А. мен Ә. Тәртіпті Б. Оқушымын

  1. Бос орынға қажетті есімдікті қой ....... тәртіпті оқушымыз

А. Мен Ә. олар Б. Біз

3. Жіктеу есімдіктерін тап

А. өзі, өзің Ә. Кім? қанша? Б. Сен, олар

486-жаттығу «Әріп қысқарса»

Палау: алау, лау, ау, у

Қанар; анар, нар, ар.

Жолақ: олақ, лақ, ақ.

Қатаң: атаң, таң, аң.

Ашық: шық, ық.

487-жаттығу. «Кім жылдам?» ойыны «мен, сен,ол» есімдңктері беріледі

Ойынның шарты: жазылған есімдіктің әрбір әрпімен басталатын есәмдікке сөйлем құрау-жаттығу

Мен Назгүлді еркелеттім.

Сен Серік нағашысына ерді.

Ол: ол лауазымды.

488-жаттығу.

Келеді ұшып тырналар,

Үшкілденіп тізіліп.

Қайтқан сайын жылда олар

Қараймыз біз қызығып,

Сатылай кешенді талдау:

Олар

1.Есімдік

2.Құрамы: дара есімдік

3.Түрі жіктеу есімдігі

4.Жалғауы: көптік тұлғада

489-жаттығу Сөйлемді көшіріп жазу.

Сабақты бекіту. «Сөзжұмбақ» шеш

  1. Жіктеу есімдігі

  2. Тынығатын күн

  3. Сан есім

  4. Сын есім

  5. Жыл атауы

  6. Зат есім

  7. Жыл мерзімі









Е































С



















І






















М




























Д

























І




























К










Ребус шешу

Шешуі: балық, мәтін, қызғалдақ, ел құлағы елу

«Кубизм» тәсілі бойынша сабақты қорытындылау

  1. «Тіл өнер» мақалды жалғастырып, есімдікті табу.

  2. «Адасқан сөздер» сөйлемді реттеп, есімдікті табу

  3. «Менің орным қайда?» әңгімені реттеп, есімдікті табу.

Рефлексия: Сұрақ-жауап Не үйреніп? Не білдік?

Үйге тапсырма беру 490-жаттығу

1-топ Тест құру 2-топ Сөзжұмбақ 3-топ Ребус

Оқушылардың білімін бағалау

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс

Кім білгіш?

Кім жылдам?

Топпен жұмыс





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет