Бастауыш сынып мұғалімі: Асанбаева Гүльбахар Алимжановна
Сабақтың атауы
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі.
Мақсаты
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері және оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру. Жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету. Басқаның пікірімен санасуға баулу. Өз пікірін ашық айта білуге машықтандыру.
Күтілетін нәтиже
Адамның сезім мүшелері жайлы түсінік қалыптасады.
Өз ойын еркін айтуға үйрене түседі. Бір - бірінің пікірін тыңдауға, санасуға бейімделе түседі. Жұппен, топпен кедергілерден бірлесіп шығудың жолдарын іздестіреді.
7 модульдің қолданылуы
“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
4.Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек қандай мүшелер?
а) тыныс алу ә) ас қорыту б) жүйке жүйесі
3-топ
1.Балалар қанша сағат ұйықтау керек?
а)10 сағат ә) 18 сағат б) 10-12 сағат
2. Жас балада неше литр қан бар?
а) 3 л ә) 8 л б) 10 л
3.Адамда неше омыртқа бар?
а) 33-34 ә) 20-22 б) 10-12
4. Адам денесінде неше буын бар
а)150-ден астам ә) 100-ден астамб) 80-нен астам
4-топ
1.Үлкен адамдарда неше сүйек бар?
а) 300 ә) 206б) 400
2. Адамның дене қызуы неше градус болу керек?
а) +250ә) +370б) +400
3. Сипап сезу қай мүшеге жатады?
а) тері ә) дәм сезу б) мұрын
4. Гитара, радио, музыка қай мүшеге жатады?
а) есту мүшесіә) дәмін тату б) дәмін сезу
Мағынаны тану
Проблемалық сұрақ.
Бабалар даналығынан: «Айналадағы дүниені көретін көз емес, дыбысты
еститін құлақ емес, иісті сезетін мұрын емес, ол ми!» Дәлелдеу
Топтық тапсырма.
1-топ Балаларға көрсетпей, шүберек жағу, әтір, иіс су себу. - Не байқадыңдар?
- Жанған шүберектің иісін, әтірдің иісін сездік.
- Дұрыс. (Иіс сезу мүшесі – мұрын туралы айту)
2-топ. Балаларға айран мен балдың дәмін таттыру.
Не байқағандарын сұрау.
- Бал – тәтті, айран – ащы екенін сездік.
- Дұрыс. (Дәм сезу мүшесін – тіл туралы айту)
3-топ. Балалар көзін жұмып,қолдарына берілген заттар қолмен сипап табу.
Қол сипап сезу мүшесі. Көз көру мүшесі
Қол – адамның еңбек ету мүшесі. Қол саусақтарының ұшындағы теріде сипап сезу жақсы жетілген. Көзі көрмейтін мүгедек адамдар осындай сезімнің арқасында айналадғы әр түрлі заттарды танып біледі.
4-топ. Телефонмен әуен тыңдау.
Құлақ –есту мүшесі.
Біз сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен байланысамыз. Сезім мүшелері өзара байланыса қызмет етеді. Олар бір-біріне көмектесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Барлық сезім мүшелерінің жады (есте сақтау қабілеті) болады.
Барлық сезім мүшелерін ми басқарып отырады. Сезім мүшелері өздеріне келіп түскен дабылды миға жеткізеді. Ми келген дабылды қабылдап, мүшелерге бұйрық береді.
Сезім мүшелері туралы видеоролик көру.
Ойын. «Пайдалы-Зиянды»
Пайдалы +
Зиянды -
1
Күніне 1-2 сағат теледидар қарау.
2
Жатып кітап оқу.
3
Өте жақыннан теледидар көру.
4
Дымқыл аяқ киім мен киімді кию
5
Кір қолмен көзді уқалау.
6
Көлікте,қараңғы жерде оқу
7
Ыстық затты қолмен ұстау
8
Таңертеңгілік жаттығу жасау
Сергіту сәті
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-