Сабақ Тақырыбы: Фразеологизмдердің антонимдік, синонимдік байланысы



Дата24.04.2017
өлшемі53,53 Kb.
#15180
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы «Тұран» мектеп-коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы:Фразеологизмдердің антонимдік, синонимдік байланысы

Пән мұғалімі: Аширбекова Гулзамира Дуйсенбаевна

Сыныбы: 5 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Фразеологизмдердің синонимдік,антонимдік байланысы .

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік мақсаты:сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып,

әдет-ғұрып,салт-дәстүр,халық өнерін ардақтай білуге

үйрету.

Ә)Дамытушылық мақсаты: Дүние тану жолындағы ой-өрісін,еркін сөйлеуге,терең

ойлауға,әдеби тіл байлықтарын дамытуға итермелеу және

тілімізде фразеологизмдерді қолдануға үйрету,

Б)Тәрбиелік мақсаты: Отанын ,елін, жерін сүюге, құрметтеуге, ұйымшылдыққа,

бірлікке, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұнды-ізденушілікке,сұрақ-жауап, топтастыру,

әңгімелеу,талдау,түсіндіру.



Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, түрлі кеспе-қағаздар.

Пәнаралық байланыс:ағылшын тілі, орыс тілі .

Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі.

А)Сәлемдесу,түгелдеу.

Ә)Сыныптың тазалығы .

Б)Оқу-құралдарын түгелдеу.

В)Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

Лексикадан өткенді қайталау. «Туған жерім»тақырыбына тұрақты тіркес қатыстырып

сөйлем жазу.Оқушылардың дәптерін тексеремін.Ауызша 3-4 оқушыға оқытамын.

Үй тапсырмасын қорыту.

«Кім жылдам?» сұрақ-жауап.

1.Ойды,әдепті,сыпайы етіп жеткізу.

2.Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр түрлі сөздер .

3.Айтылуы әр түрлі,мағынасы бір-біріне жақын сөздер.

4.Дөрекі,әдепсіз сөздер.

5.Атын тура айтуға тыйым салынған сөздер .

6.Сөз бен мағынаны зерттейтін сала .

7.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Жаңа сабақты түіндіру:Тұрақты тіркестер дегеніміз екі немесе бірнеше сөздің

тіркесуі арқылы жасалып,бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты немесе

фразеологизмдер деп аталады.Мысалы:Сүт пісірім уақыт ,жібі түзу,ат ізін салмау

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер деп атаймыз.Мысалы:

Жақсы –жаман,дос-дұщпан,ашық-жабық,тез-баяу.

Айтылуы әр түрлі, мағынасы бір-біріне жақын сөздерді синоним деп атаймыз.

Мысалы:Тез,жылдам,лезде.Әдемі,сұлу,көрікті,ажарлы,дидрлы.

Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері:



1 бөлім. «Баламасын табыңдар»

Тапқырлар тобы: Алғырлар тобы:

1.Ит өлген жер. 1.Ит терісін басына қаптау.

2.Қол ұшын беру. 2.Мұзға отырғызу.

3.Тіс жармау. 3.Үріп ауызға салғандай.

4.Мойны жар бермеу. 4.Жерге кіріп кете жаздау.

5.Ауыз бастырық беру. 5.Көзді ашып жұмғанша.

6.Бетінен қақпау. 6.Қабырғаңмен кеңес.



2 бөлім. «Суреттер сөйлейді»

Оқушыларға слайдпен ауыз,мұрын,мұз,жүрек, ит,қоян,шаштың суреттері

көрсетіледі.Сол суретке қарап ,тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге

аударады.



3 бөлім. «Тапсырмамен жұмыс»

  1. жаттығу.Сөйлемді оқы. Тұрақты тіркестерді тауып,астын сызыңдар.

1.Сүт пісірім уақыт ішінде талай шаруаны істеуге болады.2.Ол әңгімеге араласпай ,

аузын буған өгіздей тұрды да койды.3.Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей

болды.4.Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты.5.Асқар

ауылдың таяқ тастам жерде екенін білмеді.

2-жаттығу.Мына сөздердің синонимдік, антонимдік тұрақты тіркесін тауып жаз.

Батыр......................

Қорқақ......................

Өкіну........................

Қуану.......................

4 бөлім. «Әзіл аралас» сұрақтар.

Екі топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен

жауап береді.

1.Адамның төбесі көкке жете ме?

2.Екі аяқ бір етікке сия ма?

3.Қар жана ма?

4.Екі езуіңді тартсаң екі құлағыңа жете ме?

5.Көзіңді ашсаң алақандай бола ма?

6.Инемен құдық қазыла ма?

5 бөлім. «Тауып жаз»

Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын тауып,мағынасын ашып береді.

«Тапқырлар»тобы «Алғырлар» тобы.

1..................нің түгі бар. 1. ..............тай ұшты.

2.....................ын шүйіру 2. ................ыңды балта кеспейді.

3....................ға кетті. 3. ...........і тоймау.

4............іне көк ала шыбын үймелетті. 4. ....бен ....дің арасында

6 бөлім. «Адасқан сөздер»Тұрақты тіркеспен байланысатын сөздерді тап.

Таяқ

Кітап


Езу

Қазан


Ауыз

Тіс


Сабақты бекіту:Тұрақты тіркестерге сурет салу.Ала жіпті аттамау,төбе шашы тік

тұру, таяқ тастам жер.



Сабақты қорыту:Тұрақты тіркестер біздің тіліміздегі ойшықты сөздердің тобы.

Көркем бейнелі сөйлеуде үлкен қызмет атқарады.Әдебиет сабағында өткен түрлі

тақырыпта кездесетін тұрақты тіркесті табайық.

Бағалау:Сабақты бағалай келе,ең көп жұлдызша жинаған топ жеңіске жетеді.

Үйге тапсырма: «Анам менің»тақырыбында эссе жазу.Ана туралы оқушылар

Төмендегі тұрақты тіркестерді мәтін ішіне қатыстыру қажет.



«Түн ұйқысын төрт бөлу, ана сүтін ақтау,төбесі көкке жету,көз ілмеу,жан ұшыру»
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет