Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласы №87 жалпы орта мектеп Оңғар Фариза Әбдікәрімқызы



Дата21.04.2017
өлшемі56,4 Kb.
#14471
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан Облысы

Шымкент қаласы

87 жалпы орта мектеп



Оңғар Фариза Әбдікәрімқызы

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп №87 Мерзім_3.12.2016ж__№_13__

Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Отбасындағы сүйіспеншілік,достық,татулық, бауырмалдық, сыйластық.

Мұғалім.Оңғар Фариза Әбдікәрімқызы Сынып__6 «А»_ Оқушылар саны 33



Сабақтың мақсаты:

- Балаларды бауырмалдылыққа,кеңпейілділікке тәрбиелей отырып,мағынасын түсіндіріп,сүйіспеншілік адамгершілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі:

- Оқушылардың әдептілік,бауырмалдық,татулық түсініктерін кеңейту;



Дамытушылығы:

- Жомарттық және кішіпейілділік сапаларын дамыту;



Тәрбиелілігі:

-Ізгілікке,мейірімділікке,жанашырлыққа тәрбиелеу.,
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу,оқулық,дәптер,плакаттар, суреттер,карточкалар,үнтаспа)

Тыныштық сәті :

«Су асты патшалығына саяхат»

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.



Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Алма ағашы»әңгімесі



1.Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

2. Әңгіменің басты мағынасы,мәні неде?

 3.Әңгіменің қандай тәрбиелік мәні бар деп ойлайсыңдар?



4.Не себепті әңгіме «Алма ағашы аталған» аталған?


Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз:

«Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп»



Абай Құнанбаев




4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • Өздерінің жақындарына деген сый,құрметтерінді қалай білдіресіңдер?

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Кеңпейіл адам деп кімді айтамыз?

  • Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?

  • Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

  • Өздерің бауырмалдық,кеңпейілділік танытқан кездерің болдыма?

  • Кеңпейілділіктің шегі бар деп ойлайсыңдар ма?




5.Мұғалім сыйы:

«Ғажайып шипа» А.В.Сухамлинский

«Көктем келді.Петрик сырқаттанып қалды.Біз бүкіл ұжымымызбен тоғайға бардық.Бізді көгілдір аспан да,алғашқы бәшешектер де қызықтырады. «Ал Петрик болса бәйшешектерді көрмейтін болды...» - дейді Оленка уайымдап. «Петрикке гүл апарып берейік»-деген ой енді оқушылардың өз бастарына келді. «Бірақ бәйшешек бір күннен кейін солып қаладығой», - дейді Андрейка. Сол кезде Әлдебіреуінің басына: Бәйшешекті қазып алып, оны Петрикке топырағымен,тамырымен апарайық, - деген ой келеді. Солай еттік. Өсімдікті Петриктің бөлмесінің терезесінің сыртына отырғыздық. Көктем гүліне қарап, Петрик, тезірек жазыл! Петрикке дене және рухани денсаулықтың қайнар бұлағы, еш нәрсемен салыстыруға болмайтын ғажайып шипа – щаттық пайда болды.»






5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:

  • Әртістер тобы:

Бауырмалдылық пен кеңпейілділік туралы көрініс

  • Ақындар тобы:

Бауырмалдылық пен кеңпейілділік туралы бір шумақ өлең құрастыру

  • Суретшілер тобы:

Бауырмалдылық пен кеңпейілділік туралы сурет салу

  • Жазушылар тобы:

Бауырмалдылық пен кеңпейілділік туралы эссе жазу





6.Топпен ән айту.

Кел достар”



Сөзі: Н.Шакеновтікі Әні: Б.Байқадамовтікі

Алмалы алатау асқарынан

Келеміз көңілді ән шырқап.

Күн сүйген қазақтың жастарынан

Сәлем ал, жалынжы жас ұрпақ!
Қайырмасы:

Өмір таңын,

Шаттық әнін

Шырқаңдар әлемге, кел жастар!

Махаббатпен,

Салтанатпен

Адымда, алға бас, жолдастар!
Кең пейіл Отанда қарсы аламыз,

Бақыт құс қонсын деп әр елге.

Біз жастар жаңғыртып жар саламыз,

Бейбіт күн болсын әлемде!


Қайырмасы:






7.Үй тапсырмасы.

« Жанашырлық» Қ.Толыбаев әңгімесін оқу.






8.Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде)

(Баяу күй ойнайды)


• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет