Лекция №1. Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің физ-географиялық
жағдайы.
Жоспары:
Оңтүстік жарты шардағы құрлықтар.
Географиялық орнының өзара байланысы. Солтүстік Америкамен ұқсастық және айырмашылық белгілері.
Материк табиғатының даму және қалыптасу кезеңдері.
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай бөліктеріне материктің енсіз бөлігі ғана кіреді.
Оңтүстік Американың енді жері (5000 км-ден астам) 5° о.е.-те. Материктің ен батыстағы нүктесі Париньяс мүйісі (81° 20' б. б.), ең шығыстағысы - Кабу-Бранку мүйісі (34° 46' б. б.). 40° с. е.-тен оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды.
Оңтүстік Америка солтүстікте 12° 25' с. е. дейін (Гальинас мүйісі), оңтүстікте-53° 54' о. е. дейін (Магеллан бүғазындағы Фроуорд мүйісі) жетеді.Отты Жер архипелагының қиыр оңтүстік нүктесі осы аттас аралдағы Горн мүйісі - 55
С 59' о. е.-те жатыр.
Ең биік жері-Аконкагуа тауы 6959м, ең төменгі жері Вальдес түбегі-40м. Оңтүстік Американың көп бөлігінде күн радиациясы жылына 590-670 мың дж/ см.кв
Солтүстік Америкамен арадағы географиялық, шекара Кариб теңізіндегі Дарьен шығанағынан Тынық мұхиттағы Буэнавентура шығанағына дейінгі аралықта өтеді. Панама мойнағы екі материк арасындағы шекара деп шартты түрде есептеледі.
Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу жатқан материктік ірі аралдар Тринидад, Чили, Отты Жер, Фолкленд аралдары. Мұхиттық аралдардан Оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан-Фернандес аралдары жатады.
Оңтүстік Американың жер көлемі оған тиісті аралдармен қоса есептегенде шамамен 17 850 мың км
2. Оның 150 мың км
2-і ғана аралдарға тиесілі.
Экватор тұсында Оңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстік Пассат ағысы келеді. Сан-Роки мүйісі түсында ол екі тармаққа бөлінеді, тармақтың біреуі Гвиана ағысы деген атпен материктің жағасын бойлап солтүстік-батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екіншісі Бразилия ағысы оңтүстік-батысқа Ла-Платаның сағасына қарай ағады.
Материктің оңтустік-шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы өтеді. Бразилия және Фолкленд ағыстары 40° және 35° о. е. аралығында Ла-Плата ауданында тоғысады.
Атлант мұхиты жағалауында кұрлыққа ішкерілеп еніп жатқан ірі шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстік-шығыста Патагонияның жағасына жарты шеңбер тәріздес Сан-Матиас, Сан-Хорхе ірі қойнаулары т.б. еніп жатады. Парана өзені құятын жерде жаға Ла-Платаның кең әрі ұзын эстуарийімен тілімденген. Одан солтүстікке таман Оңтүстік Америка жағалауына терең және кеме тұруға қолайлы шағын қойнаулар кіріп жатады. Аса ірі өзен сағаларында, әсіресе Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.
Кариб теңізі жағалауындағы біраз ірі түбек қолайлы шығанақтарды бөліп түрады. Солтүстікте Пария шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік-батысы мен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектері оқшаулап тұратын ең ірі шығанақ - Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседі. Панама мойнағы етегінен теңізге қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетеді.
Тынық мұхиттың Онтүстік Америка жағасы тұсында континенттік платформа өте енсіз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі 7000 м-ден
асатын терең мүхиттық шүңғымалар өңірі жатыр. Жылы ағыстардың әсері экватордың, солтүстік жағында сезіледі, ал Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының қалған өн бойында күшті Перу салқын ағысының әсері байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.