Анд тау жүйесін дамуы мен құрылымындық ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұзына бойғы геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады:
Кариб Андысы-солтүстік-шығыстағы Кариб теңізі жағалауын бойлай қатпарлы жоталармен көмкерілген.
Солтүстік –Батыс Андысы- меридиандық бағытта созылған терең тектоникалық бөлінулер шығыс Кордильер орталық бөлігі 2500-2700м биіктікте.
Эквадор Андысы- морфогенетикалық процесі-вулкандық болып табылады. Сөнген Чимборосо 6262м , Котопахи-5897м сөнбеген вулканды таулары жатыр.
Орталық Анд- 4030-280 о.е 750км-ге созылған үлкен көлемді ішкі таулы үстірттері 4000м алып жатыр.
Перуан Андысы 14030 о.е алып жатыр.Батысындағы ең биік жота-Кордильер Бланка-6768м
Орталық Андының оңтүстігінде Орталық Анд тау қыраты жатыр.қазіргі
Льюльяйльяко-6723м, ежелгі Сахама-6780м, Охос-дель-Саладо-6880м және т.б
Тынық мұхит жағалауын бойлай Жағалау Кордильер таулары-3200м, одан шығысқа қарай 22-270 о.е тектоникалық депрессияға ұшыраған-Атакама шөлі жатыр. Бүкіл Тынықмұхиттық беткейлері яғни 5-280 о.е аридты процесстер басым.
Чилий-Аргентина Андысы (субтропикалық) Жағалау Кордильер құрылымдары анық көрінген,тектоникалық қазаншұңқырлар мен жер бедерінің үгілу процестері анық байқалады.
Патагония Андысы- Анд таужүйесінің ең оңтүстіктегі бөлігі. 4035м төмендеген. архипелагтар мен фьордтармен тілімделген.
1.Батыс Кордильер альпі циклінің орта кезінде немесе аяғында түзілген биік және орта биіктіктегі қатпарлы-жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға жарыса ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңірі өтеді. Ол өз кезегінде Тынық мұхиттан барлық жерінде дерлік кайнозойдың қатпарлы шөгінділерінен тұратын Жағалық Қордильердің үзік-үзік зонасымен бөлінген. Келесі зона палеозойдың қатпарлы құрылымдары негізінде кайнозойдың аяғындағы жақпарлы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген Шығыс Кордильер. Андының орталық бөлігінде, Батыс және Шығыс Кордильердің аралығында Боливия таулы кыратының Пуналары жатыр. Олар альпі орогенезі процесінде айтарлықтай өзгеріске үшырамаған палеозой жақпары болып табылады. 26 және о.е. аралығында Прекордильер мен Пампа серраларының орташа биіктегі және биік жақпарлы массивтері мен жоталарыпың жүйесі көтеріліп жатады. Бүл тау ғимараттары платформасының палеозой, ал одан кейін кайнозой тау түзілуіне іліккен шеткі бөлігі болып табылады. Олар кәдімгі Андыдан және бір-бірінен тектоникалық ойпаңдармен бөлінген, сонымен бірге оларды платформа мен Андының аралығындағы өтпелі аймақ деп қарауға болады.
Пайдалы қазбалардан Анд белдеуінде мыстың, қалайының, қорғасынның, мырыштың және гидротермалық рудалары таралған. Сонымен бірге күміс, алтын, асыл тастар да таралған.
Андының тауаралығы және тау бөктері майысулары, әсіресе Венесуэла мен Колумбия аймағында мұнайға бай.
ЕҰУ Ф 703-07-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Достарыңызбен бөлісу: |