Табақшалы (барботажды) аппараттар. Табақшалы аппараттар тік мұнаралар түрінде болады. Оның ішінде бір бірінен белгілі қашықтықта орналасқан горизонталь бөгеттер (табақшалар) бар. Осы табақшалардың фазалардың бағытты қозғалуы және сұйық пен газдың өзара көп рет әсерлесуі қаматамасыз етіледі. Сұйықтың төгілуіне байланысты мұнара табақшалары былай бөлінеді:
Төгу құрылғылары бар табақшалар;
Төгу құрылғылары жоқ табақшалар.
Төгу құрылғылары бар мұнараларда сұйық табақшадан табақшаға арнай құрылғының - төгу құбыршасы көмегімен төгіледі.
Сұйық жоғарғы табақшаға 1 беріледі, ол табақшадан табақшаға төгу құрылғысы 2 арқылы құйылады, және мұнараның төменгі жағынан алынып кетеді. Газ (немесе бу) аппараттың төменгі жағынан әр табақшаның тесіктері немесе қалпақшалары арқылы өтеді. Бұл кезде газ табақша сұйығы қабатында көпіршіктер немесе ағыншалар түрінде таралады, және табақшада көбік қабатын түзеді. Жылумассаалмасудың негізгі аймағы табақшадағы көбік қабаты болады. Төгу құрылғылары бар табақшаларға торлы, қалпақшалы, клапанды, балласты табақшалар жатады.
Төгу құрылғылары жоқ табақшалард а газ және сұйық бір тесіктерден және жырықшалардан өтеді. Табақшада барботаж арқылы газ бен сұйық әсерлесумен қатар сұйықтың төмен орналасқан табақшаға құйылуы (құлауы) қатар өтеді. Сандықтан табақшалардың бұл түрлерін құламалы деп атайды. Бұл табақшаларға тесікті, рещеткалы, құбыршалы және толқынды табақшалар жатады.
Табақшалар жұмысының гидродинамикалық режимдері. Конструкциясы кез келген табақшаның тиімділігі оның жұмысының гидродинамикалық режимдеріне тәуелді. Газ жылдамдығына және суару тығыздығына байланысты барботажды табақшалар жұмысының үш гидродинамикалық режимдерін ажыратады: көпіршікті, көбікті, ағынды (немесе инжекциялы). Бұл режимдер барботажды қабаттың құрылымымен ажыратылады. Өз кезегінде барботажды қабаттың құрылымы табақшаның гидравликалық кедергісін және фазалардың жанасу бетін анықтайды.
Көпіршікті режим газдың төмен жылдамдықтарында байқалады. Бұл кезде газ сұйық қабаты арқылы жекелеген көпіршік түрінде қозғалады. Фазалардың жанасу беті үлкен есес. Көбікті режим. Газ шығыны өскенде табақша тесіктерінен шығатын жеклеген көпіршіктер қосылып тұтас ағын құрайды, ол тесіктен біраз аққан соң барботажды қабаттың кедергісі салдарынан бұзылып көптеген көпіршіктер түзеді. Нәтижесінде табақшада газ – сұйықты дисперсті жүйе, көбік, түзіледі. Бұл жүйе тұрақсыз және газ ағыны тоқтағанда бірден бұзылады.
Бұл режимде газ сұйықпен көпіршік және ағыншалар беттерінде, сонымен қатар сұйық қабатын жарып шыққан көпіршіктер түзген сұйық тамшыларынң беттерінде жанасады. Көбікті режимде фазалардың жанасу беті ең үлкен. Ағынды (немесе инжекциялы) режим. Газдың жылдамдығы одан әрі өскенде ағындардың ұзындығы өседі және олар барботажды қабаттың бетіне бұзылмай шығып, ірі шашырандылар түзеді. Бұл режимде
фазалардың жанасу беті тіптен азайып кетеді.