Оѕтїстік Ќазаќстан Мемлекеттік Медицина Академиясы



бет36/66
Дата17.05.2020
өлшемі359 Kb.
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Электронды ресурс:

  1. 10000 советов медсестре по уходу за больными [ Электронный ресурс]: Монография.-М., 2002г.

  2. Обуховец Т.П. Основы сестринского дела [ Электронный ресурс]: Монография.- Ростов н/Д:2003г.

  3. Справочник медицинской сестры [ Электронный ресурс]: справ.изд.- М., 2004г.


7. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1) Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі клиникалық симптомдарға жатады:



  1. асқазан тұсындағы ауырсыну, бүкіл денесінің сарғаюы, кекіру,лоқсу, сілекей ағу, іш өту және іш қату.

  2. асқазан тұсындағы ауырсыну, кекіру, лоқсу, құсу, қыжылдау, дисфагия, асқазан-ішектен қан кету, іш өту және іш қату.

  3. жүрек тұсындағы ауырсыну, бас ауру, бас айналу, АҚ-жоғарылауы, мұрын-ауыз үш бұрышының көгеруі, аяқ-қолдарының ісінуі.

  4. кеуде қуысындағы ауырсыну, ентігу, мұрын-ауыз үш бұрышының көгеруі, жөтел, қақырық тастау, қан түкіру, өкпеден қан кету.

2) Сәйкестікті келтір:



  1. асқазан тұсындағы ауырсыну

  2. кекіру

  3. лоқсу, көңілінің айнуы

  4. құсу

  5. қыжылдау

  6. дисфагия

  7. асқазан – ішектен қан кету

  8. іш өту

  9. іш қату

  10. метеоризм

А) асқазан ойық жара ауруында жиі кездеседі, тұз қышқылының әсерінен гемоглобиннің тұз-қышқылды гематинге айналуынан болады.

Б) жұтынудың қиындауы.

В) рефлекторлы акт, кезеген нервтің тітіркенуінен болады.

Г) құсу орталығының қозуымен болатын күрделі-рефлекторлы акт б.т.

Д) жіті және созылмалы ішек инфекциясы кезінде болады.

Е) асқазан немесе өңеште жиналған ауаны шығару.

Ж) тамақтанып болған соң эпигастральді аймақта пайда болатын сезім;

З) асқазан сөлінің қышқылдығының көбеюінен және өңештің кілегей қабатының тітіркенуінен болады.

К) obstipatio-ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы.

Л) ішек қабырғасы тонусының баяулауынан, ішектің қозғалту қызметінің бұзылуы және аэрофагия.


3) Асқорыту мүшесіне жатады:

  1. ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, брох, өкпе.

  2. ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, аш және тоқ ішек, сигма тәрізді және тік ішек.

  3. ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, өңеш, бронх, өкпе, асқазан, он екі елі ішек, аш және тоқ ішек, сигма тәрізді және тік ішек.

4) Асқорыту мүшесінің физиологиялық ерекшеліктерін сәйкестір:



  1. ауыз қуысы

  2. жұтқыншақ

  3. өңеш

  4. асқазан

  5. он екі елі ішек

  6. аш ішек

  7. тоқ ішек

  8. тік ішек

А-нәжісті сыртқа шығарады.

Б-су сіңіріледі, нәжіске айналады.

В-асқазанға түседі.

Г-ас қорытылады.

Д-асты бөлшектейді.

Е-дәрумендер және минералдар сіңіріледі.

Ж- жұту қызметін атқарады.

З-тістің көмегімен шайнау қызметін атқарады, ауыз қуысында альфа амилаза бөлінеді.


5) Құсу орталығы қай жерде орналасқан, дұрыс жауабын көрсет:

  1. гипофизде

  2. мишықта

  3. сопақша мида

  4. аралық мида

  5. гипоталамуста

6) Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі науқастарға қандай диета тағайындалады:



  1. № 5

  2. № 10

  3. № 7

  4. № 15

  5. № 1

7) Құсудан кейінгі болуы мүмкін асқынулар:



  1. кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жатқызу, эпигастральді аймаққа грелка қою, дәрігерге хабарлау.

  2. кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жатқызу, эпигастральді аймаққа мұзды мұйық қою, дәрігерге хабарлау.

  3. кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жүргізу, ыстық қою шәй беру, дәрігерге хабарлау.

8) Құсудан кейін медбике науқасқа беретін ұсынысы.



  1. көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тартпау, дәрі-дәрмек қабылдау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.

  2. көңілінің айнуы және құсу басылғанша ауыр тағамдарды қабылдамау, көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тартпау, дәрі-дәрмек қабылдамау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.

  3. көңілінің айнуы және құсу басылғанша көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тарту, дәрі-дәрмек қабылдау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет