Ситуациялық есептер:
№1 Асқазан тұсындағы ауырсыну сезіміне байланысты жеке бекеттегі медбикеден дәрі-дәрмек беруін сұранған науқасқа, жеке бекеттегі журналдарды толтырып болғанша бір айналып келуін сұранды және ол науқас туралы медбике ұмытып кетті. Белгілі бір уақыт өткен соң науқас «кофе тұнбасы»- тәрізді құсты.медбикенің істеген іс-әрекеті дұрыс па?
№2 Медбике азанда, түсте және кешке ішетін дәрілерін науқастың қолына берді. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз?
№3 Медбике дәрілік заттарды тарату кезінде сыртынан ұқсас флакондарды алмастырып, науқасқа но-шпа орнына преднизалонды енгізді. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз?
№4 Гастроэнтерология бөліміне келіп түскен науқасқа қандай диета тағайындалады және қабылдау тәртібі қандай?
№5 Науқасты лабораториялық және инструментальді диагностикалық тексеру әдісіне дайындау тәртібі қандай? Тексеру әдісін жүргізуде медбикенің міндеті? Тексеру әдістерін қандай мақсатта қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |