2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары
Глоссарий
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы.
Аллеломорфты белгілер – бір геннің әр түрлі аллельдерінің әсерінен пайда болған белгілер.
Аллополиплоидия – Бір организмнің жасушасында әр түрдің диплоидты хромосомалар жиынтығы.
Антигендер – организмге кірген бөгде заттар иммундық жауап туғызады.
Антидене – жоғары сатыдағы организмдердің иммундық жүйесі бөліп шығаратын белок, олар бөгде молекулалық заттарды ерекше түрде байлайды. Антидене организмдерде пайда болған антигендерге жауап ретінда бөлінеді.
Антикодон – тРНК молекуласының бөлігі, үш нуклеотидтан тұратын және өзіне сәйкес амин қышқылын кодтайтын иРНК ның үш нуклеотидтен тұратын бөлшегін таниды.
Аутбридинг – генетикалық туыс емес өкілдерді шағылыстыру.
Бактерофагтар – бактерияларда өсіп-өнетін вирустар.
Биотехнология - әр түрлі микробиологиялық синтезді, генетикалық және клеткалық инженерияны, ферменттер инженериясын қолдану арқылы өсімдіктің, жануарлардың организміне ықпал ететін және жасанды қосылыстарды өндірістік реакторларда алу үшін көп бағытта жүргізілетін ғылыми-техникалық салксы.
Вектор – дербес еселенетін генетикалық құрылым, оның көмегімен өзгертілетін геномға тиісті генді жеткізіп орналастыруға болады.
Ген – тұқым қуатын ақпараттық құрылымдық бірлік.
Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі оргаизмдерді жасау мәселелерін зерттейтін молекулалық биологияның саласы.
Генетикалық код – белок молекуласына қажетті амин қышқылдарының орнын анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек.
Генотип – организмдегі гендер жиынтығы.
Делеция – мутацияның нәтижесінде хромосоманың орта бөлігінің жоғалуы.
Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан және тірі денелерден организмнің қорғану әрекеті.
Иммундық реакция – генетикалық бөгде заттарды құртуға, бейтараптандыруға бағытталған организмнің бейімділік жауабы.
Инбридинг - өте жақын туыстас өкілдерді шағылыстыру.
Кариотип – түрге тән хромосома жиынтығы.
Клеткалық инженерия – қайта құрастыру, будандастыру, өсіру негізінде жасушаның жаңа типін жасау әдісі.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе ұрпақтар.
Кодон – триплет.
Комплементарлық – бірін – бірі толықтырушы гендендің болуы, олар бірге әсер етіп, белгінің пайда болуына себеп болады.
Локус – хромосомадағы белгілі бір геннің орны.
Мейоз – жыныс жасушасы ядросының екі рет қатарынан бөлінуінің нәтижесінде төрт гаплоидты жасушаның пайда болуы.
Мозаиктер - әртүрлі генотипі бар жасушалардан тұратын организм.
Мутаген – физикалық және химиялық аген мутацияның жиілігін жоғарылатады.
Мутация – генетикалық материалдың негізгі қасиетін өзгертетін тұқым қуатын өзгеріс.
Ноненс кодондар – амин қышқылдарының ешқайсысына сәйкес калмейтін трансляцияны тежеуші ролін атқаратын кодондар.
Онкогендер – эукариоттар жасушаларынан залалды ісіктерге өзгерте алатын белоктарды кодтайтын гендер.
Онтогенез – организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі өзгерістер жиыны.
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің дамып өсуі.
Плазмидтер – хромосомамен байланыссыз дербес өмір сүретін сақина тәріздес ДНҚ молекулалары.
Полимерия – бір белгіге әртүрлі, бірақ ұқсас ететін аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының өсуі.
Профаг – бактериялық жасушаға тұқым қуу материалы қосылған фаг.
Рестриктазалар – ДНҚ-ны кесетін фермент.
РНҚ- полимеразалар – ДНҚ үлгісімен РНҚ синтездейтін ферменттер.
Селекция – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің, бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Транспозон – геномда өз орнын ауыстыра беретін ДНҚ фрагменті.
Фенотип – организмдегі барлық белгілердің жиынтығы
Шағылыстыру – белгілері бойынша айырмашылығы бар бір түрдің өкілдерін жұптау.
Эволюция – тірі табиғаттың тұқым қуу, өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.