ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер



бет3/10
Дата17.06.2018
өлшемі0,65 Mb.
#42703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6



Сабақ мақсаты:

Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Лексикалық мәтінге толық талдау жасаңыз, жаңа сөздерді жаттап алыңыз;

  2. Фразеологизмдерден өткенді қайталау, берілген тапсырмаларды орындау.


Әдістемелік нұсқау
Салық реформасы
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орны ерекше. Бұл заңда, біздің пікірімізше, салық ұғымының аясы белгіленіп, салық салу объектілері анықталады. Мұнда салық жөнінде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін екендігін, оларды кімдер беретіндігі, салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салық органдарының шешіміне шағым беру қалай екендігі белгіленді.

«Пайдаға салынатын салық» - жаңа салық жүйесіндегі аса маңызды заңдардың бірі. Салыққа байланысты соңғы кездегі жаңалық – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан алынатын салық туралы» Заңда ескерілген, яғни өндіріс өсімін ынталандыруға бағытталған жеңілдіктер көзделген. Атап айтқанда, егер азық-түлік өндіретін, халық тұтанатын, балаларға арналған тауарлар шығаратын, дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мол пайда тапса, сол қосымша түскен пайдаға салық салынбайды.

Бүгінгі таңда пайдаға салынатын салықтың мөлшері 35 проценттен 25 процентке дейін, коммерциялық және кооперативтік банкілер, жинақ банкілері мен сақтандыру ұйымдарында 55 проценттен 45 процентке дейін төмендетіледі. Қазақстан Республикасының Президенті өз жарлығымен Мемлекеттік Бас салық инспекциясы мен Республикасының комитеттерін және оларға бағынатын инспекциялар мен органдарды Қаржы министрлігінің құрылымына енгізді.

Мемлекеттік салық инспекциясы меншік түрлеріне қарамастан кез келген кәсіпорынның, кооперативтің, фирманың ішкі қызметтері туралы мәліметтер жинап, тексеріс жүргізе алады.

Салық – экономикамызды дамытудағы реттеуші күш. Салықтың нарықтық экономика кезіндегі ролі мен мәні зор.
Сөздік
Салық жүйесі – налоговая система

Ерекше – особый

Жеңілдік – привилегия

Бағытталған – направленный

Пайдаға салынытын салық – налог на прибыль

Кәсіпорындар – предприятия

Бірлестіктер – объединения

Тұтыну – потреблять

Қосымша түскен пайда – добавочная прибыль

Реттеуші күш – регулирующая сила


Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

3) Мәтіннің соңғы 2 сөйлеміне морфологиялық талдау жасаңыз.



Грамматикалық тақырып.

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.



Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестердің бір түрі. Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады.

Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы. Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:

Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.



Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір құбылыстары қамтылған. Олар ой дәлдігі мен ықшамдылығымен ерекшеленеді, тақырыптары әр алуан болып келеді. Мысалы: Білімді өлмес - қағазда аты қалар, ұста өлмес - істеген заты қалар; Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ; Ағаш тамырымен, адам жол-дасымен мықты т.б.

Мақал мен мәтел бір-біріне ұқсас. Алайда бұл екеуі бір түсінік емес, олардың аз да болса белгілі дәрежеде айырмашы-лықтары бар. Ол айырмашылық ойды түйіндеуден және құрылымы жағынан көрінеді. Мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады, құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді, алдыңғы ой екінші ойдың шарты түрінде көрінеді. Мысалы, мезгілі жетсе, мұз да ерір; тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер, түсі игіден түңілме т.б., ал мәтелдерде аяқталған тиянақты ой айтылмайды, құрылысы жағынан олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бірнеше сөздердің тіркесі түрінде де келе береді.

Мысалы, орақ ауыз, от тілді; қой семізі қойшыдан, т.б.



Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Тілде ақын-жазушылар шығармаларынан мақал-мәтел, қанатты сөздер болып кеткен үлгілер көп. Мысалы, Шегірткем бір секірдің құтылдың, екі секірдің құтылдың, үшіншіде тұтылдың (Ы.Алтынсарин.). Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Доссыз ауыз тұшымас (Абай).
1-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.
2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.

Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.


3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.

  • Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?

  • Неге олай дедің ?

  • Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?

  • Кімнен естідің ?

  • Бәрі айтып жүр ғой.

  • Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.

  • Қайрат, рас айтасың.

  • Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.

  • Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!


4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар:

Елі сүйгенге өлім жоқ. Өлімнен ұят күшті. Білім арзан, білу қымбат. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Доссыз өмір - тұзсыз ас. Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.
5-тапсырма: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:

Олақ өзгеге сенсе...

Ер жігіт ел үшін туады...

Оқу білім бұлағы...

Асыл тастан шығады...

Ашуың келсе, қолың тарт...

№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1 «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңда не жайлы айтылған?

2 «Пайдаға салынатын салық» заңында не туралы айтылған?

3 Қаржы министрлігінің құрылымына қандай органдар кіреді?

4 Экономикамызды дамытудағы реттеуші күш не?

Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.
Құс патшасы – бүркіт

Аң патшасы – арыстан


Жалқаулық – жаман ауру
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз
Жігіт көркі – өнер
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
Ұстаздан шәкірт озар
Күш – білімде, білім – кітапта
Орысшадан қазақшаға аударыңдар

Если и золото нашел, пересчитай


И вода счет любит
Умный честь свою оберегает,

Скупой скот свой оберегает


Многословие – көп сөз

Молчание – золото


Говори редко, но метко
Молчание от самой большой беды оберегает

Практикалық сабақ №7

Көнерген сөздер мен неологизмдер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақ мақсаты:

Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.


Әдістемелік нұсқау

Бәсеке ұғымы мен үлгілері
Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі.

Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі-бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені -өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.

Бәсекенің классикалық түрін еркін ,жетілген , бағалық деп атауға болады. Қазір нарықтар бәсеке сипатымен бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.

1. Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамын тудырады.Тауарөндірушілердің көптігімен, тауарлардың біртектігімен сипатталады

2. Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «монос» бір, «полео»-сатамын)-көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті, сараланған тауарларды сатуынан құралады.

3. Олигополия(грек сөзі «олигос»-аздау «полео»-сатамын)- тауар өндірушілер аса көп емес, үш-төрт ірі тауар өндірушілер бар, сараланған немесе біртекті таураларды өндіреді,осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды.Баға бағалық лидер қағидасымен анықталады

4. Таза монополия нарығында бір ғана тауарөндіруші біртекті өнімді өндіреді, нарықты100 пайызға бақылайды, бағаны толық өзі қадағалайды.Бұл нарыққа ену өте қиын, әртүрлі жасанды кедергілер бар.

Сөздік
Бәсеке – конкуренция

Жетілген бәсеке– совершенная конкуренция

Жетілмеген бәсеке –несовершенная конкуренция

Заңды тұлғалар – юридические лица

Жеке тұлғалар – физические тұлғалар

Бағалық –ценовой

Тауарөндіруші-товаропроизводитель

Біртекті-однородный

Сараланған -дифференцированный
Мәтінге берілген тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.


  1. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
    құрастырыңыз.



Грамматикалық тақырып.

КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН НЕОЛОГИЗМДЕР

Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:



  1. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б.

2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б.

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:


  1. қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;

  2. тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр.


1-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.

2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Қиял, зейін, үнтаспа, мешіт, жолсерік, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.

№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1 Тура салық дегеніміз не?

2 Жанама салық дегеніміз не?

3 Мемлекеттік салықтарға нелер жатады?

4 Жергілікті салық дегеніміз не?

5 Табыс салығы кімнен алынады?


Практикалық сабақ № 8

Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар № 8
Сабақ мақсаты:

Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Стилистика іліміне сипаттама беру.


Әдістемелік нұсқау

Конституция ұғымы мен мәні

Конституция сөзі латынның «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.). Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.

Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғарғы заңды күшке ие қоғамның әлеуметтік, экономикалың, қоғамдық, саяси және рухани ізгілік өмірінің маңызды қағидалары мен институттарын бекітетін қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы.

Оның белгілері:

1. ең жоғарғы заңдық күші болады.

2. ол тұрақты болады.

3. ерекше заңдық мазмұны.

4. оның Республиканың бүкіл аумағына тікелей және тура қолданылады.

Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.

1. Мемлекеттік құрлыс нысанына қарай конституцияны біртұтас және федерациялық.

2. Мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес.

3. Қолданылу ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша конституция.

4. Нысанына қарай жазбаша және ауызша. Жазбаша (Қ.Р.), ауызша (Ұлыбритания).

5. Оған өзгерістер мен түзетулер еңгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлінеді. Қатаң конституцияны сайлаушылар қауымы тікелей референдумда не арнаулы құрылтай жиналыстарында қабылдананды. Олқы конституция әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді еңгізу жай заңдарға тәріздес.тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң шығарушы орган еңгізеді.

6. Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.

Конституциялық құқықта конституцияның нысаны атты ұғым кездеседі. Конституциялық нысан деп оның объективті өмір сүруінің әр түрлерін айтамыз. Ол 3 элементтен тұрады: а) заңды; б) ішкі нысаны; в) сыртқы нысаны. ҚР Конституциясы заңды күші бойынша жазбаша болып табылады. Конституцияның ішкі нысаны – оның құрлымдық мазмұны, яғни құрлымдық бөлімдерге бөлу. Бұл преамбула, тарау, баптар, баптың бөліктері, бап бөліктерінің тарияғынан тұрады. ҚР Конституциясы преамбуладан, тоғыз тараудан, 98 баптан тұрады. Конституцияның сыртқы нысаны ерекше атаудан, тілден және стилін білдіреді. ҚР ата заңы конституция деп аталады. Ол заңды тілмен жазылған. Оның мәтіндік мазмұны ресми іскерлік стилде жазылған.



Мәтін тапсырмалары

1.Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.

2.Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.

3.Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.



Грамматикалық тақырып

СТИЛЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. СТИЛЬ ТҮРЛЕРІ
Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықаралық тілдің ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі әдеби тілі қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді. Ауызекі, сөйлеу стилі, ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық және көркем. Стильдің бұл тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады.

Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады. Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі.

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.

Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады.

Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора. Стрела, пущенная с земли, не достигает ее вершины. Поэтому прозвали гору «Окжетпес» - не достичь стрелой. Нет человека , который не удивился бы высоте этой горы. Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками ступенчатую возвышенность. На ней растут даже сосны и ели, которые невозможно вырастить и при обычных посадках.


2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Сен бүгін үй тапсырмасын орындадаң ба? Қалада үлкен үйлер көп. Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға барасың ба? Сен кешікпей кел. Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.


3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.



Практикалық сабақ № 9

Ресми іс-қағаздар стилі. Олардың түрлері.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар № 9
Сабақ мақсаты:

Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Стилистика іліміне сипаттама беру.


Әдістемелік нұсқау
Мәтін тапсырмалары

1.Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.

2.Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.

3.Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.


Ресми іс-қағаздар стилі

Ресми іс-қағаз стилі – кітаби стильдің бірі, ресми қарым-қатынастарда, іс-қағаздарда, яғни заңдарда, құжаттрада, актілерде, келісім-шарттарда, қаулыларда, ережелерде, қызмет қағаздарында және т.б. қолданылады.

Бұл стильдің мақсаты – мәліметті жеткізу, нұсқау беру. Ресми іс-қағаз стилі дәлдікпен, бірмәнділікпен, мәтін құрылысының стандарттандырылғанымен, мәтіннің міндетті түрде жазылатындығымен еркшелінеді.

Іс-қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, мінездеме, қолхат, хабарландыру, есеп, келіссөз, өтініш, бұйрық, жарлық, шағым т.б. жатады.



Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету.

Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары сол үлгі бойынша жазылады.

Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбіне заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.
Өтініш
Өтініш – құжаттың ең көп тараған түрі. Жеке тұлғалардың басшыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтінішінен тұрады. Ісқағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жасалады. Мынадай жағдайларда өтініш жазылады:

  • академиялық демалыс сұрау;

  • шетелге оқуға кетуге байланысты уақытынан бұрын сессия тапсыру;

  • жұмысқа қабылдау;

  • басқа жұмысқа ауыстыру;

  • кезектен тыс демалыс сұрау;

  • материалдық көмек сұрау;

  • пәтер бөлу;

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.



Үлгі

«Тұран» университетінің ректоры,

э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа

Экономика факультетінің

«Ақпараттық жүйе» мамандығының

2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан
Өтініш
Денсаулығыма байланысты жазғы емтихан сессиясын уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін. Денсаулығым туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.

15-наурыз, 2011 ж.


Түсініктеме
Түсіндірме қандай да бір оқиғаның, жеке адамдардың әрекеттерінің себептерін түсіндіретін құжат.
Үлгі «Тұран» университетінің ректоры,

э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа

Экономика факультетінің

«Ақпараттық жүйе» мамандығының

2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан

Түсініктеме

Менің 2011 жылдың 15-18 қазан аралығында сабаққа келмеу себебім, 2011 жылы 14-20 қазан аралығында Астана қаласында өткен «Орта Азия аймағындағы интеграция үрдісі» атты конференцияға қатыстым.

Конференцияға қатысқаным туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.
21.10.12 қолы

Өмірбаян
Мен, Қуанышбекова Айжан Нұржанқызы, 1994 жылы мамыр айының 6 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.

Әкем – Оралбаев Нұржан Қуанышбекұлы, 1963 жылы Семей қаласында дүниеге келген, мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі.

Анам – Әлімжанова Жанна Тұрартайқызы, 1962 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол информатика пәнінің мұғалімі.

Өзім, 2000 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің алғаш есігін аштым. Аудандық информатика, математика, физика пәнінен өткен олимпиадалардың жеңімпаздарымын. Облыстық корреспонденттік «Дарын» олимпиадасына математика пәнінен қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Аудандық «Болашақ» жастар ұйымын басқардым. Мектепті 2011 жылы «Алтын белгіге» бітірдім. Қазіргі таңда осы оқу орнында білімімді шыңдаудамын.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын, түрік (сөздік қолдану арқылы) корей (сөздік қолдану) арқылы тілдерін білемін.

ЭЕМ бағдарламаларын арнайы курстан өту арқылы меңгердім.

Мекенжайым: Алматы қаласы, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 66 үй, 26-пәтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет