ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31/03-2011
|
__________2011 жылғы
№ 2 басылым
|
41 беттің -шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2013.
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары ПОӘК-і
|
_______2013 жылғы
№ 2 басылым
|
5В050200 «Құқық және экономика негіздері» мамандығына арналған
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік және лабораториялық сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)
5 СӨЖ
ГЛОССАРИЙ
Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері»)-тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексика (грек.»сөздік қор»)-тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін бір саласы.
Лексикология (грек. лексика, логос)-тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексикография (грек. «сөздік» «ілім»)-тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.
Морфология (грек. «жаңа», «сөз»)- тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.
Синтаксис (грек. «құрастыру»)- сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонетика (грек.»дыбыс»)- тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі.
Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі.
Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы.
Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б.
Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.
Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді.
Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі.
Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі.
Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды.
Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.
Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел.
Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» - «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» - «сайлау»).
Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.
Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады.
Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.
Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.
Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.
Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.
Конверсия (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.).
Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.
Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.
Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс.
Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.
Морфема – (грек. Morrhe - форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді.
Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.
Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.
Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.
Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б.
Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.
Синхрония (грек. Sync – hronos- бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.
Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.
Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі.
Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.
Фонология (грек. phone – дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы.
Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п
Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.
Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.
Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) – сөздегі қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.
Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы.
2 ДӘРІСТЕР
Бұл пән бойынша дәрістер қарастырылмаған.
3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
Практикалық сабақ №1
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
Жаһандану дәуірінде Қазақстан мемлекетінің қазіргі жай күйіне сипаттама беру;
Қазақ тіліндегі ең үлкен заңымыз үндестік заңынан өткенді еске тусіру, кәсіби тәжірибеде жүзеге асыру.
Әдістемелік нұсқау
Қазақстан жаһандану дәуірінде
Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «Жаһандану әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы» деп атап көрсетеді. Оған ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар. Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты, әлемдік қаржы институттары т.б. кіреді.
Жаһандануды былай сипаттауға болатын сияқты. Бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдастық мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық, салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.
Жаһанданумен бірге өркениетке өріс ашар жаңалықтар келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді. Өмір сүру салтымыз бен мінез-құлқымыз да өзгеріс нышандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті.
Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету. Мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар бір-біріне қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.
Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып кіретін, соған сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу – жаһанданудың нәтижесі.
Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне баса көңіл бөлінгені жөн. Жаһандастыру да жергілікті мәдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат етпейді, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дәлел.
1-тапсырма. Мәтіннен ғылыми-көпшілік терминдерді табыңыз.
2-тапсырма. Мәтінде келтірілген мәселеге байланысты өз ойыңызды ортаға салыңыз.
3-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.
4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1.... дегеніміз не ?
2. Орыс ғалымы В.М. Межуев ... - деп атап көрсетеді.
3. Жаһандану – біркелкілендіру.
4. Қазақстан мемлекетінде .... баса көңіл бөлгені жөн.
5. Компьютер бағдарламаларыны..... осыған дәлел.
Грамматикалық тақырыптар.
ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (БУЫН, ДЫБЫС)
Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп құралады. Бұл үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір мен қосымшалардың аралығында да, тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің арасында да болады. Мұны ғылым тілінде үндестік заңы (уподобление звуков) дейді.
Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция) (үндесу заңы) деп аталады.
Сингармонизм заңы – сөз ішінде, сөздер аралығында және түбір мен қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы.
А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы,
бағдарлама+шы+лар+ға
ұя-шық+тан
Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не буындардан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы,
тақта-ның
түйме-ше+лер+дің
Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің басында еріннің қатысуымен айтылатын о,ө, ұ, ү ерін дауыстылары келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы, орын-айтуда: орұн; өзен – айтуда: өзөн; күрек-айтуда: күрөк. Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е ө-ге, і ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұлар алғашқы қалпында жазып, айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек.
Ықпал (ассимиляция) – дауыссыздарда болатын үндестік заңы. Бұл заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті бүтіндей сөйлем ішінде сақталуға тиісті заң. Қазақ тілінде мұның екі түрі бар: ілгерінді (ғылым тілінде прогрессивті) ықпал және кейінді (регрессивті) ықпал.
Ілгерінді ықпал
(Прогрессивная ассимиляция)
а) Егер түбірдің соңғы дыбысы ұяң (звонкие) ж, з болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң болып келеді. Мысалы, қыз+дар, қаз+дар т.б.
ә) түбірдің соңғы дыбысы қатаң (глухие) және орыс тілінен енген сөздердегі б, в, г, д дыбыстарына аяқталып тұрса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б.
б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не үнді (сонорные) болып келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң (звонкие) не үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б.
Кейінді ықпал
(Регрессивная ассимиляция)
Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к –г-ге, п б-ге айналып кетеді.
Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы
қорап +ы – қорабы
жүрек +і - жүрегі
Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы, керек екен (айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б.
5-тапсырма. Төменгі сөз және сөз тіркестерінен буын үндестігін табыңыздар.
Жаһандану, әлемдік қауымдастық, ұлттық мемлекеттер, аймақтар, тәуелділік, жалпыға ортақ, саяси, мәдениет, ережелері, бір жүйе, бағдарламалар, ғарышты игеру, бүкіләлемдік сауда ұйымы, туристік ұйым, әлемдік ұйым, әлемдік қаржы, кедергі, ақпараттар, қаржылық, біртұтас, кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық жүйе, халықаралық қатынастар, біркелкілендіру.
Тоғыспалы ықпал
(Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.
Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихы тым әріде жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың бостандық сүйгіш өр рухы оның этнографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс тауып отырған.
Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтары кие тұтқан көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.
Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.
Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
түсіндіріңіз.
Нышан, айшық (-талган), қоректік, шипалық,, мегзейді, әрлендіру, бедерлеу, киелі.
3. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз.
Университет, факультет, республика, президент, турист, агент, заңгер, компьютер, техника.
№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жаһандану дегеніміз не ?
2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ?
3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ?
Практикалық сабақ №2
Білім де бәсекеге түседі. Лексика және лексикология ұғымы туралы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу;
Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану.
Әдістемелік нұсқау
Білім де бәсекеге түседі
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.
Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.
Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.
Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж).
1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.
Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.
Грамматикалық тақырыптар.
ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ЛЕКСИКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ
СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ
Лексика – тілдегі сөздік құрамды, сөздердің толық жиынтығын береді. «Лексика» терімсөзі кейде жеке кісінің лебізіндегі сөздік қоры, жеке көркем шығарманың немесе жазушының сөздік қоры деген тар мағынасында да жұмсалады. Сөз жүйесінің негізгі міндеті – тілдің сөздік құрамын, сөздің ішкі терең мағынасы мен мәнін, лебіздегі қолданыс ерекшелігінің ішкі заңдылықтарын, лексика-семантикалық және категориялық қарым-қатынастарын (көпмағыналық, синонимдік, омонимдік, антонимдік, конверсиялық), қазақ сөздерінің қалыптасуын (төл сөздер мен кірме сөздер), қолданыс аясын (көне және жаңа сөздер, диалектілік және терімсөздер т.б), фразеологизмдерді ғылыми саралап, жүйелеу.
Тіл мен лебіз – негізгі бірлііктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жүйелі құрылым. Сондықтан, дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін – бүтіннің ажырамас бөлшектері.
Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.
Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіруі оның тура мағынасы деп аталады. Ол кейде сөздің негізгі мағынасы түрінде де атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел т.б. осы сияқты сөздерді жеке алғанда да, сөйлем ішінде үнемі білдіретін ортақ мағынасын келтіруге болады.
Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп кейін қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б.
2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.
Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).
3-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.
Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.
4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.
Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Адал достық алтыннан қымбат.
* * *
Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз Әл-Фараби
Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.
Әл-Фараби
Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.
Ә.Жами
Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.
М.Горький
№ 2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Білім қалай бәсекеге түседі?
2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?
3. Білімді болу деген не?
4. Жас мамандар қандай болуы қажет?
Практикалық сабақ №3
Диалект және кәсіби сөздер.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Диалект сөздер мен кәсіби сөздерден өткенді қайталау.
Әдістемелік нұсқау
Қазақстан экономикасы
Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Тәуелсіздік алуына байланысты Қазақстан экономикасында демократиялық қоғам жағдайында, нарық еркіндігін жасау межеленіп отыр. 1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді.
Нарық жағдайындағы Қазақстанның жекеменшік секторы еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық базасын қалыптастыруға орасан зор биіктіктерге көтерілу үстінде. Қазақстан экономикасы үшін шет ел инвестициясына жол ашық.
Өтпелі кезенің қиындығына қарамастан елбасының «Қазақстан 2030» бағдарламасы елімізді өркендеген елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық қоғамға айналдыруға кепілдік береді.
Сөздік
Табиғи қазбалар - природные ископаемые.
Нарық еркіндігі - сводный регион
Межеленіп отыр - ориентирована
Жекешелендіру - приватизация
Жекеменшік секторы - частный сектор
Экономикалық тұрақтылық - экономическая стабильность
Өтпелі кезең - переходной
Қоғам - общество
Кепілдік - гарантия
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына ы, і дыбыстарының тиістісін қойыңыздар:
ер...к, 6...л, хал...қ, к...ш..., ұлтт...қ, т...л, к...р, қ...з...қ.
2-тапсырма: Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар:
Үлгі: тіл - т -дауыссыз, қатаң дыбыс; і - дауысты, жіңішке; л - дауыссыз, үнді
Тіл, ана, халық, құрмет, көрік
3-тапсырма: Сөздердің жуан дауыстыларын бір сызықпен жіңішке дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер:
Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.
4-тапсырма: Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, түрлеріне ажыратыңыз:
Үлгі: нарық - н - үнді, р - үнді, қ - қатаң
Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру,
табыс.
5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:
Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, жел-то...саң, таби...ат, ...алым.
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыздар.
Мәтінге жоспар құруға тырысыңыздар.
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
Грамматикалық тақырып:
ДИАЛЕКТ ЖӘНЕ КӘСІБИ СӨЗДЕР
(СЛОВА ДИАЛЕКТЫ И ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СЛОВА)
Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. Диалект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, шалбар – сым (оңтүстікте), денелі – жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыстарда). Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері болады.
Бәдірен-әгүршік – қияр (огурец);
Бақыр –шелек (ведро);
Шыны, пиала – кесе (чаша для чая);
Шақпақ, күкірт, шырпы – сіріңке (спичка) т.б.
Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.
Балық аулау кәсібіне байланысты сөздер (слова связанные с рыболовным ромыслом): табан (лещь), шортан (щука), бекіре (осетр) т.б.
Ауыл шаруашылығына байланысты сөздер (слова связанные с сельским хозяйством): шабу (косить), шалғы (коса), орақ (серп), мал жаю (пасти скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б.
КӘСІБИ СӨЗДЕР
Кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Кәсіби лексиканың қолданылу аясы кең. Лексиканың бұл саласында белгілі бір аймаққа ғана тән кәсіп түрлерімен, мысалы көмір өнеркәсібімен, мақта өсірумен, балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ыңғайындағы әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің қай-қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе белгілі бір аймақтағы жергілікті халықтың күнделікті ауызекі тілінде және сол облыстыңгазет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады.
Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі дәрежеде көркем әдебиет стилінен де көруге болады. Мысалы, штрек, лава, уклон, креп дегендер сол 1920-30 жылдарды жиі кездесіп отырады. Бірақ халық шаруашылығының неше алуан саласындағы, атап айтқанда ғылым мен техникадағы, сондай-ақ өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті өзгеріске сәйкес бұлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды.
Кәсіби лексика публицистикалық стильде де мысалы, түрлі қолжазбада, очеркте т.б. қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады.
Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр-алуан қаулы қарада, есеп документтерінде, анықтама-мәләмет қағаздарында, яғни ресми кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ақ ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданылады.
№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Шығыс Қазақстан аймағына қатысты диалект сөздерді теріп жазу (30 сөз және түсініктеме беру).
Өз мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді жазып, сөйлем құрастыру (30 сөз және сөйлем).
Қазақстан экономикасында тәуелсіздік алуға байланысты не жасау межеленіп отыр?
Қай жылдан бастап елімізге жекешелендіру жүргізілген?
Практикалық сабақ №4
Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Жалпылама сөздердің қолдану аясын анықтау, терминдерді қолданыс аясына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқау
Нарық
Нарық дегеніміз не? Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми-зерттеу пәні бола алмады. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілу. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстыр сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайды.
Сөздік
нарық – рынок
зерттеу – исследовать
нәтиже – результат
жиынтық – совокупность
шектелу – ограничеваться
басымдылық – преимущество
өнім – продукт
өндірістік қатынастар – производственные отношения
өндірушілер – производители
тұтынушылар – потребители
айырбас – обмен
айналыс – оборот
Мәтін бойынша тапсырма
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Жіктік жалғауы жалғанған сөйлемдер құрастырыңыз.
4)Мәтінді мәнеріне келтіріп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |