ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Спорттық күрес әдістерін классификациялау, топтау, жүйелеу, атау беру



бет3/8
Дата20.06.2018
өлшемі487 Kb.
#43326
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Спорттық күрес әдістерін классификациялау, топтау, жүйелеу, атау беру.

Жоспар:


1. Еркін күрес жүйесінің қызметі.

2. Еркін күрес жүйесінің ерекшеліктері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Адамның дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданудың тиімділігі педагогмкалық процсстің ұйымдастырылуына, ғылыми жөне материалдық қамту денгейіне, басқару және бақылау операциясыныңң жетілуіне байланысты. Еркін күрес жүйесінің белімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті қызметімен, өзге қоғамдар жүйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен силаттапады. Барлық осы бөлімдердің жүйе құрылымындағы негізгі мақсаты - адам денесінің жан-жақты жетілуін жузеге асыру. Жүйенің жұмыс істеу нәтижесі оның бағытының мақсаттылығына және жүйеге енетін бөлімдерді түрлдірулеріне байлалысты.

Дене тарбиесінін жүйесі коғамның өзге де жүйелернен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәдениеттің, ғылымның, экононмканың және өнердің әсерімен дами отырып, дене төрбиесінің жүйесі коғамдық өмірдің барлық салаларына өзінің әсерін тигізеді. Жүйенің өз функциясын толық мағынасында орындау - әртүрлі жағдайлардан, әуелі қоғамдық-саяси құрылымның сыйпатына тауелді. Оның себебі, дене тәрбиесінің жүйесі сол құрылым ішінде бірге, дамиды. Бұл ретте мынандай жағдай ескеріледі: тек қана мемлекеттік құрылыс дене төрбиесі жүйесінің идеялық бағыты мен бірге мүліктік қорын (спорт құрылыстарын салу, арнаулы құрал-жабдықтар дайындау, маманданған кадрлар дайындау, ғылыми жағынан қамту, әдістсмелік әдебиеттермен жабдықтау т.б.) белгілеп отырады.

Қазақстан елі өз тәуслсіздік бағытгағы даму жағдайында дене тәрбиесі жүйесі жан жакты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халыктық, кемелденген өлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Қазіргі кезеңде еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың ден саулықтарын нығайту мен қоса тұла бойыңдағы биологиялық- психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық жұмысын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылуға тиісті.

2. Еркін күрес жүйесі өртүрлі әлеуметтік топтарынын дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін, өзара байланысты жекелеген дене тәрбиесі жүйесін құрауға тиісті. Бала бақша, орта мектеп жасындағы балалардың, арнайы орта оқу орнындағы, әскери кызметке баратыи, жоғары оқу орындарындағы жастардың әлеуметтік ұйым болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы енбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өткенбіз. Дегенмен “дене тәрбиесі", “спорт”, “дене шынықтыру” т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу үшін ең әуелі анық ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді.

Дене тәрбиесі негізгі 2 бөлімнен түрады: біріншісі спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен түрақты түрде шұғылданып кәсіпке айналдыруы. Екіншісі дене шынықтыру. Бұл жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал „Дене тәрбиесі" „дене шынықтыру деген түсінігінен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып есептеледі.

12-лекция


Спорттық күрес әдістерін классификациялау, топтау, жүйелеу, атау беру.

Жоспар:


1. Еркін күрестегі күрес әдістерін классификациялау

2. Күрес барысындағы күрделі жаттығу.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Еркін күрестегі күрес әдістерін классификациялау. Сіздерге бұрынғы тараулардан белгілі күш тек әдіс тәсілді қолдану кезеңінде ғана емес қорғану мен қарсы шбуыл, үдемелі, мезгілдік шабул тактикасындағы да негізгі балуан құралы. Сондықтан да мүшеміздегі бұлшық еттердің әрбір тобын жетілдіру ниеті мен арнайы спорттық жаттығуларды пайдалану және оларға анатомиялық тұрғыдан талдау жасау жатттығулары мен бапкерлер жұмысындағы теориялық сабақтың негізі болғаны дұрыс бағыт болмақ. Мұндай жаттығулар тобын спортта «атлеттер гимнастикасы» деп атайды. Балуандар жекпе-жектігіндегі шешуші роль атқаратын күш-қуат көзі бұлшық еттер қызыметі болып саналады, себебі, бұлшық еттер-тірек-қимыл аппаратының негізгі бөлігі. Мысалы, бұлшық еттің жекпе-жек белдесу кезіндегі бір сәттегі жиырылғыштық қасиеті арқылы қарсыласын кілемнен көтеріп кетуге, ол оның сіресу кезінде төрт тағандап кілемге жербауырлап қалу сәтінен байқау қиын емес. Сөйтіп күш-қуат көзі – бұлшық еттің негізгі атқаратын қызыметі миханиалық, егер бұлшық ет жиырлу кезінде дене бір орыннан екінші орныға ауысса динамикалық, ал бір сәт бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса статистикалық жұмыс деп аталады. көріп отырғандарыңыздай –бұлшық еттердің жоғарыдағы балуанның басты тірегі болатын факторлар. Олай болса бұлшық еттердің «жиырылғыштық» және «сіресу» қызыметін арнайы жаттығу мен күрделілендірмей күрес шешімдері болуда мүмкін емес. Адамның денесінің 600-ден астам қимыл-қозғалысты қамтамасыз ететін бұлшық еттер бар. Олардың негізгі күш-қуаттқа тікелей қарастылары сүйектерге жабысып тұрады, оның екі ұшы негізінде тарамас сіңір арқылы сүйеке бекиді. Спорт өнерінің жеке түрлеріне байланысты адам денесіндегі бұлшық еттердің орналасуына қарай жаттығу кезеңінде арнайы дене жаттығулары сұрыпталынуы керек. Мысалы, балуандық өнеріне машықтанушылар үшін негізгі бұлшық ет жаттығу қолдың, аяқтың бұлшық еттерін шынықтыруға арналады.

2. Шымыр болу үшін шыңдалуды қажетсінетін қолдың бұлшық еттерді иық белдеуінің тарамдары немесе дельта тәрізді, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырын асы, тоқпан жілік, білектің, шыбық жілік бұлшық еттері, аяқтың бұлшық еттері –мықым-бел, жамбастың, бөкскнің үлкен, санның, балтырдың бұлшық еттері. Күрес барысындағы күрделі дене қимылдарын биохимиялық түсінен арқылы жаттығу барысында талдау шәкірттердің дене күшінің, ептілік,шыдамдылық, ширақтық және жекпе-жек кезіндегі нерв жүйесі қызыметінің қалыптасу жолдарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Мысалы, қарсыласын қапсыра құшақтап көтеріп алған сәтте дене ауырлығы және қарсыласының салмақ ауырлығы әсерінен арқаның төрендігі бұлшық еттері, жамбас сан бұлшық еттері, бөксенің үлкен бұлшық еті, санның артқы топ бұлшық еттері, әсіресе үш басты бұлшық еттер қатайып жиырылады. Қарсыласын көтеріп алып кілем ортасына бет алған кезде аяқ бұлшық еттерінің жұмысы өзгереді де, ол динамикалық сипатқа ие болады. Балуан тұлғасы мен қол бұлшық еттерінің статистикалық жұмыс күші осы сәтте жайбарақат уақыттатғыдан 10-даған есе күші арта түседі. Жас адамдарға шамасына қарай ауырлықты кеудеге дейін, бастан асыра көтерудің ешқандай зияны жоқ.

Қол бұлшық еттері жақсы ширланған балуандардағы сәті шабулға іліп лақтыру, үйрену, жамбастан асыра тастың, кеудеден асыра шалқалай лақтыру әдістерін орындау өте сәтті шығады. Жаттығушы шәкірттердің тірек-қимыл аппаратындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін биохимиялық заңдылықтрды негізге ала отырып жаттығу барысында жүйелі талдау, балуан денесі мүшелері мен бөліктерінің бір-біріне өзара әсері мен қатынасының дұрыс қалыптасуының тәжрибелегі мән-маңызы мен пайдасын ашады. Күрес өнерін меңгерушілерге тән күш-қуат пен оның өзіне тән тұлғасы мен сымбаты яғни жекпе-жекте күнделікті жүріс-тұрыста белгілі бір күй болатыны анық. Бапкер-тәрбиесі мақсаты тек жарыста өз шәкіртінің алдынғы орынды иеленуімен шектелмесе керек. Олар тек кілем үстінде жұлқыласып, арпалысуды ғана білмей-омыртқа бағанасының, кеуде қуысы пішінің аяқ-қол сүйектерінің және жалпы бұлшық еттер қызыметінің жетілуіне байланысты, әрбір күрес өнерімен машықтанушылардың жеке басын сипаттайтын дене құрылысы-сымбаттылыққа тән екендігін шығармауы керек. Мысалы, күш-қуатты асыруды ғана мақсат етіп, дене тәрбиеесіне көңіл бөлмеген шәкірттерде нашар сымбат қалыптасады, жүріс-тұрысы дене қозғалысымен жараспайтын кезеңге душар болуы мүмкін. спорт тек қана жеңіс емес өте дұрыс сымбат, сымға тартқандай түзулік.



13-лекция
Спортшыларды жас ерекшеліктеріне, салмақ дәрежелеріне және шеберліктеріне қарай бөлу.

Жоспар:


1.Еркін күрес теориясы мен әдістемесі.

2. Еркін күрес қайта өрлеу кезеңі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Еркін күрес теориясы мен әдістемесінің пайда болуынын бастауы мен даму кеэеңдеріне тоқталатын болсақ онда жайлардан туындағанын атағанымыз жөн болады. Олар:

- қоғамдық өмір практикасы. Қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар адамдарға мұқтаждығы, дене тәрбиесінің қиыншылықтарын тануға деген ұмтылысты тануды және сол негізде адам денесін жетілдіруді басқару жүйесін құруды қажет етті:

- дене тәрбиесінің практикасы. Тек қана практика жағдайында барлык. теориялық қағидалардың өміршеңділігі ісксеріледі. Осындай жағдайларда ғана дене тәрбиесінің теориясы


мсм әдістемесі жаңа қағидаларды жасау қажеітілігі туралы жана тың идеялар туындауы мүмкін:

- әртүрлі кезендерде және әртүрлі елдерде философтардың, психологтардың, дәрігерлердің жан-жақты даналық жеке адамды тәрбиелеу жолдары және мазмұны жөніндегі айтқан прогрестік әдістеменің белгілісі Ертедегі Грецияда жасалынып пайдаланған әдіс ол әдіс бірыңғай жүйеге белгілі бір іс-к.имылдарды, сонымен қатар үйрету әдістерін, адам бойындағы әдсттерді арттыру жоларын біріктірді. Орта ғасырлар кезеңдерінде әдістер саны конституциясы болып табылады:



  • ел үкіметінің дене шынықтырудың жағдайы және жетілдіру жолдары туралы қаулылары:

  • дене тәрбиесінің теориисы мен әдістемесі саласындағы ізденістер нәтижесі:

Тарихи өзінің даму жолында дене тәрбиесінің теориясы ме әдістемесі бірнеше кезендерден өтті.

Бірінші кезең - қозғалыс дағдыларын организмге әсері жөніндегі эмпиризмдік (сезім қабылдауларын, гәжірибені дүн» танудың бірден бір бұлағы деп тауыи, теориялык. қорытындылард бағаламайтын, сол себепті құбылыстардыц өзара байланысы және даму заңдарын апіа алмайтын философиялык, ілім) білі кезеңі. Адам баласы оны күнделікті к,озғалыс к.имылында алды.



Эмпиризмдік білімнің жинақталуы адамды „жаттығуды тиімділігі" түсінуге және тәжірибені өзгелерге беру әдістері танып білуге әкелді. Бұның өзі дене жаттығуларының пайа болуының алғы шарттары болды, ал одан кейін дене тәрбиесін де пайда болуына әкелді.

Екінші кезең - дене тәрбиесінің ең алғашқы әдістеріні жасалу кезеңі - ежелгі және орта ғасырлардағы құл иелеиуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл әдістер тәжірибе жолымен - жасалды. Педагогтар, философтар және дәрігерлер адам организімінің қызметінің заңдылықтарын әлі біле қойған жоқ деп жаттығуларының әсер ету механизімін түсіндіре алмайды, гимнастикадан, жүзуден, ойындардан, атудан, семсерлесуден, атпен жүруден алғашқы көмекшілер пайда бола бастады.

Үшінші кезең - дене тәрбиесі туралы теориялык білімнің түрде жиналуы.

2. Еркін күрес қайта өрлеу кезенінен XIX ғасырдын дейінгі аралықты қамтиды. Адам туралы, оны тәрбиелеу және үйрету, оны емдеу туралы ғылымнын дамуы философтарды, психологтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі проблемаларына назар аударуыды тартты. Дене тәрбиесінің атқаратын қызметі жөнінде педагогикалық, философиялық, дәрігерлік ой пікірлер жинақтала бастады. Әрине, бұл ой-пікірлер 6ұл кезде әлі жүйелі түрде жинақталмағандығын байқауға болады, себебі олар жекелеген ғылымдардың (педагогикалық, философиянын, медицинаның) өз ішінде ғана туындаған. Жоғарыдағы аталған ғылымдардың өкілдері көптеген „өзіндік" мәселелерді адам өмірінде дене тәрбиесінің атқаратын қызметін есептемей шешу мүмкін еместігін түсінеді. Қайта өрлеу дәуірінің өзінде-ақ педагог-гуманистер және социалист-гумонистер дене тәрбиесіне тұтастай тәрбиенің міндетті бөлігі деп караған. Мысалы, Швейцариянын демократ-педагогы И.Г.Песталоции (1746-1827) балалардың қоиалыс мүмкіншілігін дамытуға арнап, „Буын гимнастикасы" теориясын жазып дене жатгағуларынын, жалпы педагогикалық талаптарына сай құрыла бастағанын атап көрсетеді. 18 ғасырда анатомдар дене шыныктыру жаттығуларының биомеханикалық негізі.


14-лекция
Спортшыларды жас ерекшеліктеріне, салмақ дәрежелеріне және спорттық шеберліктеріне қарай бөлу.

Жоспар:


1. Еркін күрес тактикасы мен техникасы.

2. Күресу тәсілі балуандардың тәжрибесі


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Еркін күрес тактикасы мен техникасы. Төрт тағандап күресу барысында белдесушілер жиі қолданылатын техникалық тәсілдер төмендегілері:

1) Қарсыласын аударып тастау; бұл тәсіл бойынша, қарсыласын-басы, иығы арқалап кілемге жауырынымен түсіру үшін аударып тастайды. Мұндай күрес тәсіл еркін және грек-римдік күресте қатар пайдаланылады.

2) Аяқтан ұстау арқылы арқасына аударып тастау; бұл тәсілді (аударып) төрт тағандап тұрған қарсыласының бір аяғынан қос қолдап ұстап алып жасайды.

3) мойны мен аяғынан қоса ұстап барып аударып тастау; мұндай шабуыл кезінде қорғанушы спортшы шалкалап жатып басын кілемге тіркеп көпір жасан қала алмайды, сондықтан да қарсыласының жауырынын кілемге қақтамақ болған балуандар бұл техникалық күрделі тәсілді мүлтіксіз жасап алатын болуы керек.

4) Қолымен аяғыннан ұстап арқасына қарай аударып тастау тәсілі: бұл тәсілді қолдану үшін қарсыласының жуан санынан қол қолдап көктірекке қыса түсіп ұстаған тиімді.

5) Қарсыласының бірнеше таяныш нүктелерінің барлығын толық қамтып аударып жығу; бұл кезеңде шабулшы тізелеп жүріп күреседі және ұстаған мүшесін кетен жоғары көтеріп қимыл жасайды.

6) Қолынан ұстап алып аударып түсіру; мұндай айла-тәсілді жиі пайдаланатын төменде төрт тағандап тұрып күресетін балуан. Бұл тәсілді қарсыласның алдынғы жағындағы екі аяғында тік тұрған сәтінде жасайды. Мысалы, қарсыласының өкше тұсынан шап беріп бар пәрменімен итеріп құлатады.

Ал жоғарыда күресуші балуанның барлық амалы төменде төрт тағандап тұрған балуанды кілемнен жұлқа көтеріп алуымен ғана шектеледі.

7) Аяғынан ұстап аударып тастау; ол ойын іске асыру үшін шабулшы қарсыласының қолын немесе аяғын қос аяқтай іле шалып барып оның үстінен асып түседі де жауырынын кілемге тигізуге бер күшін салады.

8) Қарсыласының белін қайырып барып аударып тастау тәсілі; бұл төменде күресетін балуандардың қарсы шабулдарының бірі балуанның белін қайырып жауырынына аудару грек-римдік күрес тәсілінде жиі пайдаланылатын және жон арқасында бұлшық еттерінің қуаты ерекше жаттыққан балуандарға тән мүмкіншілік.

9) Көкірекке мінгізіп барып аударып тастау /бұл тәсіл арнайы жаттығу мен күрес техниксын талап етеді. Себебі, қол қолдап қарсыласын көкірек-кеуде арқылы алып ұруда, шабулшы кілемде баспен бір сәт тұрып қалу кезеңінде ұшырасады, бұл кезеңде шабулшы қарсыласы мен өзінің салмағын басымен мойын бұлшық етінің қуатымен ғана көтере алады, яғни, 56 килолық балуан қас-қағым сәтте 112кг салмақты майының күшімен ғана көтеріп бастап асыры тастайды.

2. Жаттығушының шеберлігіне қарай топтарға бөлу. Бұл жоғарыдағы баяндалған төрт тағандап күресу тәсілі балуандардың тәжрибе жинақтауы барысында ғана ұшталып, шыңдалатын күрес өнері. Сондықтанда әрбір күрес өнерінің кез-келген түрін меңгеруді мақсат еткен жастар, ең алдымен төрт тағандап күресуді бірден машыққа айналдырмай күрестің бұл тәсілінің нәтижелілігін шеберлік шыңдаудың табалдырығы деп түсінген жөн. Сол сияқты төрт тағандап күресе алуға ықпал ететін мүшелеріміздің күш-қатын, ширақтығымен төзімділігін арнайы шынықтырумен жетілдіруді күнделікті әдете айналдыру керек.

Ал күрес өңірінің бапкер – жаттықтырушы ұстаздары, төрт тағандап күресу техниксына арналған арнайы теориялық-практикалық сабақтары үшін уақыт мөлшерін белгілеп, олардың алдын-ала жоспары мен бағдарламасы жасалынуы керек. Мұндай оқу-жаттығу сабақтарында берілетін мәліметтер-«адам анатомиясы мен физиалогиясы»/ «биологиялық миханика», «Адамның жеке ағзаларының құрылымы», «Бас сүйектің құрылысы және қорғаныштық қызыметі», «Кеуде, мойын, иық бұлшық еттерін жетілдіру» тағы сол сияқты тақырыптар, арнайы дайындалған көрнекілі құралдар арқылы етуі міндетті.

Қорытындылай келіп спорттық күрес өнерінің мәнділігі онымен айналысушыларға тән техникалық шеберлікпен бағаланатын таға да тәлімгерлерге ескертуді жөн деп таптық. Сол сияқты әрбір күрес түріне байланысты жаңа техникалық шешімдердің пайда болатыны күрес өнерін арнайы жарыстар өткізудің ережесіне және оған енгізілген өзгерістер мен жаңа құжаттардың талаптарына да тәуелді болатыны хақ.
15-лекция
Түрегеліп тұрып орындалатын әдістер түрлері.
Жоспар:

1. Тәсілдерді үйрету барысындағы қозғалыс құрылымы.

2. Арқадан асырып лақтыру.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005



Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Тәсілдерді үйрету барысындағы қозғалыс құрылымының күш, кеңістік және уақыт компоненттерін палуан бір мезгілде игере алмайды. әуелі кеңстік және күш ырғағын өзгертуге, содан кейін барып, уақытты өзгертуге ұмтылу қажет.

Ал бұл үшін, яғни техникалық әрекеттер ырғағын өзгерту үшін палуанның жан-жақты дайындығы мен техникалық шеберлігі арасындағы байланысты зерттеу керек.

Тәсілдер құрылымы мен күш, шыдамдылық, икемділік сияқты т.б қасиеттерді талдау олардың арасындағы тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Техникалық әрекеттердің жылдар бойы қалыптасқан ырғағын өзгерту өте қиын, бірақ қажетті іс. Өйткені спортшы қолайлы сәтті қаншалықты тез бағалап, шашуші әрекетке қаншалықты тез кірісетін болса, техникалық тәсілдерді ол соғұрлым табыспен орындап, жеңіске жете алады. Күрес техникасын игеріп жетілдіре түсуде икемділік дәрежесінің үлкен маңызы бар. Мысалы, белінің иілуінде кемшілігі бар палуандар шалқайып лақтыру әдісін бірсыпыра ерекше орындайды. Атап айтқанда, қарсыласын кілемнен көтерген кезде қапталдап бір қырына бұрылады.

Бір техникалық әрекетті игерген бірнеше спортшының күші, икемі, шапшаңдығы әрқилылықтан, оны орындау морфологиясы да әр түрлі болады. Сондықтан көпшілік жағдайда олардың әрқайсысының бір техникалық тәсілдің өзінде түрліше қасиеттерді жетілдіруіне тура келеді.

Сонымен, техниканы орындау шеберлігі споршының жан-жақты даярлығына, атап айтқанда, оның қажетті бұлшық ет топтарындағы шапшаңдылығына, күшіне, икемділігі мен буын иілгіштігіне және жаттығу кезінде белгілі әдістерді қаншалықты меңгергендігіне тікелей байланысты.



2. Арқадан асырып лақтыру. Жеңнен және белбеудің артынан ұстап лақтыруға ыңғайлы. Қарсылас қатты немесе аздап еңкейіп тұрғанда орындалады. Шабуылдаушы қарсыласын жеңінен және белбеуінің артқы жағынан ұстап, оған арқасын бере айналып, жамбасымен санын қағып, алға, солға бір жағына еңкейіп лақтырады. Жеңі мен жағасынан, әр аттас иығы мен жеңінен, әр аттас жағасы мен жеңінен, белбеуінен бүйірінен қолтығына кіріп, белбеуі мен аттас қолынан, мойыны мен жеңінен қолдарын айқастырып, жағасынан айқыш-ұйқыш, әр аттас қолы мен аттас жағасынан , аттас қол мен әр аттас жағасынан ұстауға болады.

Тактикалық даярлық: тайдыру, лақтыратын жақтан қарсы жаққа жұлқу, қарсылас қорғанамын деп шабуылдаушыны итеруге мәжбүр ететін амалдарды пайдалану.

Қателіктер:қарсыласқа арқасын беріп әбден айналмағандықтан оны кілемнен көтеріп ала алмайды, жамбаспен қаққанда мүлт кетеді, аяғын ерте тіктегендіктен онымен қарсыласын қаға алмайды, қарсыласына арқасын беріп мықтап айналып кетсе, жамбасы қағуға келмей ілгері кетіп қалады, артқа жоғары қарай емес, тек жоғары қарай қағады.

Қазақша күрестің тактикасы, дегеніміз- палуанның техникалық, жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. Мұның өзінде жарыстардағы нақты жағдайларда қарсыласының ерекшеліктері де есепке алынады. Күрес тактикасы техникамен қоса алғанда палуанның спорттық шеберлігінің негізі болып табылады.

Спортшылар мен жаттықтырушылардың творчествосы арқасында күрес тәсілдері ұдайы жетіліп, баии түседі. Күрес тәсілдері жарыс ережелеріне де байланысты болады және сол ережелерде көрсетілген өзгерістерді енгізу арқасында жаңарып отырады. Мұндай жағдайда бір әдіс аз қолданылып, екіншілері керісінше тиімді бола бастайды. Сөйтіп, күресудің жаңа әдістерді қолданылатын варианты пайда болады.

Палуанның тәсілқойлық шеберлігі оның техникалық, жан-жақты дайындығына ерік күшіне байланысты. Оның техникасы өсетін болса, жаңа әдіс-айла игереді, сөйтіп күрес әдісін әрі қарай жетілдіріп, жаңалап және өзгерте түсудің алғашқы шарты жасалады. Техника тактикалық міндеттерді шешуге қажетті шарт және әдісті орындаудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан палуанның тәсілқойлығы ең алдымен оның қандай техниканы игергеніне байланысты. Палуанның техникалық шеберлігі неғұрлым жоғары болса, алғашқы жағдайда өзінің қалаған әдістерін неғұрлым көбірек қолдана алатын болса, шабуылдау үшін қолайлы сәтті таңдап алу оған соғұрлым оңайырақ, творчествалық мүмкіндіктері соғұрлым байырақ, тәсілдері де түрліше әрі көбірек болады.

Техниканы ұдайы жетілдіріп, шеберлікті артырудың міндетті шарты. Егер палуан күрескен жағдайда ең болмағанда, бір жаңа әдіс қолдана алатын болса, онда соған сай тактикалық әрекетінің шеңбері де кеңи түседі. Палуанның техникалық- тактикалық дайындығы жан-жақты болса, ол жеңіске жету үшін өзінің жақсы көретін, әбден үйреніп алған әдістерін ғана қолданып қоймайтындығын атап көрсету қажет. Ол сондай-ақ жеткілікті игеріп алмаған техникалық әрекетінде, ал кейде қолайлы сәті келіп қалған болса, тек танысқан әдістерін де қолданады.
16-лекция


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет