ПОӘК 042-18-28.1.16/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі CМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-28.1.16/03-2014
|
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
|
№ ___ басылым
«____» _____
2014 жыл
|
5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)
5 Студенттердің өздік жұмысы
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
1 ГЛОССАРИЙ
1.1 АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКА (лат. аrea алаң, кеңістік) – белгілі бір территория я аймақта қолданылатын диалектілік я кәсіби-диалектілік сөздер.
1.2 АЛЛИТЕРАЦИЯ (лат. alliteratio әріп) – көркем шығармаларда, көбінесе өлеңде, тұрақты тіркестерде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың сөз басында қайталанып келуі. Мыс.: Жапалақ жалпылдайды жар басында.Жалғыз жалау жалтылдап (Абай). Сағы сыну, тақсіретін тарту, табанынан таусылу, тоқты-торым, жігіт-желең.
1.3 АЛЛОНИМ (ағыл. allonym) – адам аттарының, географиялық атаулардың т.б. жарыспа түрлері: Петербург – Петроград, Ибраһим – Абай, Садуақас – Сәкен.
1.4 АНАФОРА (грек. anaphora жоғары шығару) – айтылатын ойдың әсерлілігін арттыру үшін сөз басында қайталанып қолданылатын дыбыстардан, сөздер мен сөз тіркестерінен, синтаксистік құрылымдардан жасалған стилистикалық фигуралардың түрлері. А.-ның бірнеше түрі болады. Лексикалық анафора – белгілі бір сөз я сөздердің қайталанып отыруынан жасалады. Мыс.: Нефтіні білгің келе ме? Нефті жердің бұлағы, нефті жердің құнары (Т.Жароков). Біреуге жұртта қалған жасығымын. Біреуге аспандағы асылымын (Қ.Аманжолов). Синтаксистік А. – белгілі бір синтаксистік құрылымның қайталанып қолданылуынан жасалады. Мыс.: Көп болды Ақжайыққа бармағалы, көп болды кәусарынан қанбағалы (Қ.Мырзалиев). Фонетикалық А. Дыбыс я дыбыс тіркестерінің қайталанып отыруынан жасалады. Мыс.: Шық бермес Шығайбай. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. А. эпифораға қарама-қарсы құбылыс.
1.5 АНТОНИМДЕР (грек. anti қарсы, onyma ат, атау) – бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылатын сөздер. Мыс.: пайда-зиян, ыстық-суық.
1.6 АНТРОПОНИМ (грек. anthropos адам, onyma есім, ат) – адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөні, бүркеншік, жасырын, лақап аттары.
1.7 АНТРОПОНИМИКА (грек. anti қарсы, onyma ат, атау) – адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөні, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын зерттейтін ономастиканың тармағы.
1.8 АРГО (фран. argot) – адамдардың белгілі бір әлеуметтік және кәсіби шағын топтарына ғана түсінікті тіл. Мәселен, ұрылардың, саудагерлердің, оқушылардың, спортшылардың, әскердің, дәрігерлердің т.б. жасанды тілі.
1.9 АРХАИЗМ (грек. archaios көне, көнерген сөздер) – сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған, көнерген сөздер.Мыс.: әлік (қол), атой (шабул кезінде ұран тастау), Абайдағы мәліш (ұсақ сауда), ұшпадай, ақ шомшы, аршөпке.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
1.10 ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ орыс. языковая картина мира – адамның танымдық іс-әрекеті негізінде қалыптасып, концептуалды жіне тілдік үлгілер түрінде берілетін санадағы әлем, дүние туралы білімдер жиынтығы, яғни адамның әлем туралы жинақталған білімі мен танымының тілдегі бейнелік көрінісі.
1.11 БЕЙТАРАП СӨЗДЕР орыс.межстилевая лексика – стилистикалық синонимдері жоқ, әр түрлі стиль саласында қолданыла беретін сөздер: қағаз, қарындаш, жер, орман, су, бес, оқу, келу.
1.12 БИЛЛИНГВИЗМ (лат. bi екі, lingua тіл) – қостілділік, қоғамда (мемлекетте) белгілі әлеуметтік топтың екі тілде сөйлеуі.
1.13 БИХЕВИОРИЗМ (ағыл. Behaviour мінез-құлық, тәртіп) - тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды. Б.-нің теориялық негізін салған Л.Блумфилд (АҚШ).
1.14 ВАРВАРИЗМ (грек. barbarous бөтен елдік) белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдылықтарына сәйкеспейтін бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары.
1.15 ВАРИАНТТЫЛЫҚ орыс. вариантность (лат. varians өзгеретін) – тілдің әр түрлі жағдайда қолданылуына және әлеуметтік, территориялық сипатына байланысты анықталатын түрлері мен өзгерістері. Оның мәні «вариант», «инвариант» ұғымдары арқылы ашылады.
1.16 ДЕНОТАТТЫҚ МАҒЫНА (лат. denotatum белгілеу, көрсету) – әр түрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің негізгі мағынасы. Мыс.: азамат сөзінің кәмелетке жеткен ер адам деген негізді мағынасы – денотаттық мағына.
1.17 ДИСФЕМИЗМ (лат. dis, грек. dus қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, phemi айтамын) ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Мыс.: бала деудің орнына жүгірмек, сөйлеме – былжырама.
1.18 ЖАСАНДЫ ТІЛДЕР – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.
1.19 ЖЕСТ ТІЛІ (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
1.20 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат. inter аралық, ferio соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.
1.21 КӨПТІЛДІЛІК (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.
1.22 ЛЕКСИКОГРАФИЯ - тілдегі барлық сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласы.
1.23 ОМОНИМ – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер.
1.24 ОНОМАСИОЛОГИЯ - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.
1.25 ОНОМАСТИКА (грек. оnomastike (techne) атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.26 ОМОФОН - тілімізде айтылуы бірдей, бірақ жазылуында айырма бар сөздер.
1.27 ПОЛИСЕМИЯ – сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болып, әр түрлі мағыналарда қолдануға икем болады. Әр түрлі мағынасы бар сөз полисемантизмді (көп мағыналы) сөз деп аталады.
1.28 СЕМИОТИКА (грек. semeion таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
1.29 СИНОНИМ - дыбысталуы басқа-басқа, бірақ мағыналары бірдей сөздер.
1.30 СИНХРОНИЯ (грек. sync – hronos бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.
1.31 СӨЗ – дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі.
1.32 СУБСТРАТ (лат. sub. fстыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.
1.33 Табу - (полин. tabu – тыйым сөз) – ескі әдетке, діни сенімге, ырымшылдыққа байланысты сөздерді айтуға тыйым салу.
1.34 ЭВФЕМИЗМ – кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылуы.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Достарыңызбен бөлісу: |