Орфоэпиялық сөздіктер. Сауттылық сөздерді белгілі ережелерге сәйкес дұрыс жазумен ғана көрінбейді, оларды дұрыс оқумен де бағаланады.К.Ниеталиеваның Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі 1977 жылы жарық көрді.Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңға жуық сөздер мен сөз тіркестері енген.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Лексикография дегеніміз не?
2. Сөздіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
3. Әрбір сөздіктің қандай ерекшеліктері бар?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.
2. Ә.Болғанбаев.Қазқ тілінің лексикологиясы.-А.,1988.
3. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев., Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
4. Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
5. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.
4. Модуль. Фразеология
№9 Дәріс тақырыбы: Фразеологизмдердің зерттелу тарихы
Жоспары:
1. Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі.
2. Қазіргі тіл біліміндегі зерттеу бағыттарына шолу.
3. Ш.Балии,В.Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия зерттеу еңбектері.
Фразеология лексикологияның арнаулы бір саласы бола отырып, тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін , олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын зерттейді.
Қазіргі тіл білімінде фразеологиялық сөз тіркестеріне лексикалық жақтан ажыратылмайтын, беретін мағынасы құрамындағы сөздердің мағынасынан тумайтын тұрақты тіркестерін жатқызумен бірге, мақалдар мен мәтелдер, афоризмдер мен қанатты, нақыл сөздерді де фразеологияға
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
жатқызуға қалыптасты деуге болады. Бірақ фразеологияға қатысты терминдер әлі бір ізге келген жоқ. Мысалы, орыс тіл білімінде В.В.Виноградов тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерін құрылысына және құрамындағы сөздердің мағыналарының ұласу дәрежесіне қарай фразеологиялық тұтастықтар фразеологиялық бірліктер және фразеологиялық тізбектер деп үш топқа бөліп, мақал, мәтел және қанатты сөздерді фразеологиялық единицалардың ешқайсысына жатқызбайды. Ал қазақ тіл білімінде академик І.Кеңесбаев фразеологиялық тіркестерді идиомға, фразаға, мақал- мәтел деп топтастырады.
Профессор А.И.Ефимов мақал мен мәтел, қанатты сөздердің тілде әбден орнығып, қалыптасып кеткенін ескертіп, мақал мен мәтел сөздерді фразеологиялық единицалардың айрықша түрі ретінде қарайды. Фразеологиялық тұтастықтарды кейде идиомалар деп те атайды.
І.Кеңесбаев: «Идиом тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айырылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі лексикалық ұғым береді» - деп көрсетеді. Қазіргі қазақ тілі деген еңбегінде. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі иағынада қолданылады.
Бірінші мағынасы, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады.
Екіншісі, бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.
Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Соңғы 30-40 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары әжептәуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик І.Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің Қазақ тілінің фразеологизмдері туралыбөлімінде фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан.
Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгілер бар, бірақ бұлар бір- бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап- айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара-қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан топтастырады, орыс тіл білімінде
академик В.Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ тіл білімінде арқау еіп келе жатырмыз. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Орыс тіліндегі фразеололгизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше деп есептейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Фразеологизм дегеніміз не?
2. Фразеологизмнің зерттелу тарихы жөнінде не білесің?
3. І.Кеңесбаевтың фразеологизм саласына қосқан үлесі айт
4. Фразеология жеріне жеткізе зерттелген ғылым деп ойлайсың ба?
5. Фразеология термині қандай мағынада қолданылады?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.
2. Ә.Болғанбайұлы, С.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-А.,Санат,1997.
3. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.
4. К.Аханов. Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері.-А.,1995.
5. Г.Сұмағұлов. Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.
6. Н.Уәлиев. Фразеология және тілдік норма.,-А,1996.
№10 Дәріс тақырыбы: Фразеологизмдердің тілдік бірлік ретінде танылуы
Жоспары:
1. Фразеологизмдердің басты белгілері
2. Фразеологизмдердің түрлері
3. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылығы
Мазмұны: Тіл-тілде тек жеке сөздер ғана емес, құрылысы жағынан күрделі бірліктер де кездеседі. Мысалы: ала ауыз, тайға таңба басқандай, төбе шашы тік тұру, қой аузынан шөп алмас, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған т.б. Мұндай тілдік бірліктер қазақ тілінде мыңдап кездеседі. Оларды тұрақты сөз тіркесі немесе фразеологизмдер деп атайды. Ал фразеология термині екі мағынада қолданылады:
Тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жалпы атауы;
Тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы,
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Достарыңызбен бөлісу: |