«Анау балаларға біздің қоралардың да қиын ойғыза сал» дегісі келеді-ақ, әттең мінезінде жоқ бөтендік танытуға дәт шіркін бара алмаған (О.Бөкей) // ДӘТІ [ШЫДАМЫ] ЖЕТПЕДІ [ЖЕТТІ]. Шыдамады, төзімі таусылды, көңілі дауаламады.
Сөйтіп, өмірдің алтын арқауына айналған ұрпақ атты ұлы көшті жалғастыру. Кіндіктен тарар жібек жіпті үзіп алмау. Бұдан артық
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
бақытты тауып көрші! (О.Бөкей) // ҚТФС-де кіндіктен тарар фразеологизмі кездеспейді, бірақ мынадай варианттары бар:
КІНДІГІ БІР. 1.Бір анадан туған. 2.Бірігіп тізе қосқан, пікірлес адамдар.
КІНДІК ТАМЫР. Негізгі өзегі.
КІНДІКТЕН ЖАЛҒЫЗ. Ата-анадан өзі ғана, өзінен басқа бауырлас туысы жоқ, жалғыз басты.
Тұқымынан қаталдау, балаға онша-мұнша бауыр еті елжіремейтін, әйтсе де соңынан бір елі қалмай томпаңдап еріп, жылқы қайырысып, тыным таппай жүретін ұлын көргенде: «Артымда қалар тұяғым, өмірімнің жалғасы, түтін шығарарым», - деп күбірлеп, әкелік қатал да қайырымды жүрекпен елжірей сүйетін (О.Бөкей) // берілген тұрақты тіркестердің үшеуі де ұрпақ жалғастыру мағынасын беріп, бір-бірін дамытып сөйлемнің экспрессиялығын арттыруда.
– Я бабам!.. Жағаңа жау қарысы жетпесін, денеңе жезайырдың оғы өтпесін (М.Мағауин) // жаудың қолы жетпесін, садақтың оғы өтпесін деген ойды автор астарлы, образды сөздермен ауыстырып беру арқылы әсерілілік тудырған.
Метафоралану сөздің, не тіркестің негізгі мағынасы мен контекстік, қосымша мағынасының параллель түрде, қатар жүруіне байланысты. Себебі, тұрақты тіркестің ауыспалы мағынасы алғашқы мағынасы негізінде түсінікті, ұғынықты болады және де тілдегі образдылық (бейнелілік) мағынаның қалыптасуына негіз болады. Академик Ә.Қайдар этнолингвистика үшін ең қиын мәселе – фразеологизмдердің ауыс мағынада қолданылу мотивтерін түсіндіру екендігін айтады [6]. Себебі, фразеологизмдердің қалыптасуы белгілі бір тарихи жағдайға, тарихи оқиғаларға байланысты болып келеді. Еркін тіркестің фразеологиялық тіркеске айналуының бірнеше кезеңі болады:
1 Еркін тіркес кезеңі;
2 Еркін тіркестің тұрақтану кезеңі;
3 Тұрақты тіркес болып қалыптасу кезеңі.
Н.М.Шанский еркін тіркестердің фразеологизмге айналуының бірнеше себептерін көрсетеді: «Основными причинами являются следующие: 1) постоянное в свободном сочетании слов не прямом, а в обобщенном и образно-переносном значении; 2) появления в свободном сочетании слов слова связанного, фразеологически ограниченного употребления; 3) выражения свободным сочетанием слов единого понятия, актуального для данной исторической эпохи. Благодаря постоянному употреблению свободных сочетаний слов в обобщенном, образно-переносном значении возникают фразеологические сочетания. Постоянное и повторяемое обозночение исходно свободным сочетанием слов одного, актуального в данное времия понятия
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
приводит к образованию фразеологического вражения номинативного характера»
Фразелогизмдердің жиі қолданылатын тәсілдерінің бірі – метонимия тәсілі. Метонимия немесе алмастыру заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, белгілерін шартты түрде бір-бірімен алмастырып қолдану. Метонимия тәсілінің басқа көріктеуші амалдардан айырмашылығы – бұлар сөйлеу стиліне аса бейім болады. Ауызекі сөйлеу стилінің басымдылығы көркемдік тәсілдің бұл үлгісімен жасалатын фразеологизмдердің тілімізде мол болуына себепкер болады. Мысалы, көлденең көк атты, ауыз ашар, ауызымен құс тістеген, бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін қоймаған, бармақ нан, бір ернімен жер тіреп, бір ерінімен көк тіреп, жарғақ құлағы жастыққа тимеді т.б.
Теңеу – әдеби тілге үстеме мағына беріп, көркем шығарманың мазмұнын құнарландыратын көріктеу құралдарының бірі. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың, ерекше белгілерін көрсетпей-ақ оны басқа затпен құбылыспен салыстыра суреттейді.
А.Байтұрсынов әдеби тілдің көріктеу тәсілдерінің бірі ретінде теңеуді атайды: «Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бернесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз. ... Теңеу екі түрлі: 1) әншейін теңеу, 2) әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу - әдетті теңеу болады; мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі «удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сөздер. Әдейі теңеу жоғарыдағы келтірілген мысалдардағы теңеулер». А.Байтұрсынов атап көрсеткен әдейі теңеу көркем әдебиет тілінде көріктеу мақсатында қолданылатын теңеу түрлері.
Қазақ тілі фразеологизмдерінің теңеу арқылы жасалуының бірнеше жолы бар: 1) -дай, -дей, -тай, -тей сын есімнің салыстырмалы шырай формасын тудыру арқылы жасалуы. Мысалы, сең соққан балықтай, аш бөрідей, тайға таңба басқандай, абыройын айрандай төгу, сойып қаптап қойғандай, айран тамған сүттей ұю, ит көрген текедей; 2) -ша,- ше жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер де фразеологизмдерге айрықша реңк үстейді. Мысалы, өсекті қарша борату, ит көрген ешкіше, қаңбақша ойнату т.б.
Теңеу арқылы эмоционалдық-экспрессивтілік мағына тудыратын фразеологизмдер белгілі бір жағдаяттардың сырттай ұқсастықтары негізінде жасалады.
Эпитет – заттың, құбылыстың, айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Тілдегі эпитеттің атқаратын қызметі – заттың немесе құбылыстың
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
ерекше белгілерін күшейтіп көрсету. Мысалы, құлан жортпас дала, сұм дүние, қыран–топан күлкі, ащы тіл, ақ жүрек, сұр жылан, аш қасқыр т. б.
Фразеологизмдердің құрамындағы эпитеттер тіркес мағынасын көріктеуге қызмет етіп тұрады. Мысалы,
алақан
ат
ауыз кетті
Құр күйді
көкірекке салды
қалды
қалта
Достарыңызбен бөлісу: |