Терминологиялық сөздіктер. Белгілі біртілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атулардың сөдігі. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке кітап болып та шыға береді. Мәселен, 1931 жылы шыққан Атаулар сөздігі, 1936 жылы шыққан Терминологиялық сөздігі ғылым мен техниканың жеке бір саласына ғана арналған сөздіктер.
Орфографиялық сөздіктер.Емле бір тілдегі дұрыс жазу нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін емле ережелерін тұрақтандыру сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп танылады. Неғұрлым көлемді Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 1953 жылы жарық көрді.