ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,19 Mb.
#10547
  1   2   3   4

УМКД 042-14-5-05.01.20.75/02-2008


________2008ж.

№ 2 басылым



108 беттің -шісі





Агро-экологиялық факультеті мамандықтарына арналған

«Қазақ тілі» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ, 2009




Мазмұны

1. Глоссарий

2. Сабақтар

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

5. Пәннің оқу-әдістістемелік картасы

6. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

7. Әдебиеттер

1. Глоссарий



Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері»)-тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексика (грек.»сөздік қор»)-тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін бір саласы.

Лексикология (грек. лексика, логос)-тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексикография (грек. «сөздік» «ілім»)-тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.

Морфология (грек. «жаңа», «сөз»)- тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

Синтаксис (грек. «құрастыру»)- сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонетика (грек.»дыбыс»)- тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

2. БІРІНШІ САБАҚ

Қазақ тіл білімі. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.

Қазақ тіл білімінің зерттейтін 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика және грамматика. Бұлар да өз ішінде бірнеше тақырыптарды зерттейді. Оны төмендеі кестеден көруге болады.






Мәтін тапсырмалары

Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрыңыздар. Мәтіннің негізгі мақсатын анықтаңыздар.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыздар.

Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Қазақ тілі туралы

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Енді ол толық мағынасында Республикада білім-ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.

Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.

Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай.
Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. ТМД елдерінде, сондай-ақ Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия т.б. шет елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазір қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.



Есте сақтайтын сөздер

Перзенттік махаббат

Халық рухы

Сарқылмас бастау

Ауыз әдебиеті

Мызғымас бірлік

Ажырамас туыстық

Ақыл-ой



Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына ы,і дыбыстарының тиістісін қойыңыздар.

ер...к, б...л, хал...қ, к...ш..., ұлтт...қ, т...л, к...р, қ...з...қ,



2-жаттығу. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.

Үлгі: тіл - т-дауыссыз, қатаң дыбыс; і-дауысты, жіңішке; л-дауыссыз, үнді.

Тіл, ана, халық, құрмет, көрік.

3-жаттығу. Сөздердің жуан дауыстыларын бір сызықпен жіңішке дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер.

Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.



4-жаттығу. Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, түрлеріне ажыратыңыз.

Үлгі: нарық- н-үнді, р-үнді, қ- қатаң

Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру, табыс.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін араб графикасы, ал 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданыдды. 1940 жыл­дан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасы қолданылуда.

Қазіргі қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады: 15 әріп дауыстыларды таңбалайды (а, ә, о, ө, ы, і, у, ү, ү, э, и, ю, я, е, ё); 25 әріп дауыссыздарды таңбалайды (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ); 2 әріп жуандық (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілерін береді.

Қазақ тіліне ғана тән дыбыстар: ә, ө, ү, ү, і, қ, ғ, ң, һ.

Қазақ тілінде екпін көбіне сөздің соңғы буынына түседі.

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыс­тар жуан дауысты бар буында жуан (қал/ъ); жіңішке дауысты бар буында жіңішке айтылады (кел/ь).

Қазақ тілінде заттың меншіктілігін білдіргенде тек есімдіктер ғана емес, сонымен бірге арнайы тәуелдік жалғаулары да қолданылады.
Дауысты дыбыстар (Гласные звуки): а, э, о, ө, е, ү, ү, ы, і, и, (у)

Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.



При образовании гласных звуков воздух проходит свободно, не встречая преграды в виде органов речевого аппарата.

Қазақ тіліне тән дауыстылар

(Специфические гласные казахского языка): ә, ө, ү, ү, і.




І.

Тілдің қатысына қарай

(по положению языка)



Жуан (твердые)

а, о, ү, ы, у

Жіңішке (мягкие)

ә, ө, ү, і, е, и

ІІ.

Еріннің қатысына қарай

(по участию губ)



Еріндік (губные)

о, ө, ү, ү, у

Езулік (негубные)

а, ә, ы, і, е, и

III.

Жақтың қатысына қарай

(по степени раскрытия рта)



Ашық (широкие)

а, э, о, е, е

Қысаң (узкие)

ү, ү, ы, і, и, у

Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки): б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, н, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ, (у)

Сөйлегенде ауа кедергіленіп шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыс­тар дейміз.

Согласные образуются при преодолении различного рода преград в разных участках речевого аппарата.

Қазақ тіліне тән дауыссыздар

(Специфические для казахского языка согласные): қ, ғ, ң, һ.



I. Дауыстың (саддырдың) қатысына қарай

(По участию шума и голоса)




1. Қатаң (глухие)

п, ф, к, к, т, с, ш, щ, х, ц, ч

2. Ұяң (звонкие)

б, В, Г, Ғ, Д, Ж, 3




3. Үнді

(сонорные)



1. Мұрын жолды

(носовые)



м, н, ң

2. Ауыз жолды

(плавные)



л, р, й, у


Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып шығып, мазмұнын әңгімелеп беріңіздер.

Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше мәтелінің мәнін түсіндіріп беріңіздер.

Мәтіннен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді теріп жазыңыздар.

ЖАНУАРЛАР ТІЛІ
Қоғамдағы қатынас құралдарының ішінде ең маңыздысы тіл болып табылады. Сөз құдіреті, адамзат мүмкіндіктерінің ең көрнектісі де – тіл. Жан-жануарлар да бір-бірімен сөйлеседі.

Дельфиндер үшін дыбыстық әсердің маңызы зор. Адамдар үшін көрудің қажеттілігі – дельфиндерге дыбыстың маңыздылығына бара-бар. Олар дыбыстың көмегі арқылы өздерін қоршаған табиғат жайлы мәлімет ала алады. Бұл дыбыс шығаратын тіршілік иелеріне ғана қатысты емес, сонымен қатар дельфиндердің қақтығысуына қауіп тудыратын теңіз түбі, құздарға да байланысты болып отырады.

Дельфиндердің кең таралған дыбысы –«өзіндік ысқырық». Бұл дыбысты шығару барасында дельфин кеудесінен көбікше тізбекшесі көтеріледі, сондықтан да оны үнемі көруге мүмкіндік береді. Дельфиндер ойнап жүріп немесе жай жүзіп жүрген кездерінде де ысқыра береді. Егер белгісіз бір нәрсе мазалаған жағдайда олар бәрі бірігіп ысқыра бастайды. Ысқырық оларға үйірлерімен бірге болуға көмегін тигізеді. Дельфин балалары өмірге келісімен-ақ ысқырық шығара бастайды.

Дельфиндер әр түрлі дыбыстар шығара алады. Кейде алақанның шапалақтаған дыбысына ұқсас жақтың шыртылдаған қатты дауысын естуге болады. Жақтың шыртылдауын, көбінесе, басқаларды үркіту мақсатында асау еркек дельфиндер пайдаланады. Ал аналары мұндай дыбыстарды басқа жануарлар балаларымен ойнай бастаған кезеңінде шығарады.

Бұл дыбыстарды коммуникативті деп атауға болады, себебі олардың барлығы дельфиннің басқа дельфинмен немесе бүкіл топпен қатынас құралы болып табылады. Дегенмен қарапайым әдістер мен мүшелерден басқа да дыбысты жіберу және қабылдау жүйелері дельфиндердің сөйлеуіне және тыңдауына әсерін тигізеді. Осындай дыбыстарды өте биік жиілікте қабылдау арқылы дельфиндер дыбыс шығармаған жағдайда да заттардың орналасу орнын таба алады.

Есте сақтайтын сөздер

Дыбыс шығару

Алақан

Ысқырық


Жиілік

Жақтың шыртылдауы


ЕКІНІШІ САБАҚ.

Үндестік заңы. Буын. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Ілгерінді ықпал. Кейінді ықпал. Тоғыспалы ықпал.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет