ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет2/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,19 Mb.
#10547
1   2   3   4

Буын үндестігі

(Сингармонизм или гармония гласных)

Қазақ тіліндегі тума сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып келуі буын үндестігі деп аталады. Буын үндестігі зандылығы кірме сөздерде сақтала бермейді (кі-тап, мұ-ға-лім).



Сингармонизм (гармония гласных) — это фонетический закон, регулирующий качество гласных в слове: в слове гласные звуки должны быть единообразны, созвучны (гармоничны) или по положению язы­ка, или по участию губ.

1.1. Егер сөздің алдыңғы буыны жуан болса, келесі буын да жуан
болады.+ла

1.2. Егер сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады.

қағаз+ды
бала+лар



2.1. Егер сөздің алдыңғы буьгны жіңішке болса, келесі буьш да жіңішке болады.

те+ре+зе

ең+бек

2.2. Егер сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады.

терезе+ге

еңбек+тің

Е с к е р т у:

1) Түбірдің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарамай, өз қалпын сақтап тіркесетің қосымшалар:

гер, -кер (сауда-гер, айла-кер, іс-кер)

-дар (жара-дар, білім-дар)

-паз (ас-паз, өнер-паз)

-пен, -бен, -мен (қол-мен, жер-мен)

-хана (ем-хана, ауру-хана) –

- қор (жала-қор, жем-қор)

-нікі, -дікі, -тікі (әкем-дікі, бала-нікі)

2) Х дыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта жуан болады.



цех+та

цех+ка


3) Соңы ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта жіңішке болады.




)

1.1. о+рын = о+рұн

құ+лын = құ+лұн



1.2. той+ды = той+дұ

тұр+ды = тұр+дұ



2. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буын-
дағы қысаң і еріндік ү дауыстысына айналады.

2.1. ө+мір = ө+мүр

ү+міт = ү+мүт



2.2. өш+ті = өш+тү

күл+ді = күл+дү



3. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң е еріндік ө дауыстысына айналады.

  1. ө+лең = ө+лөң

кү+рек = кү+рөк

  1. көр+се = көр+сө

күл+се = күл+сө

Дыбыс үндестігі

(Ассимиляция или гармония согласных)
Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесіп бейімделіп, бірін-бірі игеруі дыбыс үндестігі деп аталады.

Дыбыс үндестігі зандылығының 3 түрі бар:



  1. Ілгерінді ықпал (Прогрессивті ассимиляция).

  2. Кейінді ықлал (Регрессивті ассимиляция).

  3. Тоғыспалы ықпал (Тоғыспалы ассимиляция).

I. Ілгерінді ықпал

(Прогрессивная ассимиляция)
Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың аддыңғысының кейінгі дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі ілгерінді ықпал деп аталады.

Прогрессивная ассимиляция — это уподобление последующего звука предыдущему.



4.1. Біріккен сөздер аралығында:

Қара+көз = Қара+гөз

Талды+қорған = Талды+ғорған

бір+қатар = бір+ғатар



4.2. Сөз тіркесі сыңарлары аралығында:

күз келді — күз гелді



жау қайда — жау ғайда

5. Сөз ш дыбысына аяқталып, қосымша с дыбысынан басталса, с
дыбысы ш дыбысына айналады.

ш + с... = ..ш + ш

қаш+са = қаш+ша

іш+сін = іш+шін

6. Алдыңғы сөз қатаңға аяқталып, кейінгі сөз ұяң б дыбысынаң басталса, ол қатаңға (п) айналады.



6.1. Біріккен сөздер аралығында:

Айт+бай = Айт+пай

Жүсіп+бек = Жүсіп+пек

6.2. Сөз тіркесі сыңарлары аралығында:

көп бала = көп пала

әкеп бер = әкеп пер
II. Кейінді ықпал

(Регрессивная ассимиляция)
Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың кейінгісінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі кейінді ықпал деп аталады.

Регрессивная ассимиляция — это уподобление предыдущего звука последующему.

1. Сөз қатаң к, к, п дыбыстарына аяқталып, қосымша не келесі сөз дауысты, үнді және ұяң д, ж, з дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы к, к, п ұяңданып ғ, г, б дыбыстарына айналады.

1.1. Түбір мен қосымша аралығында:

жүрек + і = жүрег+і

тарақ + ым = тарағ+ым

ақ-ып = ағ+ып

бақ+ады = бағ+ады

шап+у = шаб+у

1.2. Сөз бен сөз аралығында:

ақ ешкі = ағ ешкі

кек аспан = көг аспан.

жоқ зат = жоғ зат

ақ жауын = ағ жауын.



Е с к е р т у:

1) Қосымша дауыстыдан басталып, сөздің екінші буынындағы қысаң
дауыстылар түскен жағдайда сөз соңындағы қ, к, п қатаң дыбыстары ұяңданбайды.

берік бөркі, халық халқы, қалып қалпы, әріп әрпі

2) Еліктеуіш сөздердің соңындағы к, қ, п қатаң дыбыстар ұяңданбайды.

қарқ етті, селк етті, зып етті



2. Сөз қатаң п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы
жалғанғанда, қатаң п үнді у дыбысына айналады.

тап + ып = тау + ып

кеп + іп = кеу + іп

3. Сөз үнді н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз б, п, м
дыбыстарынан басталғанда, н қос ерін м дыбысына айналады.

3.1. Түбір мен қосымша аралығында:

сен+беді — сем+беді

келген+мін — келгем+мін



3.2. Сөзбен сөз аралығында:

Бөген+бай = Бөгем+бай

он бес = ом бес

Жак+пейіс = Жам+пейіс

он парақ = ом парақ

кен мен жер = кем мен жер



4. Сөз н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы ң дыбысына айналады.

4.1. Түбір мен қосымша аралығында:

Сән+қой = сәң+қой

сен+гем = сең+гем

тон+ға = тоң+ға

4.2. Сөз бен сөз аралығында:

он ғасыр = оң ғасыр

Аман+кұл = Амаң+ғүл

Сәрсен+гүл = Сәрсең+гүл

5. Сөз ұяң з не қатаң с дыбыстарына аяқталып, қосымша не кейінгі сәз қатаң ш дыбысынан басталғанда, з, с дыбыстары ш дыбы­сына айналады.

5.1. Түбір мен қосымша аралығында:

сөз+шең — сөш+шөң

таз+ша — таш+ша

қос+шы — қош+шы

ойлас+шы — ойлаш+шы

5.2. Сөз бен сөз аралығында:

тез шық — теш шық

бос шелек — бош шелек

көз шалды — көш шалды

бас шайқау — баш шайқау


  1. Сөз ұяң з дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қатаң с дыбысынан басталғанда, ұяң з қатаң с дыбысына айналады.

6.1. Түбір мен қосымша аралығында:

жаз+са = жас+са

көз+сіз = көс+сіз

6.2. Сөз бен сөз аралығында:

көз салу = кес салу

күз сайын = күс сайын

7. Сөз ұяң з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ұяң ж дыбысынан басталғанда, з дыбысы ж дыбысына айналады.

Боз+жігіт = Бож+жігіт

жүз жыл = жүж жыл

мұз жарғыш = мұж жарғыш



III. Тоғыспалы ықпал

(Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)

Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.

Прогрессивно-регрессивная ассимиляция — это взаимное уподобление соседних звуков.

1. Сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қатаң қ не к дыбыстарынан
басталғанда, н дыбысы ң дыбысына, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына
айналады.

Қазан+қап = Қазаң+ғап

ортан қолдай = ортаң ғолдай

мен көрдім = мен гөрдім

Есен+келді = Есең+гелді
2. Сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталғанда, екеуі
де ш дыбысына айналады.

тас жол = таш шол

Қос+жан = Қош+шан

бас жақ = баш шақ



Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Мәтіндегі асты сызылған сөздердің синонимдік қатарын табыңыздар.

Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
ЕҢБЕК - ӨМІРДІҢ ТҰТҚАСЫ

Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршілік көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түсініп, ой топшылаған халық «Еңбек адамның екінші анасы», «Еңбек түбі береке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады» т.т. мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ, еріншек, жалқаулық кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндіре білген. Осы жайтты терең түйіп, еңбектің бейнетімен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді от басынан бастаған. Мұнда, тек айту арқылы еңбекке үйреткен деген теріс ұғым тумауы керек.

Халқымыз балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы, алуан түрлі еңбек бұйымдарын жасауға тарту, балалардың жас ерекшелігін ескере отыра, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту барлығы халықтың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асты.

Ерен еңбегімен күнелткен халқымыздың отбасындағы бала тәрбиесі негізінен еңбек процесінде жүргізіледі.

Сол себепті де, қазақ баласының мал бағу кәсібі туралы ұғымы да ерте қалыптасты. Олар отбасында үлкендер ықпалымен төрт түлікті айдау, шақыру, жас және мінез ерекшелігіне сай еркелету, баптау әдістеріне жаттықты. Сондай-ақ малдың түрлі атаулары, төрт түлік пірлері Зеңгі баба, Қамбар ата, Шопан ата, Сексек ата туралы ұғымдармен аңыздарды, осы кәсіпке қатысты қасиетті сөздерді теріп, тілін ұстартты.

Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған. Қыз балалар мен ұл балалардың өсіп жетілуінде жас және дара ерекшелігін ескере отырып еңбек түрлерін айқындаған. Қыз баланы құрақ құрап, кесте тігу, жүн түту, жіп иіру, кілем, шекпен, алаша тоқу, кілемге өрнек салу, өзінен кіші іні-сіңілдеріне қамқор жасау. Ұл балаларды мал бағуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қол-өнер шеберлігіне, ер-тоқым, домбыра, үйдің кереге, уығын жасау, сандық, табақ-аяқ т.б. тұрмысқа керекті заттарды жасау ер баланың міндеті ретінде, ер бала оны міндет түрде орындауы қажет деп түсінген.

Қазақ халқы нағыз еңбекқор халық. Олар жастарын мал бағудың қыр-сырын білуге баулыды, аң аулауды кәсіп етуге үйретті, мал өнімдерінен неше түрлі заттарды жасады. Қазақтың балалары кішкентайынан атқа шабуды меңгерді, қозы-лақ қайырды, мал бақты. Бұл істерге бес-алты жасынан бастап араласты. Баланың атқа мінуі әжетке жарауы деп бағаланды. Оны еңбекке араласудың, азаматтықтың басы деп ұқты. Мұндай әрекеттер балаға үлкен ой туғызып, оның тез есеюіне ықпал етті.
Есте сақтайтын сөздер

Еңбек


Халық

Атқа шабу

Азаматтық

Ер-тоқым


Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Төмендегі мысалдардан кейінді ықпалды тауып, астын сызыңыздар.

Дауысының көркінен именбейді. Абай қыз көңілінің жүйріктігін тағы көрді. Бұлардың бесеуі жылқышы, алтауы қойшы, екеуі атқосшы ылғи малшы мен жалшы екен. –Торы болса неге ақ ала, -Ақала емес, балам, үстінде тұрған қырау ғой. Қазанғап екеуіміз қос басында қалып қойдық. Бұны жұмысшылардан шыққан төре деп атайды.



2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:

Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, желто...сан, таби...ат, ...алым.
3-жаттығу. Төмендегі өлеңді жаттап алыңыздар, дауысты дыбыстардың жазылу емлесіне назар аударыңыз.

Орта жолда бүріп тастап, от-құзғын

Құлап жатып құшағында құз-мұздың

Қасиетімді – қазақ тілін қанат қып

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Көкірегінен атылса да оқ – күздің

Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім

Шаттығымды – қазақ тілін қанат қып

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Т.Айбергенов.

Ана тілім – тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі....

Ана тілім - әрекетім, азығым,

Бар ғаламды тануымның қазығы

Ой-санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

Т.Әбдірахманова.

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар! Нанбасаңдар,

Жүрегімді суырып-ақ, алыңдар.


ҮШІНШІ САБАҚ

Дауысты а, ә, о, е, ү, ұ әріптерінің емлесі.


І.

Тілдің қатысына қарай

(по положению языка)



Жуан (твердые)

а, о, ү, ы, у

Жіңішке (мягкие)

ә, ө, ү, і, е, и

ІІ.

Еріннің қатысына қарай

(по участию губ)



Еріндік (губные)

о, ө, ү, ү, у

Езулік (негубные)

а, ә, ы, і, е, и

III.

Жақтың қатысына қарай

(по степени раскрытия рта)



Ашық (широкие)

а, э, о, е, е


Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Тіл өнеріне қатысты төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз және бір-екі мақалдың мәнін мысалдармен дәлелдеп көріңіз.
Өнер алды – қызыл тіл.
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Басқа пәле – тілден.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Тіл – қылыштан өткір.
Тіл тәуелсіз болмай,

Ел тәуелсіз болмайды.


Сөз қадірін білмеген,

Өз қадірін білмейді.


Жүйелі сөз жүйесін табар,

Жүйесіз сөз иесін табар.


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Жаттығу жұмыстары
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден 7 сөз таңдап алып, фонетикалық талдау жасаңыз.

Бұл қойлармен бұдан былайғы жүргізілетін жұмыс шаруашылыққа пайдалы негізгі белгілерді нығайтуға және жақсартуға бағытталуы тиіс. Жүннің сапалық көрсеткіштерін жақсартуға көңіл аудару қажет. Жүннің түсі ақ және ақ сұр болуы керек, оларда түсті талшықтар аз, ал өлі және құрғақ талшықтар болмауға тиіс. Тәжірибелердің көрсеткеніндей, 1 класты жартылай қылшық жүнді қойлар Орталық Қазақстанның жағдайында жоғары класты жүні бар қойлармен салыстырғанда анағұрлым тұрақты болып келеді. Осыған байланысты мұндай қойлардың санын көбейту аса маңызды.


3-жаттығу. Көп нүктенің орнына а,ә әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.

У...ли, күм...н, с...нді, д...укес, д...реже, г...зет, з...улім, Күл...нда, с...рсенбі, к...бинет, Сәбир..., к...лендарь, сір..., С...уле, дүд...м...л, ...ртель.



4-жаттығу. Төмендегі сөздерге ы,і дыбыстарын жалғап, қатаң дыбыстардың өзгеруін түсіндіріңіз.

Үлгі: тарақ (ғ)-ы

Ұрпақ, жарық, халықтық, дыбыстық
Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.


ҚОЙДЫ ҚЫРҚУҒА ЖІБЕРУ ТӘРТІБІ
Қой отарлары белгіленген тәртіп бойынша тұқымына, жасына, жынысына, жүнінің өсіп жетілуіне қарай қой қырқу пунктіне кемінде бір күн бұрын айдап әкелінеді. Бұның себебі, біріншіден, қойды тынықтыру, екіншіден, жауын бола қалса, жүнін суға тигізбей сарайға кіргізу, үшіншідей, қырқым жұмысын үзбей жүргізу үшін қажет. Қырқуға әкелінген: қойдың жүні таза болуға тиіс. Егер қырқуға әкеле жатқанда қой жаңбыр астында қалып, жүні дымқылданса, әбден кептіріп барып қырқу керек. Өйткені ылғал тартқан жүн көп сақтауға жарамай тез қызып, бүлінеді.

Қырықтықшыларды іске дағдыландыру мақсатымен ірі қой шаруашылықтарында ең алдымен жүнінің құны төмендеу 2—3 отар қой қырқылады. Одан кейін қыста қоздаған саулықтар, тұсақ, бойдақ қойлар, көктемде қоздаған саулықтар мен қошқарлар қырқылады. Саулықтар сақман бойынша қырқылады, қозылардың жасына қарай саулықтарды қырқу марқа қозылар сақманынан басталады. Тұқымдық қошқарларды және басқа да аса құнды қойларды қырқу неғұрлым тәжірибелі қырықтықшыларға тапсырылады. Егер шаруашылықтағы қой тұқымы әр түрлі болып келсе, бірінші кезекте қылшық жүнді, одан соң будан қойды, ең соңында биязы жүнді қойларды қырыққан жөн. Әр текті жүннің бір текті жүнге қосылып кетпеуі үшін қылшық жүнді және биязы жүнді қойларды бір мезгілде бір жерде қырқуға болмайды, себебі жүннің технологиялық сапасы төмендеп, бағасы кемиді. Мысалы, ірі қылшық араласқан биязы жүннің бағасы 15 процентке кемиді.

Қырқуға жіберер алдында қойға 10—14 сағат бойына азық, су берілмейді, ал неғұрлым жүні бағалы қойларға бір тәулік шамасы азық берілмейді. Тоқ және тоя су ішкен қойлар әсіресе ыстықта қырқуды көтере алмайды, тіпті қырқу кезінде оқыс қайшылардың әсерінен қойдың асқазан органдары қабынып, өліп қалатыны да кездеседі. Ал қойды ашықтырған жағдайда оның ішек-қарыны босайды да, қырқылған жүннің құмалақпен және несеппен ластануы азаяды. Қойды ұзақ уақыт тым ашықтырып жіберуге де болмайды, өйткені қойдың қарны қабысып, қырқу жұмысы қиындайды.

Қотыр және басқа жұқпалы аурулары бар қойларды қырқу жұмысын, олардың сол бағылатын жерінде бөлек пунктте ұйымдастырған дұрыс. Олардың жүнін де басқа қырықтықшылар қырқады, себебі олардың киімдері немесе басқа да заттар араласпау қойларға жүғуы мүмкін. Бұл қойлардан алынған жүн ұқыпты түрде жеке қапталып, бөлек өткізіледі.


Есте сақтайтын сөздер

Қой


Қой қырқу

Жүн


Қылшық

Жұқпалы ауру


ТӨРТІНШІ САБАҚ

ЛЕКСИКА

Лексика (грек. «сөздік қор»-тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы.

Лексикология-тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейді.

Лексика мына тақырыптарды зерттейді:

  1. жалпы қолданыстағы сөздер;

  2. қолдану аясы шектеулі сөздер;

  3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;

  4. сөз мағыналары;

Жаңа сөз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет