Халықаралық факторлар. Көпшілік ірі фирмалар мен мыңдаған ұсақ компаниялар халықаралық нарықта жұмыс істейді. Осыған орай біршама кең ортадағы өзгерістерді тұрақты бақылап, бағалап отыруға қажет.
Бәсеке факторлары. Профессор Портер мұндай объектіні талдауды, бәсекелесуші ретінде, басшы мынадай сұрақтарға нақты жауап беруі тиіс деп есептейді: «Бәсекелесушіге не қозғау салады?». Бәсекелесушілерді талдауға төрт диагностикалық элемент қатысады:
1. бәсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау;
2. бәсекелесушілердің ағымдағы стратегиясын бағалау;
3. бәсекелесушілерге қатысты саланың, сонда жұмыс істейтін компанияның алғышарттарына шолу;
4. бәсекелесушілердің күшті және осал жақтарын мұқият зерттеу.
Басшылардың осы элементтерді мұқият зерттеуіне көмектесу үшін Портер төрт сұрақ ұсынады:
1. Бәсекелесуші өзінің қазіргі жағдайына қанағаттана ма?
2. Бәсекелесуші стратегиядағы қандай өзгеріс қадамын қабылдайды?
3. Бәсекелесушінің осал жері қандай?
4. Бәсекелесуші жақтан қандай ірі және неғұрлым тиімді шаралар килігуі мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |