Сабақтың тақырыбы : Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі



Дата25.06.2017
өлшемі69,76 Kb.
#19919
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен

болған көтерілісі (1783-1797 ж.ж.).




Сабақтың мақсаты:

а) білімділік

Студенттерге Сырым Датұлы жайлы айта келіп, ол бастаған көтерілістің алғышарттарына, қозғаушы күшіне, аумағына, көтерілістің мақсатына тоқталып, жаңа сабақты меңгерту.







ә) дамытушылық

Студенттердің өз ойларын еркін жеткізе отырып, тақырыпқа байланысты материалды қолдана отырып жетілдіру.







б) тәрбиелік

Студенттерді еңбекқорлыққа, адалдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.




Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары: С.Датұлының суреті, сатылай кешенді талдау сызбасы,

электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақ мына жоспар бойынша түсіндіріледі.



  1. Көтерілістің алғышарттары

  2. Көтерілістің басты қозғаушы күші

  3. Көтерілістің аумағы

  4. Көтерілістің басты мақсаты

  5. Көтеріліс басшысы

  6. Жеңілу себептері

  7. Тарихи маңызы

  8. Көтерілістің нәтижесі

Әр тақырыпшаны түсіндіру барысында суреттер, дәлелдер қолданылып, сол

уақытта студенттер дәптерлеріне керектісін жазып алады.

1. Көтерілістің алғышарттары:


  • Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі;

  • Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметі саясатын қолдамауы

  • Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы;

  • 1744ж. құрылған Орынбор губерниясы таратылды;

  • Орыс помещиктері мен Жайық казак әскері зомбылығының күшеюі.

2. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.


3. Көтеріліс аумағы – Еділ-Арал теңізі.
4. Көтерілістің басты мақсаты:

  • Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру;

  • Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату;

  • Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою.

5. Көтеріліс басшысы – Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802 ж.ж.).

Сабақтың осы тұсынан бастап сатылай кешенді талдау сызбасы іске асады.


СЫРЫМ ДАТҰЛЫ


1. 1775 ж. Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы

А.Суворов граф Панинге жазған хатында (1175ж. 22 маусым): «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.

2. 1778 ж. – Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.

3. 1783 ж. күзі – батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.

4. 1783 ж. желтоқсан – Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.

5. 1784 ж. көктемінде Нұралы хан Сырымды тұтқыннан босаттырды.

6. 1784 ж. маусым – Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.

7. 1784 ж. қараша – Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.

8. 1797 жыл – Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Хиуа хандығына өтіп кетті.

9. 1802 ж. – Хиуада қайтыс болды.
6. Жеңілу себептері:


  • Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық;

  • Руаралық қайшылықтар;

  • Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы;

  • Қару-жарақтардың аздығы;

  • Сырымның көтерілстің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.

7. Тарихи маңызы:

    • Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс;

    • Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді;

    • Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді;

    • Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.

8. Көтерілістің нәтижесі:



      • 1801ж. 11 наурызда патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

Қазіргі кездегі Сырым: - Батыс Қазақстанда Сырым ауданы бар, Орал қаласында, аудан орталығында Сырым Датұлына ескерткіш орнатылған. Орал қаласында мұражай бар.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Дәптермен жұмыс. Сатылай кешенді талдау сызбасын сызып алып талдау.

2. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

1-карточка. Отаршылдыққа қарсы Кіші жүз қазақтарының наразылығы қашан басталды?

2-карточка. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қашан болды? Оған қазақтар неліктен қатысты?

3-карточка. Сырым Датұлы бастаған қозғалыстың негізгі себептері мен қозғаушы күштерін ашып көрсет.

4-карточка. Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер, патша әскері және оларды қолдаушылар арасындағы негізгі шайқастар туралы айтып, ол жерлерді картадан көрсет.

5-карточка. Сырымнан басқа осы қозғалысқа белсене қатысқандардан кімдерді білесің, олар қандай қызмет атқарды?

6-карточка. Көтеріліске қатысушылар арасында неліктен жік туа берді?

7-карточка. Көтеріліске қарсы шыққан, оған кедергі келтірген қазақтардан кімдерді білесің, олар неліктен бмұндай әрекеттерге барды?

8-карточка. Көтерілістің жеңілу себептерін талдап көрсет. Сенің ойыңша бұл көтеріліс қандай жағдайда жеңіске жетер еді?

9-карточка. 1783-1797 жылдардағы бұл қозғалыстың қандай тарихи маңызы бар?
3. Ассоциация әдісі. Сырым Датұлының бейнесі жан-жақты ашылады.



Тарихи сынақ хат.

Сырым Датұлы Кіші жүздің он екі ата __________ бірлестігінің ___________руынан шыққан. ________ жылы көтерілісшілер хан ордасына шабуыл жасап, ___________
ханды өлтірді. С. Датұлы бастаған көтерілістен кейін патша үкіметі __________ мен __________аралығында мал жаюға рұқсат етті. ________ жылы Жайық өзенінің оң жағалауында ____________құрылды.
Тест жұмысы.

1. Сырым Датұлы ел ішінде қандай қызмет атқарды?

А) Кіші жүздің аға биі

В) Байбақты руының старшыны +

С) Беріш руының старшыны

Д) Болыс


Е) Әскери губернатор
2. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі:

А) 1775-1787 жж. В) 1783-1787 жж.

С) 1785-1795 жж. Д) 1783-1797 жж. +

Е) 1787-1799 жж.


3. 1778 жылғы Сырым басындағы ауыр жағдай:

А) Балалары қайтыс болды +

В) Казактар тұтқынында болды

С) Қақтығыс кезінде ауыр жарақат алды

Д) Мал-мүлкі өртеніп кетті

Е) Көтеріліс талқандалды


4. 1783-1797 жж. көтерілістің негізгі қозғаушы күші:

А) Старшындар В) Билер С) Ру басылары

Д) Қазақ шаруалары + Е) Батырлар
5. Көтерілістің басты мақсаты:

А) Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалануды қалпына келтіру +

В) Казактардың қазақ жерлерін басып алуын тоқтату

С) Нұалы ханның озбырлығына шек қою

Д) Жоғарыда аталғанның бәрі

Е) Сырымды хан көтеру


6. 1784ж. қарашада Сырым тобындағы көтерілісшілер саны:

А) 1000-нан астам+ В) 900-дей С) 1500-ға жуық

Д) 2000-дай Е) 500-ден астам
7. С.Датұлы көтерілісшілерінің саны 7 мыңға жеткен жыл:

А) 1784 ж. В) 1785 ж. + С) 1787 ж.



Д) 1791 ж. Е) 1793 ж.
ІV. Үй тапсырмасы.

  1. Реферат жазып келу.

  2. С. Датұлының шешендік өнері туралы мәлімет жинау.


V. Қорытындылау (студенттерді бағалау).

Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.
Каталог: uploads -> doc -> 116f
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
116f -> Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктер. Сабақтың мақсаттары
116f -> Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасының бастауыш пән бірлестігі
116f -> Қадыр Мырза Әли. Етістіктің болымды, болымсыз түрі
116f -> Сабақтың тақырыбы: Абай -дана, Абай дара Сабақтың мақсаты
116f -> Тақырыбы: спид – ХХІ ғасыр індеті. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет