Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба


Бірінші және екінші қажеттілік



бет101/141
Дата25.12.2021
өлшемі318,94 Kb.
#105024
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   141
Байланысты:
кадр менедж оәк
5-14, 6-21, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, апталық цикл 2019-2020, апталық цикл 2019-2020, Есептер, 1 мамыр, XML тілі, 02 Лекция по менеджменту КО, тхнг 12 саг, Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері., 1590129643
Бірінші және екінші қажеттілік
Жұртқа мәлім, адамдарда мұқтаждық қажеттілікті тудырады. Адамдар нендей бір физиологиялық немесе психологиялық жетіспеушілікке тап болғанда, қажеттілікті сезінеді. Қажеттілік бірінші және екінші болып жіктеледі.
Бірінші қажеттілік өз табиғатында физиологиялық болып саналады жәнеде, әдетте, тумыстан пайда болады. Бұған мысал ретінде тамаққа, суға, ауа жұтуға, ұйықтауға, жыныстық қарым-қатынас жасауға қажеттіліктер жатады.
Екінші қажеттіліктің табиғаты психологиялық. Мәселен, табысқа жетуге, өзін құрметтеуіне, үйірсектікке, билік етуге, бір нәрсені қажетсінуге құштарлық.
Бірінші қажеттілік генетикалық негізде, ал екіншісіөмір тәжірибесі арқылы қаланады. Адамдарда тәжірибенің жинақталуы алуан түрлі болатындықтан, екінші қажеттіліктің біріншіден едәуір айырмашылығы болады.
Қажеттілік әрекет етуге себепші болады. Адам қажеттілікті сезіне бастағанда, онда талаптану күйі сезілді. Талаптану – бұл бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, белгілі бір мақсат көздеу. Бұл мінез-құлықтағы қажеттілік көрінісі, әрі мақсатқа жетуниеті болып саналады. Осы тұрғыдан қарастырғанда мақсат – бұл қажеттілікті қанағаттандырудың өзіндік әрекеті. Адам өз мақсатына жеткен кезде, оның қажеттілігі не қанағаттанады, не қанағаттанбайтын болады. 14-схемада мінез-құлықтың осындай типі көрсетілген.
Мотивация үшін таңдаулы деген бір ғана әдіс болмайды, адамдардың біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен, екіншісіне түкке жарамауы мүмкін.. Жұмыстың өзара тәуелділігі, жекелеген адамдардың жұмыс нәтижесі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі, технологияның жетілдірілуінен қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі – осының барлығы мотивацияны күрделендіре түседі.
Қажеттілік (бір нәрсенің жетіспеу-шілігі)
Талаптану немесе мотивтер
Мінез –құлық (әрекет)

Мақсат


Қажеттілікті қанағаттандыру нәтижесі

  1. Қанағаттандыру

  2. Ішінара қанағаттану

  3. Қанағаттанбау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет