ОқУ – Әдістемелік материалдары


БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ



бет224/239
Дата05.02.2022
өлшемі3,78 Mb.
#17541
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   239
4 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары
Негізгі бөлімде студенттің оқытушының басқаруымен жасайтын өздік жұмысы (БОӨЖ) және студенттің өздік жұмысы (БӨЖ) және дене тәрбиесін орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.
Студенттердің дене шынықтырумен өздігінен шұғылдануы дене тәрбиесі үрдісін басты маңызды формасы болып табылады. Бұл ең алдымен дене тәрбиесі сабағынын сағат саннын жалпы көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттердің дене шынықтыру жаттығуларын өздігінен жасауы дене тәрбиесін студенттердің күнделікті өмірлеріне кіргізу жөніндегі көптеген мәселелерге жауап беруде маңызды рөль атқарады. Сабақтарды жүйелі түрде өткізу есебінен студенттердің денсаулығы нығайтылады, олардың физикалық мүмкіндігінің деңгейі артады, «Президенттік тестілерге» сүйеніп және оған байланысты құрастырылған аралық және қортынды бақылаулардың тестілік жаттығуларын орындауға дайындығы артады.
Өздік жаттығулар дене тәрбиесі амалдарына неғұрлым зерделі және ынталы көзқарастарды дамытады, арнаулы әдістемелік дағдыларды қалыптастырады, осының барлығы болашақ жас маманның өндірістегі қызметіне жақсы ықпал етеді.
Студенттердің дене тәрбиесінен өздік жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу арнаулы шарттармен тығыз байланысты. Жаттығулардың кешенін өздігінен орындау өз бетімен жасай беру, тек қана жақсы нәтижелерге жеткізеді деген жаңсақ пікір қалыптаспау керек. Бұл бағытта жұмыс жасау оқытушы жақтан жүйелі және білікті әдістемелік нұсқауын талап етеді.
Қазіргі кезде дене тәрбиесінен өздік жаттығуларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі, өкінішке орай нашар құрастырылған. Осы арада аса маңызды мәселелер өздік жаттығуларды бақылау болып табылады, арнаулы тестілерді жинақтарында көрсетілуі керек, өздік жаттығулардың ықпалының нәтижесінде физикалық сапалардың даму динамикасы және ағзаның функционалды жағдайлары туралы аса маңызды ақпаратты беруші.
Бұл бөлімде студенттердің дене тәрбиесі бойынша өздік жаттығулардың нәтижелері әдебиеттер мәліметтері, жеке эксперименттік зерттеулер негізінде беріледі. Дене тәрбиесі бойынша БӨЖ келесі бағыттарда жүргізілуі қажет:
1. Денсаулықты сақтау және нығайту;
2. Жетілмей қалған физикалық сапаларды дамыту;
3. «Президенттік тестілерді» орындауға дайындық
Басты назарды студенттердің өздік жұмыстың маңыздылығын түсінуге және оларға деген саналы көзқарасына айналдыру қажет. БӨЖ-тың тапсырмасы барлық топқа жалпылама, дифференциялды және де топтан қалып қойған немесе керісінше, жеке кейбір жаттығуларды жетілдіруге қызығушылық танытушы жеке студенттер үшін – жеке дара болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет