Спорттық ойындардан тәжірибелік блоктың мақсаты шабуылдағы және қорғаныстағы ойынның тәсілі мен тактикасын үйрену болып табылады. Жаттығу мен екіжақтық ойын.
1 – Апта 1-2. Теориялық бөлім. Дене тәрбиесі сабағындағы қауіпсіздік ережесі. Жарақаттану себебі. Жарақат сипаты мен оларды емдеу. Сабақ өтетін орынға қойылатын талаптар. ЖОО-да дене тәрбиесі оқу пәні ретінде. Дене тәрбиесі қоғам өмірінде әлеументтік құбылыс ретінде. Тәжірибелік бөлім. Арнайы жүгіру жаттығуларына үйрету. Жылдамдық қасиеттерін жетілдіру. Төменгі сөре жылдамдық тәсілдерін үйрету. Түзу жүгіру тәсілін үйрету. Баяу жүгіру 10-12 мин. ЖДЖ қозғалыста және орында тұрып.
Арнайы жүгіру жеңіл атлетика жаттығуы:
а/ жанбасты биік көтеріп жүгіру 2х30 м;
б/ сирақты артқа сермеп жүгіру 2х30 м;
в/ жүгіргенде адымдап секіру 2х30м;
г/ көп ыршу 2х30м;
д/ кібіртектеп жүгіру 2х30м.
Жылдамдықты артыру 4х30м., 4х60м.
Басаңсу кезінде демалу жаттығулары.