ОқУ – Әдістемелік материалдары


Орнында тұрып ұзындыққа секіру тәсілдерін үйрету



бет13/239
Дата05.02.2022
өлшемі3,78 Mb.
#17541
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   239
Орнында тұрып ұзындыққа секіру тәсілдерін үйрету.
1. Орнында тұрып секіру тәсілдері туралы айтып беру.
Б.қ. тік тұру, аяқты алшақ қою, қолды артқа ұстап, жартылай отырып тұру. Алдыға ұмтылғанда қол алдыға түседі, секіргеннен кейін секіруші аяғын тізеден бүгеді, тізесін кеудесіне жақындатады, денесін алдыға еңкейтеді. Бұл кезде қолдар төмен түсіріледі. Секіруші жерге түсерде бүгілген аяғын жазады. Кешен. қимылдағы қолды, төмен артқа түсіреді. Өкшемен құмға тигеннен кейін, аяқты тізеде бүгеді (жерге түсуді жеңілдету үшін). Толық отырып, бөксені алдыға жіберіп, секіруші барлық денені сызықтан өткізеді.
2. Итерілу тәсіліне үйрету.
Итерілгенде аяқ қимылын келтіру. Табан толығымен жерге тиіп тұрады, аяқ тізеден бүгіледі. Жаттығушы аяғын жазып, табанымен жоғары көтеріліп, бөксесін алдыға жібереді. Қол жоғары алдыға көтеріледі.
3. Ұшу және қону тәсіліне үйрету.
1. Жартылай отырып оң және сол аяқта секіру және аяқты түзетіп алдыға орнын ауыстыру.
2. Екі аяқпен итеріліп, орнында тұрып ұзындыққа секіру, гимнастикалық
төсеніш үстінен (биіктігі 60-70см) итеріліп, жинақталып және аяқты түзетіп бөксеге секіріп түсу.
3. Орында тұрып ұзындыққа секіру, итеріліп, жинақталып және отыра қалу.
4. Екі аяқпен итеріліп, жинақталып,орнында тұрып, жоғары секіру.
5. Орнында тұрып көп секіру, екі аяқпен итеріліп, түзу аяқпен алдыға – жоғары бөксе деңгейінде.
6. 30-40 см биіктіктегі затқа тіреліп, таянып жатқан қалыптан қозғалғанда аяқты тартып, арттан таяну қалпына ауысуда аяқ қозғалысы және топтастыруға еліктеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет