б) баскетбол: ойынның әдіс – тәсілдері, оқу ойыны; Мақсаттары:
1. 4-1 аралас қорғалу жүйесіне үйрету.
2. Жеке дара тактикалық әрекеттің және топтық әрекеттестіктің «қиылысуды» жылдам алдыға жаруда жетілдіру.
3. Арнайы төзімділікті дамыту.
Құрал - жабдық — баскетбол доптары, толтырылған, теннистік, скакалкалар, құмен толтырылған қап (10 кг дейін), штангадан блины (10 кг дейін).
Дайындық бөлімі.
Сабақты ұйымдастыру. Кәдімгідей жүру, жартылай отырып тұрып, қолдарды иық буындарында, аяқ ұшында, өкшеде айналдыру— 5 мин. Әр түрлі жүгіру (кәдімгідей, арқамен алдыға, бүйірмен, бағыт өзгертіп, жылдамдық артырумен, тоқтау мен айналуларды сәйкестендіріп)
Жұппен жалпы дамытушылық жаттығулар:
1. Қолдарды бір – бірінің иықтарына қойындар және алдыға қарай денені ию.
2. Бастапқы қалыптан, бір біріне беттеріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап, еденге отыру және тұру т.б.
3. Бір біріне арқамен тұрып, қолдар жан-жаққа, серіктесінің алақандарын ұстап алып, денені шет жақтарға айландыру.
4. Тура сол, денені шет жақтарға бүгу.
5. Бір біріне арқамен тұрып, қолдарды шынтақтардың астынан басып алып, серіктесің көтерумен кезек-кезек алдыға қарай иілу.
6. Едеңде отырып, денені алдыға қарай ию, қолдармен аяқтың ұшына жету. Серіктестер қолдармен арқа жақтан көмектеседі.
7. Бір бірінің қолдарынан ұстап, бір уақытта бір аяқта атырып тұру.
8. Бір бірімен арқамен жартылай отырған қалыпта , қолдарды шынтаққа дейін ұстап алу, секірістердің астына оңға, солға, алдыға, артқа.
9. Жеңіл жүгіріс, жүріс.
Негізгі бөлім.
I. Аралас қорғану тәсілінің жүйесіне үйрету 4-1.
1. Айналысушылар 5 адамнан екі командаға бөлінеді және бір жарта келесі жаттығуды орындайды:
а) қорғалуды аймақтық принципте орналастыру, 4 ойыншы доптың берілгенің соңынан ілеседі, шабуылшылар бір біріне беретін. Бесінші қорғаушы дербес бір шабуылшыны жебейді, оларға допты алуына кедергі жасайды;
б) тура сол, бірақ шабуылшылардан бір ойыншы ғана себетті шабуылдай алады, дербес бір қорғаушыларды жебейді;
в) ойын 5x5 алаңның бір жартысында, қарғануда аралас 4-1 қорғаныс жүйесін қолданып.
II. Топтық әрекеттестіктерінде «қиылысу» және «допты тапсыр, шық» және жеке дара әрекетті кезінде жоғарыда көрсетілген әрекеттестіктердің сандық көрсеткіш жағынан тең болғанда лезде жарып өту шарттарын жетілдіру. Айналысушылар тең жұптарға бөлінеді және залдың орталығында орналасады. Әр бір жұпта доп бар. Бір жұп қорғаушылардың рөлін атқарады, себеттің астында орналасады. Шабуылшылар себетке шабуылдайды, жоғарыда көрсетілген әрекеттестіктерді пайдаланып. Шабуыл сәтті болса, шабуылшы өзінің рөлін сақтайды. Шабуыл сәтсіз болса, олар қорғаушыларға айналады, ал қорғаушылар олардың орынын шабуылда болады.
Екі себетке кезек-кезек допты лақтыру жаттығуы орындалады.
III. Айыппұл допты лақтыру тәсілін жетілдіру.
Айналысушылар айыппұл доптарды жұппен (бірінші мүлт кеткенге дейін) орындайды.
Мақсаты – сақинаға мейлінше көп рет допты тигізу.
IV. Арнаулы төзімділікті дамуы үшін жаттығу (ауқымды әдіс):
1 станция. Қайталап жүгіру.
2 станция. Толтырылған допты беру.
3 станция. Екі аяқпен серпіліп топтамалық секірістер.
4 станция. Қабырға таянып тұрып білекпен итерлу.
5 станция. Секірісте доптың қалқанға тигізу.
6 станция. Ауыр салмақты затпен оң, сол жақпен қозғалу (штанганын блинылары, құммен толтырылған қап – 10 кг дейін).
7 станция. Екі қолмен кеудеден допты бергендей сынай таныту, ауыр салмақты затпен (толтырылған доп, штанганын блины – 5 кг).
8 станция. Скакалкамен секірістер.
Жұмыстың режимі: 15 сек. жұмыс, 45 сек. тынығу. Шеңбер айналу арасындағы аралық 5мин. 3 айналып өту.