Кеден қызметкерлері жұмыс істейтіндер (автокөлікті қарау; тосқауылда тұру, қашқынды ұстау; шекарада қызмет ету; қызмет ауданнын ауыстыру т. б.) жоғары және төмен температураларға, температураның күрт өзгеруі сияқты жағдайларға төзімділікті тәрбиелеу үшін ағзаны шынықтыратын келесі жаттығулардың түрлерін ұсынуға болады.
Жылдың суық мезгілінде жеңіл киімде таза ауада 40 – 90 минут сабақ өткізу.
30о дейінгі жоғары температурада таза ауада сабақ өткізу.
25 о С – тан жоғары температурада алысқа жүгіру, баскетбол, қол добын, футбол, регби ойнау.
Нысанаға жалаңаш қолмен қар түйінділерін лақтыру. Сонымен қатар ағзаны ыстық – суық душ, ванна қабылдау және басқа да су процедура түрлерімен шынықтыру қажет.