Физикалық жетілу – жеке дара физикалық қабілеттіліктің жоғары даму
деңгейін білдіретін физикалық білімі және тәрбие үрдісі.
Әр бір тарихи дәуірге адам денесінің кемелдігі туралы өзіндік түсінік тән,
осы мінсіз бейнеде адамдардың экономикалық және әлеументтік дамуы және олардың өмірге деген көзқарастары бейнеленеді.
Дене кемелдігіне жетуге жататын көрсеткіштер: денсаулық деңгейі, дене
дайындығы, шығармашылық ғұмыры.
Дене тәрбие – педагогикалық үрдіс педагогикалық ықпал етумен және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде жеке физикалық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Дене тәрбие үрдісінде педагогикалық ықпал ету, сонымен қатар өз бетінше жаттығу кезінде күш салуды, физикалық сапаның жетілуін қарастыру керек, қимыл-қозғалыс әрекетіне үйрету және қоғамдық білімін қалыптастыруға бағыт беру қажет.
Дене тәрбиесі үрдісі кезінде келесідей міндеттер орындалады:
сауықтандыру;
білім беру.
Дене тәрбиесіннің жүйесі негізделетін жалпы принциптері, төменгідегідей: тұлғаны жан – жақты бірқалыпты жетілдіру принципі, физикалық тәрбиені еңбек және қорғаныс тәжірибесімен ұштастыру арқылы тәрбиелеу принципі, сауықтыру бағытындағы принцип.
Дене дайындығы – ағзаның шыныққандық жағдайын бейнелейді, оттегін тасымалдауын және қанайналымының айналуын қамтамасыз етеді (яғни өкпе, жүрек, тынысалу және жүрек-қантамырлар жүйесін).
Достарыңызбен бөлісу: |