Критериалды бағалау – оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.
Сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен , бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |