Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Параграф 2. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет148/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Параграф 2. Оқыту мақсаттарының жүйесі

13. Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.1.2.1. кодында «10» – сынып, «1.2» – бірінші бөлімнің екінші бөлімшесі, «1» – оқу мақсатының реттік саны.


14. Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
1) Компьютерлік жүйелер



Білім алушылар міндетті

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1. Бұлттық технологиялар




11.1.1.1 бұлтты технологияның не екенін түсіндіру
11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

2. Ақпараттық қауіпсіздік

10.1.2.1 «ақпараттық қауіпсіздігі», «құпиялылық» және «тұтастық» терминдерінің мағынасын түсіндіру
10.1.2.2 қауіпсіздік шараларын, оның ішінде түсініктерді сипаттаңыз: деректерді резервтік көшіру және шифрлау
10.1.2.3 әртүрлі сәйкестендіру әдістерін қолдануды дәйектеу

11.1.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 2003 жылғы 7 қаңтарғы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу
11.1.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау
11.1.2.3 электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану

2) Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру





Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1. Дизайн теориясы

10.2.1.1 «дизайн», «қолдану» ұғымдарын түсіндіру
10.2.1.2 түрлер бойынша көрнекі дизайнды жіктеу
10.2.1.3 ақпараттарды қабылдау принциптері жобада қалай іске асырылатынын түсіндіру
10.2.1.4 «жақсы дизайн» қағидаттарын іске асыру (ыңғайлылық, қарапайымдылық және т.б.)
10.2.1.5 сурет файл форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру
10.2.1.6 графикалық файлдарды түрлендіру қажеттілігін түсіндіру
10.2.1.7 Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактор арқылы сайттың дизайн-макетін жасау




2. Бейне контенттер құру

10.2.2.1 бейнемонтаж және бейнежазбаның негізгі қағидаларын қадағалау
10.2.2.2 бейне клиптерді өз сценарийіңізге сәйкес өңдеп, дыбыстарды, суреттерді, әсерлерді, өтулерді және мәтінді қосу
10.2.2.3 бейнемен жұмыс істеу үшін бағдарламалардың мүмкіндіктерін салыстыру




3. Веб-жобалау

10.2.3.1 сайттар конструкторын қолданып веб-сайт жасау
10.2.3.2 мультимедианы веб-бетте орналастыру (дыбыс және бейне)
10.2.3.3 веб-сайтты насихаттау әдістерін сипаттау
10.2.3.4 сайтты жариялау үшін файлды алмастырғышты пайдалану




4.3D - модельдеу



11.2.4.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру
11.2.4.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту
11.2.4.3 бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

3) Ақпараттық процестер және жүйелер





Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1. Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер

10.3.1.1 Машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
10.3.1.2 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау
10.3.1.3 Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмысын түсіндіру

11.3.1.1 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

4) Қосымшаларды әзірлеу





Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1. Мобильді қосымшалар




11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру
11.4.1.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау
11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

2. IT STARTUP (ай-ти стартап)




11.4.2.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау
11.4.2.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сипаттау
11.4.2.3 өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау
11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)

15. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


16. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша қосымшада берілген Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет