Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет170/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

2-тоқсан

3.2 Көміртек және оның қосылыс-тары

Бензол

11.3.2.9 - бензолды алу реакцияларының теңдеулерін құру;

Көмірсутектердің табиғи көздері.
Қазақстанда өнімді өндірудегі, өңдеудегі экологиялық аспектілер

11.3.2.10 - көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу;
11.3.2.11 - шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аясын білу;
11.3.2.12 - қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну;
11.3.2.13 - көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу;

Жасанды және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, Қазақстандағы полимерлер өндірісі.
Көрсетілім № 6 «Пластмассалар,синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру».

11.3.2.21- кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау;
10.3.2.22 химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
11.3.2.23 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау

3-тоқсан

3.2 Көміртек және оның қосылыс-тары

Біратомды және көпатомды спирттер.
№ 2 зертханалық тәжірибе «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу»
№3 зертханалық тәжірибе: «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»

11.3.2.14 - спирттердің алу жолдарын білу;
11.3.2.15- спирттер қолдану аясын атау;
11.3.2.16 - спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу

Карбон қышқылдары Сабын және жуғыш заттар.
№3 көрсетілім: «Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау»



11.3.2.17 - карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.3.2.18 - карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.3.2.19 - карбон қышқылдары, сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау;
11.3.2.20 - синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну;

4.1 Биохимия

Майлар.



11.4.1.1 - майлардың құрамы мен құрылысын білу;
11.4.1.2 - майлардың функциясын түсіну;
11.4.1.3 - майларға сапалық реакция жасау;
11.4.1.4 - майлардың гидролиз өнімдерін атау;

Көмірсулар
Глюкоза. Фруктоза
Сахароза.
Крахмал. Целлюлоза.
Зертханалық тәжірибе № 4 «Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау»

11.4.1.5 - глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру;
11.4.1.6 - крахмалға сапалық реакцияны жасау;
11.4.1.7 - сахароза гидролизінің реакция өнімдерін атау;
11.4.1.8 - крахмал мен целлюлозаның қасиеттерін салыстыру;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет