Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру(төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет186/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

3 Тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру(төмендетілген оқу жүктемесімен)
Параграф 1. «Физика» пәнінің оқу процесін ұйымдастыру
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

18. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі (төмендетілген оқу жүктемесімен):



  1. 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
19. Оқу пәнінің мазмұны 9 бөлімді қамтиды:

  1. механика;

  2. молекулалық физика;

  3. электр және магнетизм;

  4. тербелістер;

  5. толқындар;

  6. оптика;

  7. кванттық физика;

  8. нанотехнология және наноматериалдар;

  9. космология.

20. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. кинематика;

  2. динамика;

  3. статика және гидростатика

  4. сақталу заңдары;

  5. гидродинамика.

21. «Молекулалық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. молекулалық физика;

  2. газ заңдары;

  3. термодинамика негіздері;

  4. сұйық және қатты денелер.

21. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. электростатика;

  2. тұрақты ток;

  3. әртүрлі ортадағы электр тогы.

  4. магнит өрісі;

  5. электромагниттік индукция.

22. «Тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. механикалық тербелістер;

  1. электромагниттік тербелістер;

  2. айнымалы ток.

23. «Толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
электромагниттік толқындар.
24. «Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. толқындық оптика;

  2. геометриялық оптика.

25. «Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
26.Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Кинематика». Дене қозғалысы кинематикасының негізгі теңдеулері мен графиктері; салыстырмалы қозғалыс, қисық сызықты қозғалыс кинематикасы;
2) «Динамика».Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; гравитациялық өрістегі дене қозғалысы;
3) «Статика және гидростатика». Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері, қатынас ыдыстар; Паскаль заңы, атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі.
4) «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс және энергияның сақталу заңдары, серпімді және серпімсіз соқтығысулар;
5) «Гидродинамика». Газдар мен сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы, денелердің тұтқыр сұйықтағы қозғалысы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу»;
6) «Молекулалық физика».Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары, термодинамикалық параметрлер; кристалл және кристалл емес заттар, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың моделі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі;
7) «Газ заңдары». Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс;
8) «Термодинамика негiздерi». Идеал газдың ішкі энергиясы, термодинамикалық жұмыс, жылу мөлшері, жылусыйымдылық, термодинамиканың бірінші заңы, термодинамиканың бірінші заңын әртүрлі процестерге қолдану, адиабаталық процесс, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары;
9) «Сұйық және қатты денелер». Қаныққан және қанықпаған бу, ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі, сұйықтың беттік керілуі, жұғу, қылтүтіктік құбылыстар;
10) «Электростатика». Электр заряды, Кулон заңы, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс, электрсыйымдылық; конденсаторлар; сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр өрісінің энергиясы;
11) «Тұрақты ток». Электр тогы, ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы, электр тогының жұмысы мен қуаты, ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті, пайдаланылған энергия құны;
Практикалық жұмыс: «Тұрмыстық құралдардың тұтынатын қуаты мен жұмысын есептеу»;
12) «Әртүрлі ортадағы электр тогы». Металдардағы электр тогы; асқын өткізгіштік, жартылай өткiзгiштердегi электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы, электролиз заңы, газдардағы және вакуумдегi электр тогы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: «Электролиттердегі электр тогының пайда болуын зерттеу»;
13) «Магнит өрісі». Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері, Ампер тәжірибесі, магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері; жасанды магниттер; соленоид;
14) «Электромагниттiк индукция». Магнит ағыны, электромагниттiк индукция, электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы;
27. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Механикалық тербелістер». Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері;
2) «Электромагниттік тербелістер». Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық;
3) «Айнымалы ток». Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану;
№ 1 Зертханалық жұмыс: «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»;
4) «Электромагниттік толқындар». Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;
5) «Толқындық оптика». Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»;
№ 3 Зертханалық жұмыс: «Поляризация құбылысын бақылау»;
6) «Геометриялық оптика». Геометриялық оптика заңдары, жазық-параллель пластинадан шағылу, толық ішкі шағылу; оптика-талшықты тасымалдаушылар, оптикалық құралдар;
№ 4 Зертханалық жұмыс: «Шынының сыну көрсеткішін анықтау»;
7) «Атомдық және кванттық физика». Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; электромагниттік сәулелену шкаласы; фотоэффект; фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; лазерлер; голография; фотография; томография;
8) «Атом ядросының физикасы». Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;
№ 5 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыырау периодын анықтау»;
9) «Нанотехнология және наноматериалдар». Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар;
10) «Космология». Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; қара құрдым; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет